Едіге бидің билік тасы

XVIII ғ. Бұл нысан Далба тауларында, Мұрынтал ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 2–3 км қашықтықта орналасқан (Павлодар облысы, Баянауыл ауданы). Едіге бидің билік тасы – қарама-қарсы орналасқан екі қойтастан тұратын табиғи нысан.

Едіге би қазақ қоғамының атақты биі болған. Орта жүздің Арғын тайпасы Айдабол руы Жанқозы тармағынан тарайды. Оның атасы Айдабол би – Қазақ хандығының біртуар биі. Едігенің әкесі – атақты Төлебай батыр.

Едіге бидің қанатты сөздері мен атаулы істері, бидің шешкен күрмеулі даулары ел жадында сақтаулы. Мысалы, Едігенің үйсін тайпасы арасындағы пікірталасты шешуі, Едігенің Төле бимен әңгімесі, Едіге бидің түсті жоруы, Тоғас бимен құдалығы, Жәңгір ханның ұлы қайтыс болғанда жұбатуы және тағы басқалар туралы аңыз-әңгілемерді жинаушы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жазған.

Едіге күллі Сарыарқаға есімі мәшһүр екі бидің – Шоң мен Торайғырдың әкесі. Шоң би 1833 ж. ашылған Баянауыл сыртқы окургінің алғашқы аға сұлтаны болады. Мәшһүр Жүсіп жазып алған аңыз-әңгіме бойынша, Едіге балалары туғанға дейін олардың тұлғалық қасиеттерін сипаттайтын түс көретін болған. Шоңның дүниеге келер алдында түсінде жемін екі қанатымен бүркеп тұрған қара бүркітті ұстап тұрғанын, ал Қиғара туарда түсінде қырғауылдың қоразын ұстағанын көреді. Торайғыр өмір есігін ашар тұста түсіне дала сұңқары кірген. Сұңқар көлдің үстінен ұшып өтіп, олжамен оралады. Бірақ алған құсын бір шоқымайды. Едіге би бұл түстерін былай жорыды: Шоң қызметін жеке басының пайдасы үшін қолданады, Қиғара тек мал бағуға, шаруашылыққа жақсы болады, ал Торайғыр «адамныңсұ .қары болар!» – деп жорыған екен. Атақты бидің бұл жорамалы дәл келді. Торайғыр әкесі сияқты әділетті, адал би атанып, елге танылады. Қазақтарға қорған бола біледі. Торайғыр би көл жағасында өмір сүріп, кейін бұл көл оның есімімен аталып кеткен.

Ата-бабадан жеткен аңыз бойынша, Мұрынтал ауылы жанындағы үйіліп жатқан ірі қойтастар Едіге бидің билік жүргізетін орны болған. Ол дәл осы жерде істерді қарап, дауларды шешіп, жорыққа шыққан жауынгерлерге бата беріп, кінәліні жазалап отырған. Жергілікті ақсақалдардың айтуы бойынша, Едіге би ақнар түйесіне отырып, осы тастардың үстіне шыққан. Сарыарқа қазақтары Едіге бидің дәрежесін айқындайтын «Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешеді» деген тіркеспен мадақтайды.

Едіге бидің тұлғасы мен халық игілігі үшін қызметі туралы мұралар оған байланысты жерлерге құрмет етуден көрініс тапты. Ертіс өңірінің қазақтары көрікті табиғи аумақта орналасқан және әртүрлі дастан-мұраларға бай қазақ тарихындағы белгілі қайраткерлердің бірі болып табылатын Едіге бидің билік тасын ерекше қастерлеп, киелі жер деп біледі. Бұл жерге Ертіс өңірінің тұрғындары келіп, құран бағыштап жүр. Тарихи-мәдени мұраның осынтай табиғи ескерткіші киелі туризм нысанына айналды. Халық осы тасты киелі ескерткіш ретінде қастерлейді.

Деректер

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. – Павлодар: ЭКО ҒӨФ, 2008. – 12 т. – 363 б. – 77–79-бб.

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. – Павлодар: ЭКО ҒӨФ, 2008. – 11 т. – 360 б. – 198–203-бб.

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Едіге бидің билік тасы
Орналасқан жері Павлодар облысы, Баянауыл ауданы
Мұраның авторлары
Мұраның дереккөздері Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.
Мұра түрі Киелі объектілер
Мұра типі Табиғат ескерткіші