Әулие Қызылтау тауы

Павлодар облысының оңтүстігінде, Баянауыл ауданында, Жуантөбе ауылынан (бұрынғы Угольное а., Ж. Аймауытов атындағы с-з ) оңтүстік-батысқа қарай 18 км жерде орналасқан. Аталмыш нысан жануарлардың сирек кездесетін түрлері мен олардың мекендейтін аймақтарын қорғау мен өсіп-өндіру мақсатында ұйымдастырылған жалпы ауданы 60 000 га Қазылтау табиғи қорығының аумағында орналасқан.

Нысанның киелілігі Павлодар облысының ең жоғары нүктесі болғанына байланысты – теңіз деңгейінен 1055 м биіктікте орналасқан. Осыған байланысты, Әулие Қызылтау атауы жергілікті халықтың санасында ежелгі заманнан бергі табыну нысаны болып табылатын «Әлемдік таудың» архетипімен байланысты. Осы табиғи нысанның киелілігі – рухани жоғарылаудың ерекше әрекеті ретінде оның шыңына шығу салтымен, көтерілудің белгілі бір қиыншылықтары мен оларды жеңу, құрбандыққа шалуды білдіретін мата үзіндісі ретінде естелік белгілерді қалдырумен байланысты.

«Әулие Қызылтау» тауы тас көмір мен перм кезеңіндегі граниттермен қабатталған, үшкір шыңы мен шыңға көтерілуді қиындататын жартастар, жарықтар және шұқырлар болып келген құлама беткейлері бар конус тәрізді пирамидалық пішінге ие. Тасты жердегі шұңқырлардың бірінің аркалық ойық сияқты жасалуы осы жерге ерекше өң беріп, қасиеттілігін арттыра түскен.

Әулие Қызылтау тауы қола мен ерте темір дәуірлерінен бері табыну нысаны болғанын сол заманның көптеген жерлеу ескерткіштерінің оның айналасына шоғырлануы дәлелдейді. Бұл тауды әулие деп санайтын адамдармен қатар, туристердің де табыну мен зиярат ету орны ретінде бүгінгі күнге дейін маңызды болып отыр.

Әулие Қызылтау тауының киелілігі туралы библиография мен архивтік дереккөздер әзірше табылмады, жергілікті халықтың ауыз әңгімелерінде айтылған деректер болашақта жүргізілетін зерттеулерді толықтыра түсетіні анық. 

Ақпарат
Сипаттама
Фото
Мұра атауы Әулие Қызылтау тауы
Орналасқан жері Павлодар облысы, Баянауыл ауданы
Мұраның авторлары
Мұраның дереккөздері Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.
Мұра түрі Киелі объектілер
Мұра типі Табиғат ескерткіші