Ордабасы – халық бірлігінің нышаны

Ордабасы ескерткіші – қазақ халқының біртұтастығының белгісі іспетті. Ескерткіш Бадам өзенінің сол жағалауында, Шымкент қаласынан батысқа қарай 40 км жерде орналасқан. Авторлары: мүсінші А. Мамырбаев және сәулетші Г. Садырбаев.

XVII ғ. 40 ж.ж. басталған қазақ-жоңғар шапқыншылығы ХVІІІ ғасырда жалғасып жатты. 1723 ж. жоңғарлар қазақ әскерлерін ойсырата жеңіп, қазақ хандығының астанасы – Түркістанды алып, Алтайдан Ташкентке дейінгі ұланғайыр аумақты басып алады. Қазақ халқының басына түскен бұл қасіретті заман «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» – деген атпен белгілі (Алқакөл көлінің жағасынан табандарынан тозып, әлсіреген, ақтабан болған халық жаппай көшті). Осындай ел басына күн туған қиын күндерде Бадам өзенінің бойындағы биік төбенің басына Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Жолбарыс хандар, Төле би, Қазыбек би, сонымен қатар Бөгенбай, Қабанбай, Жәнібек, Наурызбай т.б. атақты батырлар құрылтайға жиналып, жоңғар басқыншыларына қарсы күресті басқару үшін бас қолбасшы етіп Әбілқайырды сайлайды. Қолбасшы сайлау кезінде ақбоз ат құрбандыққа шалынып, уәдемізден тайсақ «бозқасқаның қаны атсын» деп анттасады. Батырлар Көк бөрілі байрақты (ежелгі түрік дәуірінен келе жатқан) қайта көтеріп, «жауға ұлтарақтай да жеріміздібермейміз» деп қылыштың жүзін сүйіп серт береді. Сөйтіп, тарихи оқиғамен байланысты аталған жерде Қазақ Ордасының жандануы басталды деп ырымдап, оңтүстік өңірдегі осы биік төбе – Ордабасы (Орда сөзінен шыққан) деп аталып халықтың жадында сақталып қалды. Ордабасыда басталған қазақтың үш жүзінің бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тізе қосқан іс-қимылдарының нәтижесінде қазақ қолы 1721 ж. жоңғарлармен кескілескен Бұланты-Білеуті, 1729–1730 ж.ж. Аңырақай шайқастарында жеңіске жетеді. Ордабасы – халықтың береке-бірлігінің, тәуелсіздігі мен бостандығының нышаны. Содан бері қанша ғасыр өтсе де Ордабасы жерін халық қасиетті деп санайды. Наурыз, Құрбан айт мейрамдарында төбенің басына құрбандық (жылқы малынан) шалып, атап өту дәстүрі болған. Кейінірек ақ патшаның отарлау саясаты, қызыл империяның қысымшылығы кезінде бұл дәстүр ұмытылуға айналған. 1920 ж. ұмытылып бара жатқан Ордабасы тарихын М. Тынышбаев ғылыми түрде дәлелдеді. Қазіргі кезде Ордабасы төбесіне сол кездегі ерлік оқиғалардың болашақ ұрпақтың есінде қаларлықтай стела (28 м) тұрғызылған. Үшқырлы стела ақ мәрмәр тақталарменқапталған. Әрбір қыры Қазақстанның: батысы – Сырдария жағына, солтүстік жағы – Қаратау тауына және оңтүстік-шығысы – Қазығұрт тауына бағытталғандай көрінеді. Стеланың әр қырына әйгілі үш бидің айтқандары жазылған тақтайшалар бекітілген. Мемориал 2001 ж. атақты құрылтайдың 275 жылдығына және Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай тұрғызылады. Сол жерде 1993 ж. Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан президенттерінің мәңгілік достығы туралы шартқа қол қойған мінбе де орналасқан. Қорыққа кіретін орталық қақпаның жанынан пирамида тәріздес музей жайғасқан. Экспозицияның негізін қорық аумағында табылған қызықты археологиялық жәдігерлер құрайды. Әсіресе, сақ ақинағы, сонымен қатар қазақ-жоңғар соғысы барысын жан-жақты көрсететін иллюстрациялық карталар ерекше көзге түседі. Музей қорында 1376 зат сақталған. Музейге жақын жерде тасты құрылыс – Білгетас орналасқан.

Республикалық маңызы бар тарихи- сәулеттік ескерткіш.

Деректер

Қазақстан тарихы. 5-тт. – Алматы: Атамұра, 2002. – 3-т. – 765 б.

Қозыбаев М. Тарихи зерде. 2-тт. – Алматы, 1998. – 1 т. – 340 б.

Сейфуллин С. Шығармалары. 12-тт. – Алма-Ата, 1964. – 6-т. – 460 б.

Тоқтабай А.У. Қазақ жылқысының тарихы. – Алматы: Алматыкітап, 2010. – 497 б.

Тынышбаев М. История Казахского народа. – Алматы: Қазақ университеті, 1993. – 290 с.

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Ордабасы – халық бірлігінің нышаны
Орналасқан жері Түркістан облысы, Ордабасы ауданы
Мұраның авторлары
Мұраның дереккөздері Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.
Мұра түрі Киелі объектілер
Мұра типі Тарихи ландшафт