Мартөбе қаласы

Сайрам кентінің орталығынан шығысқа қарай 5 км жерде, Сайрам-Қарамұрт тасжолының сол жағасында орналасқан. Қазіргі кезде Сайрам Мартөбе ауылымен бірге Шымкент қаласының құрамына кірген.

Мартөбені алғашқы зерттеушілер ескерткіштің бастапқы жоспарын анықтау мүмкін емес дегенді айтады. Себебі адамдардың шаруашылық іс-әрекеті салдарынан ескерткіштің басым бөлігі бұзылып кеткен. Мартөбенің бұзылмай қалған үштен бір бөлігін олар қаланың цитаделі деп есептейді. 2000 ж. Мартөбеде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында қаланың жоғарғы құрылыс қабатының I–IV ғ.ғ. жататындығы анықталады.

Осы қасиетті нысан қазақ халқының тарихында айрықша орын алады. Осы төбенің басында қазақтың хандары, сұлтандары мен билері ел тағдырын шешетін шешімдер қабылдаған. Осыған байланысты Н.Г. Гродеков былай деп жазады: «Үш орданың Би, Сұлтан және Халбилері жыл сайын мәслихат өткізуге Мартөбенің (Сайрамның маңындағы жота) басына жиналатындығын біледі. Кеңесте қайда қыстау, қайда жайлау, тыныштықты сақтау және қалай соғысу секілді маңызды мәселелер талқыланады. Ел салтын бұзбаған Би, Сұлтандарды бекітеді. Келесі орда кеңесіне дейін қабылданған шешім бұзылмайды. Тәуке ханның тұсында «Жеті жарғыны» қабылдаған жеті би жиналған. Солардың қатарында әр орданың атынан қатысқан әйгілі үш би болған: Ұлы жүзден – Төле, Орта жүзден – Қаз дауысты Қазыбек, Кіші жүзден – Әйтеке».

Бұрын мал жайылымы болған Мартөбе ортағасырлық Сайрамның маңындағы мекен болған. Адамдардың сансыз тобын ортағасырлық қаланың жіңішке көшелерінде жинау сол заманда мүмкін болмаған. Сөзсіз, Мартөбені қазақ хандарының кеңес өткізетін орын ретінде таңдап алуы тегін емес. 1513 ж. Сайрам тұрғындары Қасым ханға өздерін қоластына алу туралы өтініш жасап, қаланың кілтін тапсырғаны белгілі. Сол кезде Бабыр мен Шайбанилықтар арасында соғыс жүріп жатқан. Осы уақытқа дейін болған өзара қырқыс, бақталас соғыстарынан әбден шаршаған Сайрам мен оның маңындағы қалалардың тұрғындарына қамқор болатын сенімді билеуші қажет еді.

Мұхаммед Хайдар Дулатидің мәлімдеуінше, Қасым хан Дешті Қыпшақтың бытыраған халқының басын қосып, бағындырып, қуатты қазақ хандығын құрады. Мұндай шаруа Жошы ханнан кейінгі бірде- бір ханның қолынан келмеген еді. Сондықтан да оны билеуші ретінде халықтың таңдауы дұрыс шешім болады. Шамасы, аса маңызды мемлекеттік мәселелер жайлы кеңесу үшін Мартөбені ол баста Қасым хан белгілесе керек. Кейіннен қазақтың басқа хандары үшін де Мартөбеде жиын өткізу дәстүрге айналады.

Мартөбе археологиялық ескерткіші жергілікті маңыздағы тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енген, мемлекет қорғауында.

Туризм нысаны.

Деректер

Байтанаев Б.А. Стратиграфия поселения Мартобе // Вестник университета «Кайнар». – 2006. – № 4. – С. 73–74.

Гродеков Н.И. Киргизы и каракиргизы Сыр-Дарьинской области: юридический быт. – М.: ИВЛ, 2011. – 566 с.

Дулати Мухаммед Хайдар. Тарих-и Рашиди (Рашидова история) / пер. с перс. яз. – 2-е изд. доп. – Алматы: Санат, 1999. – 656 с.

Свод памятников истории и культуры Казахстана. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1994. – Т. I: ЮКО. – 368 с.

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Мартөбе қаласы
Орналасқан жері Шымкент қаласы,

A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Trying to access array offset on value of type null

Filename: pages/heritages_page.php

Line Number: 101

Backtrace:

File: /var/www/archaeology.kz/application/views/pages/heritages_page.php
Line: 101
Function: _error_handler

File: /var/www/archaeology.kz/application/views/index.php
Line: 107
Function: include

File: /var/www/archaeology.kz/application/controllers/Main_page.php
Line: 265
Function: view

File: /var/www/archaeology.kz/index.php
Line: 316
Function: require_once

Мұраның авторлары
Мұраның дереккөздері Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.
Мұра түрі Археология ескерткіштері
Мұра типі Қалашық