Ақмешіт (Ақмолда) үңгірі

Ақмешіт (Акмолда) үңгірі – тамаша табиғи және киелі нысан Оңтүстік Қазақстан облысы Ақмешіт ауылынан солтүстікке қарай 10 км, Шаян кентінен 30 км, Шымкенттен 80–90 км жерде орналасқан (ОҚО, Алғабас ауданы).

Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінде әктасты жартаста пайда болып қалыптасқан едәуір аумақты қамтитын үңгір. Бірнеше бөліктен тұрады. Оңтүстік-батыстан солтүстік- шығысқа қарай созылған үлкен үңгірдің биіктігі 30 м, ұзындығы 135 м, ені 65 м. Үңгірдің ішіндегі ауаның температурасы 9-17º (күн ыстықта да, суықта да жанға жайлы). Төбесі ашық, опырылып құлаған. Ішінде қарағаш, тұт, жүзім өскен тамаша табиғи көрініс. Егер үңгірдің ортасына тұрып төбеге қарасаң оның күмбез тәріздес төбесінен аққан тамшыларды (Ақмолданың жасын) көресің. Құстардың сайраған дауыстары үнемі естіліп тұрады.

Ақмешіт үңгіріне қатысты бірнеше аңыз бар. Бірінші және негізгі аңыз бойынша: ертеде мұнда Оңтүстік Қазақстанның киелі орындар картасында маңызды орын алатын жерасты мешіті болған. Үңгірдің орталық бөлігінен дүниенің төрт тарабына қарай айналадағы бекіністерді жалғап жатқан жерасты жолдары кеткен. Уақыт өте жерасты жолдары бітеліп, мешіт жабылып қалған... Бірақ үңгірдегі мешіт жайлы аңыз ұрпақтан ұрпаққа беріліп келген. ХХ ғ. басында мешіттің төбесі құлағаннан кейін үсті ашық үңгір жұртшылыққа белгілі болды. Үңгірге жарық еркін түскеннен кейін, жергілікті жердің асты мен үстіндегі қыртыстары өзгеріске ұшырап ғажайып құбылыстар байқала бастаған. Үстінен құлаған топырақтар қар, жаңбыр суларымен ылғалданып, үңгір ішіне түрлі шөптер мен ағаштар өсе бастаған. Солардың қатарында қырыққа жуық тұт ағашы бар. Олардың көпшілігі тікелей күннің көзін көрмеген. Бұл күнде 10 м тереңдіктегі үңгір ішіне металдан жасалған саты арқылы түсетін жол жасалынған. Үңгір ішіндегі көрініске көз тоймастай. Ішке түскен келушілердің алдынан қабырғасыондаған метр биік, төбесі көмкеріліп келген жерасты сарайы пайда болады.

Әкесінің ісін жалғастырған үңгірдің шырақшысы сонда тұрады және зиярат етушілерге жол көрсетеді. Шырақшының үйінен шыққан жалғыз аяқ жол бетон баспалдақтар арқылы шатқалға түсіп, одан әрі үңгірге көтеріледі. Тамаша табиғи ландшафта орналасқан, ауасы керемет, алып үңгірдің аурасы келгендерді өзіне ерекше еліктіреді. Шырақшы сиынуға келген жұртшылыққа үңгір мен оның айналасындағы табиғи ортаға қатысты аңыздар, құбылыстар жайлы әңгімелер айтып құран оқиды.

Орта ғасыр кезінде бұл жерде мешіт болғаны не болмағаны жайлы кең көлемдегі арнайы археологиялық зерттеулер жүргізбей тұрып нақты айту қиын, бірақ болуы әбден мүмкін. Өйткені Қазақстандағы алғашқы мешіттер табиғи ортада, үңгір іштерінде пайда болғаны жайлы мысалдар бар, тек Құбылаға қаратып михраб жасаса болғаны. Ауасы ауысып, ішкі жағдайы мен жобасы келетін осындай үңгірлер орта ғасыр кезінде мешіт ретінде жиі пайдаланылған. Осы күнге дейін Қаратаудың белгілі көптеген үңгірлерінде алғашқы археологиялық зерттеулер жүргізілген. Оңтүстік Қазақстанның табиғат жағдайы табиғи үңгірлерді ғұрыптық және діни мақсатта пайдалануға мүмкіндік береді. Еуразия аймағындағы апандар мен үңгірлерді киелі орынға айналдыру дәстүрі – ежелден келе жатқан тәжірибе.

Қаратаудың тіршілік үшін пайдаланылған үңгірлерін сипаттаған Х.А. Алпысбаев Ақмешітке де тоқталған. Ол Ақмешіт үңгірінің табаны ағып жатқан Құрысай өзенінің деңгейінен 8 м төмен жатқаны жайлы қызық мәлімет келтіреді. Үңгірдің жекелеген бұрыштарында сталактит тастары кездеседі. Зерттеуші үңгірдің табанынан ежелгі аңдардың көптеген сүйектерін байқаған. Үңгірдің ішіне салынған барлау шұңқырынан ғалым жаңатас (неолит) дәуірінің тас құралдарын тапқан. Сондай-ақ үңгірдің маңынан ашель-мустьер дәуірі кейібіндегі тас құралдар табылған.

Осының бәрі адам баласы Оңтүстік Қазақстандағы үңгірлерді тіршілік үшін тас дәуірінен бастап пайдаланғанын білдіреді, мұны археологиялық зерттеулер нәтижелері де растайды. Орта ғасырлар кезінде де дін уағыздаушылардың үңгірлерді пайдаланғаны жайлы аңыз-әңгімелер Қазақстанның көптеген аймақтарында кездеседі. Ақмешіт үңгірі де – бұл күнде халық жиі келіп, сыйынатын, Аллаға құлшылық ететін киелі орындардың бірі. Осында келіп, Алладан сұраған тілектердің көпшілігі орындалып жататыны да кездейсоқ емес. Үңгір маңында қайталанып тұратын табиғи құбылыстар бұл үңгірдің киелі қасиетін күн санап арттыра түсуде.

Деректер

Алпысбаев Х. Предварительные итоги изучения памятников каменного века в пещерах Южного Казахстана в 1969–1970 гг. // Успехи среднеазиатской археологии. – Л., 1972. – Вып. 1. – С. 29–31.

Жапарханов С.Ж. Пещера Акмечеть // Казахская ССР. Краткая энциклопедия: гл. ред. Р.Н. Нургалиев. – Алма-Ата: 1991. – Т. 2: Природа. Естественные ресурсы. Население. Экономика. Народное благосостояние. – 607 с.

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Ақмешіт (Ақмолда) үңгірі
Орналасқан жері Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы
Мұраның дереккөздері Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.
Мұра түрі Киелі объектілер
Мұра типі Табиғат ескерткіші