Шерқала табиғи ескерткіші

Табиғи және тарихи-мәдени маңызы бар нысан аудан орталығы Шетпе кентінен солтүстікке қарай 18 км жерде орналасқан (Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы).

Шерқала тауы Маңғыстау облысының табиғи символы болып табылады. Бір қарағанда тау Ақмыш өңіріндегі қатпарға қойылған алып киіз үйге ұқсайды. Шерқала тауы Қаратау маңы аңғарындағы таулардың қалыптасуы кезеңінде ежелгі Каспий теңізі суының тартылып, құрлықтың көтерілуі нәтижесінде ерекше табиғи тау қалдықтары бейнесінде кескінделген. Тау борлы қабаттары бар сары құмтастармен көмкерген тығыз әктастардан қалыптасқан. Таудың биіктігі 308 м-ді құрайды. Тау қалдықтарының шығыс бөлігі шұңқырлармен және қуыстармен кескінделіп, жоғарыдан қарағанда тау медузаға ұқсайды. Таудың батыс жағынан ашық шар тәрізді конкрециялар жанасып жатыр.

Шерқала туралы аңыздардың бірінде, осы жер ежелде қаптаған жаудан айбынды батырлардың қорғанатын жері болған деп айтылады. Олар жолбарыстар сияқты шайқасқан. Өз жерін қорғаған батырлар тау ішіндегі жер асты жолдарына жасырынып, мәңгілік сол жерде қалған. Осылайша, батылдық пен тәуелсіздіктің қорғаны болған тау «Шерқала» немесе «жолбарыстар қаласы» деп аталып кеткен. Келесі бір аңыз бойынша, тауға жасырынған жауынгерлер суы бар терең құдықтың есебінен қоршауда ұзақ отырған. Қоршауға алған жаулар тауда жер асты жолын жасап, құдықты бітеп тастаған.

Таудың солтүстік жағы ХІІ–ХІІІ ғ. басындағы шағын бекіністі қоныстың қалдықтарымен жалғасып жатыр. Таудың осы бөлігі өмір сүруге қолайлы болған. Мұндағы су шайған арналардың қабырғаларына терең нишалар ойылған, олардың бірінде түйе керуенінің бейнесінің ойылған суреті сақталған.__ Жүргізілген археологиялық зерттеулер ежелде Шерқала тауы көршілес жатқан ортағасырлық Қызылқала қаласымен байланысты сауда бекеті болғандығын анықтады. Ежелгі сауда орнынан алтын тиындар (монета) мен тиындар түйірінен тұратын көмбе табылған. Динарлардың негізгі бөлігі Ануштегин әулетінің хорезмшахы – Ала ад-дин Текешке (1193-1200 жж.) және ұлы Мұхаммед ибн Текешке (1200–1220) тиесілі. Жеті тиын хорезм билеушілерінің ресми ақша бірлігіне ұқсас жасалған. Тиындардың ұқсастығынан алтын тиындардың осы жерде соғылғандығы жөнінде болжам жасауға болады. Ежелгі Хорезм аумағында І–ІІІ ғ.ғ. соғылған мыс тиындардың табылуы негізінде ертеректе және кейінгі антикалық кезеңге дейін Шерқала тауы туралы сауда келісімдерін жүргізу орны болғандығы жөнінде тұжырым жасауға болады.

Тауға жақын жерде ерте кезеңде Ақмыш бұлақ суы ағысын жабатын үлкен бөгеттің қалдықтары сақталған және сол жасанды үлкен су қоймасының қалыптасуына ықпал еткен.

Деректер

Иванин М.И. Поездка на полуостров Мангышлак в 1846 г. // ЗИРГО. – 1847. – Кн. II. – С. 267–305.

Костенко А., Умирбаев Е. Оживут степи...: Тарас Шевченко за Каспием. – Алма-Ата: Онер, 1984. – 232 с. + 32 с. вкл.

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Шерқала табиғи ескерткіші
Орналасқан жері Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы
Мұраның авторлары
Мұраның дереккөздері Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.
Мұра түрі Киелі объектілер
Мұра типі Табиғат ескерткіші