Отпантау тауы

Таудан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км жерде Тұщыбек ауылы орналасқан (Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы). Ол – Батыс Қаратау таулы өлкесінің ең биік (532 м) шоқысы.

Қазақша «Отпан» от деген мағынаны білдіреді. Ерте кездерде қауіп төнген жағдайда, от жағып белгі беретін қадағалау мұнарасы тұрғызылғаны туралы халық аңыздарында айтылады. Қазіргі кезге дейін жергілікті тастардан салынған құрылыстың үлкен қиранды қалдықтары ғана сақталған. Қиранды қабырға тастарының көпшілігінде өңделген іздер байқалады. Сондай-ақ бетінде балқытылған және еріген белгілері бар құмтастардың сынықтары кездеседі. Әзірге аталған нысанға археологиялық зерттеу жүргізілмеген.

2007 ж. тау шыңында көптеген аңыздарға арқау болған, жергілікті қазақтардың ру басы – Адайға арналған «Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінің салтанатты ашылуы өтеді. Тауда биік мұнара түріндегі алтын жалатылған күмбезді және екі стела-мұнарасы бар күмбез там (кесене) тұрғызылған. Мұнарада Адай атаның символикалық қабірі орналасқан, ал стелаларды әкесінің екі қанаты – ұлдары Құдайке және Келімберді бейнелейді. 360 баспалдақтан тұратын жол ескерткіштің басына алып барады. Ескерткіштің тура қасында түркі халықтары рухының күші мен еркіндігін білдіретін қасқырдың мүсіні тұрғызылған.

Кешенді жыл сайын Амал мейрамында жағылатын қасиетті от, Үш жүздің – Ұлы, Орта және Кіші жүздің бірлігін білдіретін үлкен алау тостағаны түріндегі ескерткіш толықтырып тұр. Маңғыстау тұрғындары наурыздың 13-нен 14-не қараған күні Наурыз айының басталуын тойлап, оны «Амал мерекесі» деп атайды. Он жыл бойы Бірлік отын жағу салтанаты өтіп келеді. Таңертең Адай ата ұрпақтарының рухына бағышталып құран оқылады.

Таудың етегінде үлкен киіз үй мен батырдың дулығасын еске түсіретін екіқабатты құрылыс – Ақсарай тұрғызылған. Сегізбөлмеден тұратын ғимарат әлемнің шексіздігін білдіреді. Бұл сан – түркі тілдес халықтар үшін қасиетті. Ақсарай рухани байлық пен ғасырлар бойындағы даналықты көрсетеді. Уақыт өте келе бұл жерде адай руының тарихи-мәдени және рухани құндылықтары шоғырланатын болады. Ақсарайда: музей, кітапхана, әртүрлі кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізуге арналған конференция залы орналасқан.

Ақсарай маңында, биіктігі 15 метр болатын тіршіліктің бастауы мен бесігі, үйдің ошақ қасының сақтаушы – Анаға арналған ескерткіш орнатылған. Адамның ең жақсы: еркіндік, ынтымақтастық, бауырластық сияқты қасиеттерін бойына сіңіретін Ананың бейнесін – сұлулықтың белгісі ретінде – Ай, шуағын шашатын – Күн және қызы мен ұлы сияқты екі құстың бейнесі толықтырып тұр.

2007 ж. 25 қазандағы кешеннің салтанатты ашылуында Қазақстан Республикасы ПрезидентіНұрсұлтан Назарбаевтың облыс тұрғындарына арналған құттықтау телеграммасында: «Отпан тау» кешені Мемлекет тәуелсіздігінің жемісі және өткенге құрметпен қарап, болашақ алдындағы жауапкершілікті білдіреді. Жаңа кешен халықтың өткен тарихын еске түсіріп, жүректе руханият сезімін оятып, ұлы істерге жетелейді» деп жазылған.

Нысан табиғи және тарихи-мәдени маңызы бар кешен болып табылады.

Деректер

Адай-ата – Отпантау // URL: http://abai.kz/post/40223 Отпантау // URL: https://kk.wikipedia.org/wiki/Отпантау Отпантау-комплекс //URL: http://www.silkadv.com/ru/ node/4754

Исторический комплекс «Отпан тау» в Мангистау пополнит новый объект. URL: http://www.inform.kz/ru/ istoricheskiy-kompleks-otpan-tau-v-mangistau-popolnitnovyy-ob-ekt_a3009785

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Отпантау тауы
Орналасқан жері Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы
Мұраның авторлары
Мұраның дереккөздері Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.
Мұра түрі Киелі объектілер
Мұра типі Табиғат ескерткіші