Бектау ата тауы

Балқаш қаласынан 60 км солтүстікте орналасқан (Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы). Абсолюттік биіктігі 1213 м. Бектау атаның жер бедері – беткейлері тік, жалтыр тақыр тасты, төбесі үшкірлеу келген.

Ел аузынан тараған аңыз әңгімелер бойынша бұл таудың атауы «Бектау ата» және «Беғазы» деген екі әулиенің атымен байланыстырылады. Әулиетау деп аталуы – тауға сыйыну, табынумен байланысты қойылса керек. Балқаш маңайын зерттеген ғалым П. Сарычев өзінің жазбаларында: «Бектау ата – оңтүстік пен солтүстікті жалғастыратын нысана іспетті керуен жолдың бойында тұрған «шамшырақ». Оның сүйір төбесі Балқаш көлінің оңтүстік жағалауынан көзге ілініп, көлдің астынан жарып шыққандай елестеп тұрады. Сол таудың астында үлкен үңгір бар. Ол мөп-мөлдір тұщы суға толы. Су бетінің деңгейі әрдайым бірқалыпты, не жоғары көтерілмейді, не төмен түспейді. Табиғаттың осы жұмбақ көріністері дала жұртының сезімін билеп, атаудың постпозитивтік компоненті боп тұрған «ата» сөзін қоныстырғандай».

Үңгірден төмен сайдың жадағай жазығында (үңгірден 200-300 м төменірек) әулие шошаласының орыны қалған. « ...Бұл шошала өткен ғасырдың басында да болған, тамақ ішетін ыдыс-аяқтары да қаз қалпында тұратын» дейтін үлкендердің көзін көріп, естіген адамдар. Үңгірге барып түнеп, зиярат етіп жүргендердің айтуына қарағанда әулие кейбір адамдарға дыбыс беріп түстерінде аян айтады екен. Өте қасиетті адам болғандықтан, кез-келгеннің көзіне көріне бермейді. Түсінде аян бергенде жүзін көрсетпейді. Ауру адамдар, бала көтермейтін әйелдер басына түнеп, құрбан шалып, құдайдан тілектерінің орындалуын сұрап жүретін орын болған. Кейін туристерді қызықтыратын мекенге айналған. Тілеуі ақ, ниеті таза жандарға құдай тілегін беріп, құрсақ сыйлағанын ел арасында аңыз қылып айтатындар да жеткілікті.

Беткейлерінде өте сирек бұта мен селдір шөп өседі, тауаралық аңғарларында көктерек, тал, түрлі бұта кездеседі. Олардың 45-і сирек кездесетін болса, 8-і қызыл кітапқа енгізілген. Некен-саяқ елік пен арқар мекендейді.

Бектау атада алғашқы археологиялық қазба жұмыстарды академик А.Х Марғұлан 1950 ж. жүргізеді, әрі бұл зерттеу жұмыстары тек барлау мақсатында ғана жасалды.

Деректер

Бейсенов А.З. Поселения и могильники сакской эпохи Центрального Казахстана // Сакская культура Сарыарки в контексте изучения этносоциокультурных процессов Cтепной Евразии: сб. статей, посвящ. памяти археолога К.А. Акишева. – Алматы: НИЦИА «Бегазы-Тасмола», 2015. – С. 11–38.

Бейсенов А.З., Исмагулова А.О., Китов Е.П., Китова А.О. Население Центрального Казахстана в I тыс. до н.э. – Алматы: Институт археологии им. А.Х. Маргулана, 2015. – 188 с.

Загадки урочища Бектау-ата. URL: https://liter.kz/ru/articles/ show/

Казахстан. Национальная энциклопедия / Гл. ред. А. Ниссанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998. – Т. II. – 624 с.

Сәденов Қ. Бектібек әулие. // Балқаш өңірі, 1994, 19 қараша.

Текущий архив Карагандинской областной государственной инспекции по охране историкокультурного наследия (Фотографии)

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Бектау ата тауы
Орналасқан жері Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы
Мұраның авторлары
Мұраның дереккөздері Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.
Мұра түрі Киелі объектілер
Мұра типі Табиғат ескерткіші