Алтыншоқы тауы

Ұлытау тауының негізгі жотасынан солтүстік-батысқа қарай 40 км жерде орналасқан (Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы).

1935 ж. Алтыншоқы тауының басынан белгілі ғалым Қ.И. Сәтпаев жазулар қашалып түсірілген тас тақта табады. Кейінен 1936 ж. аяғында табылған тас тақтаны Мемлекеттік Эрмитажға алып кетеді.

Белгілі шығыстанушы, КСРО Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Н.Н. Поппе тастағы жазулардың ішінде 11 қатар жол бар екендігін анықтайды, олардың үшеуін араб әріптері, ал қалған сегізін ұйғыр әліпбиінің таңбалары деп табады. Н.Н. Поппеден басқа, тастағы жазуларды зерттеумен өзге кеңестік ғалымдар да айналысқан. Солардың арасында А.И. Пономарев та бар.

Зерттеу барысында тастағы жазулар 793 х.ж. 23-ші жұма әл-улахта, яғни 1391 жылдың 28 сәуірінде тасқа қашалған деп анықталады. Бұл жазу Самарқанның жоғарғы билеушісі, Темір империяның негізін қалаушы, орта-азиялық түріктен шыққан қолбасшы және жаулаушы Әмір Темірдің бұйрығы бойынша тасқа қашалған деп пайымдалады. Темір (Темірлан) Орталық, Оңтүстік және Батыс Азия, сондай-ақ Кавказ, Еділ мен Жайық және Ресей тарихында маңызды рөл атқарған. Тастың бетіндегі бұл жазу Ақсақ Темірдің ДештіҚыпшаққа – Алтын Орданың ханы Тоқтамысқа қарсы атақты жорығы кезінде қашалған.

Ұйғыр әліпбиінің әріптерімен сегіз жолдың жазуы салыстырмалы түрде тастың тегіс және тегіс тікбұрышты жазықтығына жазылған. Ол тастың бүкіл бетін алып, араб әліпбиінің әріптерімен жазылған үш жолақты жазуға орын қалдырмайды. Арабша жазу тегіс келген бетінде орындалған, тастың беті бойынша, ұйғыр жазуы түсірілген алаңымен салыстырғанда, тастың бөлініп түскен жері түріндегі қиғаш келген бетіне орналасқан. Бұл ұйғыр жазуы орналасқан бетіне қарағанда тегіс емес. Сол себепті араб тілінде жазылған жазуды орындау әлдеқайда қиын болған.

Ұйғыр жазбасында Темірдің үгіт-насихат уақыты, Алтын Орданың шекарасына жетуі, сарбаздардың саны, олардың Тоқтамысқа қарсы әрекеттері, сондай-ақ қорғанның құрылысы туралы айтылады.

Дешті Қыпшаққа жорық кезіндегі Әмір Темірдің бұйрығымен жазылған тас бетіндегі екі тілді жазба мәтінінің транскрипциясы төмендегідей:

1. би-сми-ллāхи-р-рахмāни-р-рахим

2. мāлику-л-мулки-л-куддусу-л-хакку-л- му’мину-л-мухаймину-л- джаббāру-

3. л-кāдиру-л-хакиму-л-мумиту-л-хаййу

4. tarïq jeti jüz toqsan üčintä qoj

5. jïl jaznïŋ ara aj turannïŋ sultanï

6. temür beg üč jüz miŋ čerig bilä islam üčün toqtamïš qan bulγar

7. qanïqa jorïdï bu jerkä jetip belgü bolzun tip

8. bu obanï qopardï

9. täŋri nïsfät bergäj inšala

10. täŋri il kišigä raqmat qïlqaj bizni duu-a bilä

11. jad qïlqaj

Араб тілінде жазылған жазудың қазақ тіліне аударылған мәтіні төмендегідей:

«Мейірімді, рақымды Алланың атымен! Әлемнің әміршісі, Шынайылықтың ордасы, Мызғымайтын қорғаушы, Құдіретті, Өмір мен өлімді дана сыйлаушы!

Жеті жүз тоқсан үшінші жылының жазында, қой жылы көктемінің орта айында (1391 ж. 6 сәуір), Тұран сұлтаны Темір-бек болғар ханы Тоқтамыс ханға қарсы ислам үшін үш жүз мың әскермен бірге шықты. Осы жерге жеткеннен кейін, ұмытылмас белгі болсын деп осы қорғанды тұрғызды.

Тәңірім, жаратушы Ием сот әділдігін бере гөр! Құдайым ел халқына мейірімділік көрсет! Олар біздің дұғамызды еске алсын!»

Бүгінгі күнде, Алтыншоқының басында орналасқан жазуы бар тас ғылымға Темірдің Қарсақбай жазуы ретінде белгілі. Қазіргі таңда бұл артефакт Санкт-Петербургтағы Мемлекеттік Эрмитажда сақтаулы. Ұлытаудағы Алтыншоқы тауында Темір жазуына ұқсатылып тас орналастырылған.

Жалпы, Алтыншоқы тауы мен жазуы бар тас табиғи-ландшафт ретінде назар аударарлық орын және Қазақстанның ортағасырлық тарихы бойынша құнды дерек болып табылады. Сонымен қатар Алтыншоқы тауы мәдени және тарихи ландшафттың ажырамас бөлігі және жалпы таудың өзі мен Ұлытаудың барлық сілемінің ежелгі дәуірде, әсіресе көшпелілер уақытында киелілік маңыздылығы артып, әлдебір қасиетті орын ретінде белгілі болған. Бұл жазуы бар ескерткіш тасты орнату үшіносы орынды таңдау себептерінің біріне қызмет етуі мүмкін. Алтыншоқы бүгінде ғибадат ету орны және Ұлытау облысының туристік инфрақұрылымының жарқын нысаны болып есептеледі.

Тарихи және табиғи ландшафт нысаны.

Деректер

Григорьев A.П., Телицин Н.Н., Фролова O.Б. Надпись Тимура 1391 г. // Историография и источниковедение истории стран Азии и Африки. – СПб.: СПбГУ, 2004. – Вып. XXI. ‑ С. 3–24.

Поппе Н.Н. Карасакпайская надпись Тимура // Труды отдела Востока Государственного Эрмитажа. ‑ Л., 1940. ‑ Т. 2. ‑ С. 185–187.

Таинственный камень Тимура. URL: http://earth-chronicles. ru/news/2016-11-08-97992

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Алтыншоқы тауы
Орналасқан жері Ұлытау облысы,

A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Trying to access array offset on value of type null

Filename: pages/heritages_page.php

Line Number: 101

Backtrace:

File: /var/www/archaeology.kz/application/views/pages/heritages_page.php
Line: 101
Function: _error_handler

File: /var/www/archaeology.kz/application/views/index.php
Line: 107
Function: include

File: /var/www/archaeology.kz/application/controllers/Main_page.php
Line: 265
Function: view

File: /var/www/archaeology.kz/index.php
Line: 316
Function: require_once

Мұраның авторлары
Мұра түрі Киелі объектілер
Мұра типі Табиғат ескерткіші