Хантау

Қазақ орониміне талдау жасаған кезде басқа да түркі тілдес халықтарда кездесетін ұқсас топонимдерді ескеру қажет. Қазақтың Хантау, алтайлық Каан-Кайа (Кангая), хакастық Хангөл сынды, бір қарағанда анық және айқын топонимдерді қарастырғанда, ежелгі таулар мен шыңдарға табынуды естен шығармау керек.

Бұл географиялық атаулардың мәнмағынасын ашуға түркі-моңғолдық «хан» діни-ғұрыптық термині көмектеседі. Ол «ең ардақты», «үстем», «жоғарғы» мағыналарында шамандық рухтың немесе данышпанның есімінің алдында немесе кейін тұрады [дәйексөз: Манжигеев, 1978, б. 84].

Біздің ойымызша, алтайлық және қазақ оронимдері қос зат есімнен емес, түркі тілдеріндегі сын есім зат есімнің алдында тұру керек деген ережеге сәйкес сын есімдер (кан, хан) + зат есімдер (кайа, тау) болып жасалған. «Қаан» сөзі (қаған, қан, хан) «әмірші», «патша», «билеуші» деген мағыналарға ие болған соң зат есімге айналған. Бұл рухани сипаттама билеушінің билігі мен рөлін күшейту үшін тайпа басшыларына беріледі немесе ақсүйек көсемдер тарапынан заңсыз басып алынып, кейін ол титулға (зат есім) айналып кетті деп пайымдауға болады. Терминнің сипаттамалығының («ардақты» және т.б.) өзі бастапқылықтың белгісі болып табылады.

«Ең ардақты», «үстем», «жоғарғы» сынды бірқатар көне түріктік титулдары мен кейінгі уақыттағы Мәңгілік көк аспан образдары: Qan Möngke tngri, Qan Kisaγa tngri, Qan Ataγa tngri және т.б. «ардақтылар» пантеонының болғандығын меңзейді.

Осындай таулар мен биік шыңдар секілді табиғат объектілерінің киелілігін және олардың сәйкесінше аталуын ескерсек, онда алтайлық Каан-Кайа (Кангая) «ханның шыңы, құз немесе хан-құз» емес «қастерлі шың» екендігін мойындау қажет. Қазақтың Хантауы да – «қастерлі тау» болып табылады. Ұсынылған түсініктемелердің дұрыстығын Хан Тәңірі топонимі көрсетеді. Ислам дінін қабылдаған түріктердің арасында Аллаһ сөзінің синониміне айналған жоғарғы құдайдың есімі Тәңірдің алдына қандай асқақ болса да адам титулдары (хан, патша, император) қойылмас еді. Өйткені оның өзі жоғарғы түсінікке ие. Сондықтан, «хан» сөз алды қосымшасы зат есім емес, сын есім болып табылып, адамның Құдайға деген байланысын көрсетеді. Хан Тәңірі – «үстем Тәңір», «ең ардақты Тәңір», немесе «жоғарғы Тәңір». Бұл қатарда Хангай жотасы көрінеді. Ол бастапқыда Хангайа (Хан-кайа) деп дыбысталып, «ардақты немесе үстем» жота деген мағынаны білдіруі мүмкін. Хакастық Ханкөл өзені қанға боялған өзен болуы мүмкін емес. Хакас тілінде хан – қан деген мағынаны білдіреді. Бұл жағдайда гидронимнің атауы – «қастерлі өзен». Түріктердің арасында Отан образы жерді, суды (өзендер мен көлдерді), тауларды, шыңдарды қастерлеумен байланысты. Хантау, Хангай (Ханкая), Каан-Кайа (Кангая) сынды таулар мен шыңдардың, Ханкөл өзенінің «қастерлі» ретінде кездейсоқ емес аталуын Абаканнан солтүстікке қарай орналасқан шыңдағы көне түрік жазуы көрсетеді: «Сізге, -ақ шың, отан, дос, - жақсы кезең тілеймін!» [Васильев, 1978, б. 93]. Мұнда отан, дос сынды жоғары категориялы түсініктері мен ақ шың сөзінің бір қатарда тұруына оның киелілік мағынасы мүмкіндік береді.

Тянь-Шань жотасы тауларының киелі мағынаға ие болуы ежелгі заманнан басталады. Ол, мысалы, осы жерде сақтардың патша обаларының тұрғызылуынан, Тәңіртаг (Тянь-Шань) – «Тәңірлік таулар», Хан тәңірі шыңы – «Басты Тәңір» сынды географиялық атаулардың болуынан байқалады. Сонымен қатар бұл жерде қола дәуірінде пайда болған ежелгі ғибадатханалардың бірі – Тамғалы шатқалы орналасқан.

Деректер

Васильев Д.Д. Древнетюркская эпиграфика Южной Сибири // Тюркологический сборник. 1975. ‑ М.: ГРВЛ; «Восточная литература», 1978. – С. 92–101.

Манжигеев И.А. Бурятские шаманистические и дошаманистические термины: Опыт атеистической интерпретации. ‑ М.: Наука, 1978. – 127 с.

Молчанова О.Т. Топонимический словарь Горного Алтая. ‑ Горно-Алтайск: Горно-Алтайское отделение АКИ, 1979. – 400 с.

Ақпарат
Сипаттама
Фото
Мұра атауы Хантау
Орналасқан жері Жамбыл облысы,

A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Trying to access array offset on value of type null

Filename: pages/heritages_page.php

Line Number: 101

Backtrace:

File: /var/www/archaeology.kz/application/views/pages/heritages_page.php
Line: 101
Function: _error_handler

File: /var/www/archaeology.kz/application/views/index.php
Line: 107
Function: include

File: /var/www/archaeology.kz/application/controllers/Main_page.php
Line: 265
Function: view

File: /var/www/archaeology.kz/index.php
Line: 316
Function: require_once

Мұраның авторлары
Мұраның дереккөздері Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.
Мұра түрі Киелі объектілер
Мұра типі Табиғат ескерткіші