Шарын шатқалы

Шарын атты өзен және оның каньондары (арнасы) Алматы қаласынан шығысқа қарай 200 км қашықтықта орналасқан (Алматы облысы).

Шарын өзені Қарқара мен Кеңсу өзендерінің қосылып ағуы нәтижесінде пайда болған. Оның ұзындығы – 430 км шамасында. Өзен алабының ауданы – 7720 км2. Ол Қазақстан аумағындағы Іле өзенінің ең ұзын және суы мол, табиғаты тамаша салаларының бірі. Өзен кей жерлерде тереңдігі 100-200 м жететін коньондар арасымен ағып өтеді.

Шарын өзенінде каньондар тізбегі орналасқан. Олар солтүстігінде ұзындығы – 25 км, ені 35 км құрайтын кең атырау болып аяқталады. Атыраудың ауданы 500 км2 жуық. Атырауда өзеннің негізгі арнасы Қарабасқұм құмды шөлін кесіп өтеді. Каньондар тізбегіндегі әрбір бөлігінің өз атауы бар. Ағыс бойынша ең жоғарғысы Ақтоғай деп аталады. Одан кейін Құртоғай, Мойынтоғай, Сарытоғай орналасқан. Өзеннің ең маңызды, көрікті жерлеріне Сарытоғай шатқалындағы реликті шаған тоғайы жатады. Осындай тоғайымен Шарын Жетісудың басқа өзендерінен бірден ерекшеленеді.

Шарынның Джарун, Чарун түрінде жазба деректерде алғашқы рет кездесуі XV ғ. жатады. Ол осы түрде XVI ғ. деректерінде де аталып өтеді. XVII ғ. ойрат жарияланымдарында өзен Зари деп аталған. Й.-Г. Ренаттың картасында ол Зарун (Zarun) деп аталады. Зерттеуші А.П. Горбунов бұл гидроним ағаштың шаған деген түрінен пайда болды деген өз нұсқасын ұсынды. Ол көне түріктік шынар (жарун) атауына негізделеді. «Сырттай шаған ағашыкөп жағынан шынарға ұқсас. Ағаштың сүрегі ішекті музыкалық аспаптарды жасауға әбден жарамды. Оның жарун деген атауы Шарын гидронимінің пайда болуына негіз болды деп сеніммен айтуға болады» [Цит. по: Горбунов, 2014, б. 441].

Музыкалық аспаптарға келсек, олар ертеде бақсы-шамандардың қасиетті аспаптары болып, аруаққа табыну мен ауруларды емдеу кезінде қолданылғандығын айтып кеткен жөн.

А.П. Горбунов Шарын гидронимінің басқа да семантикалық нұсқаларын атап өтеді. Мысалы, қырғызша шар деп «жылдам ағысты, бөгетсіз ағатын өзенді айтады». Қырғызша чар сөзі «өзен жағалауындағы түрлі ағашты орманды» білдіреді. Дегенмен аталған екі сипаттама да Жетісу өзендерінің көпшілігіне тән болғанымен, Шарын каньондарының жеке ерекшеліктерін көрсетпейді.

Деректер

Горбунов А.П. Чарын (Шарын) // Краткий энциклопедический словарь исторических топонимов Казахстана. – Алматы, 2014. – 527 с.

Махмуд ал-Кашгари. Диван Лугат ат-Турк. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 1288 с.

Материалы по истории киргизов и Киргизии. – М.: Наука, 1973. – Вып. 1. – 280 с.

Мирза Мухаммед Хайдар. Тарих – и Рашиди. – Ташкент: Фан, 1996. – 728 с.

Раднабхадра. Лунный свет. История рабджам Заяпандиты. – СПб.: Петербургское Востоковедение, 1999. – 180 с.

Большой атлас истории и культуры Казахстана. – Алматы: АО «Абди компани», 2008. – 880 с.

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Шарын шатқалы
Орналасқан жері Алматы облысы,

A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Trying to access array offset on value of type null

Filename: pages/heritages_page.php

Line Number: 101

Backtrace:

File: /var/www/archaeology.kz/application/views/pages/heritages_page.php
Line: 101
Function: _error_handler

File: /var/www/archaeology.kz/application/views/index.php
Line: 107
Function: include

File: /var/www/archaeology.kz/application/controllers/Main_page.php
Line: 265
Function: view

File: /var/www/archaeology.kz/index.php
Line: 316
Function: require_once

Мұраның авторлары
Мұраның дереккөздері Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.
Мұра түрі Киелі объектілер
Мұра типі Табиғат ескерткіші