Хан Тәңірі

Хан Тәңірі – Орталық Тянь-Шань тауының Қазақстан бөлігіндегі ең биік нүктесі, Ыстықкөлден шығысқа қарай 200 км жерде. Оның абсолютті биіктігі – 6995 м. География ғылымдарының докторы А.П. Горбуновтың айтуынша, Хан Тәңірі топонимінің дұрыс мағынасы – Көк құдайы емес, Көктегі немесе Құдай Әміршісі. Пұтқа табынушылық дүниетаным бойынша аспан ешкімге бағынбайтын ең жоғары құдай.

Қырғыздар бұл шыңды – Кантоо деп атайды. Қырғыздың кан сөзі сөйлемнің мәніне қарай екі жақты мағына береді. Кан – бұл «хан», немесе «қан». Топонимді таратушылар көбінесе осының екіншісіне көп мән береді. Күннің алғашқы және соңғы сәулесі шыңды қызыл түске бояп, айналадағы таудың әлі сәуле түспеген бөліктерінен ерекшелейді. Зерттеушілердің екінші бөлігі тау қызғылт түсті мәрмәрдан түзілген деп ойлайды. Қырғызстанның топонимистері осы түсініктердің екеуіне де келіспейді. Олардың пікірі бойынша Хан Тәңірі атауын орысшаға аударғанда Хан немесе Тау патшасы деген мағына береді. Шындығында да айналадағы шыңдармен салыстырғанда Хан Тәңірі патшалардай заңғар көрінеді.

Хан Тәңірі Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасында орналасқан, десе де екі елдің халқы оны әртүрлі атайды (төрт түрлі атауы бар). Әлемдік картада оны қалай атау керек? Қазақстандық топонимистердің пікірі бойынша – Хан Тәңірі. Бұл ежелден келе жатқан дәстүрлі атау. Ол түрік тілінен басқа моңғол, тіпті шумер секілді басқа да тілдерде кездеседі. Ежелгі топонимдерді өзгерту тарихтың кейбір тұстарының мәнін жоғалтуға алып келеді.

Хан Тәңірі туралы алғашқы мәлімет Ш. Уәлихановтың шығармаларында кездеседі. Ол Хан-Теңгри Ола Кучи қаласының солтүстігінде орналасқан деп жазады. Шындығында бұл шың Кучидан солтүстік-шығыста 240 км жерде көрініп тұр. Хан Тәңірі туралы алғашқы мәлімет 1200 жыл бұрынғы қытай жылнамаларында да кездесуі мүмкін еді, дегенмен де бұл топоним талай ғасырлардан бері белгілі.

Тауға байланысты алғашқы ғылыми сипаттама берген кезінде топонимикалық үлкен қателік кеткені туралы «Уикипедияда» мәлімет келтіріледі. Ол ХІХ ғ. ортасына жататын, яғни 1856–1857 ж.ж. белгілі географ және саяхатшы П.П. Семёнов-Тян-Шанский тауды алғаш көріп, жазған сипаттамасына байланысты айтылады. Теріскей Алатауы жотасының шығысынан көрінген биік шыңдар мен мұздықтардың заңғарынан көзі байланған ол солардың ең биігі мен сұлуын, Тянь-Шанның аты аңызға айналған ең биік нүктесі – Хан Тәңірі деп қабылдаған.

Ол оның арғы жағындағы құзар басын қар мен мұз басқан Тянь-Шаньнан үстем болып тұрған Қақшал Тау сілемдерін байқамаған (байқауы да мүмкін емес еді). Жолсеріктердің бұл тауды қырғыздар Кан-Тоо, қазақтар Қантау деп атайды деген дәлелдеріне мән бермеген П. Семёнов өзі көрген үшкір басты пирамиданы Хан Тәңірі деп, шыңды картада 20 км солтүстікке жылжытып Тянь-Шань тау жотасы жүйесінің ортасына орналастырады. Шындығында бұл дұрыс емес еді. Осы биік шыңның солтүстік бағытындағысы Хан Тәңірі атауына сәйкес келетіні орынды еді.

Жетісу тарихының білгірі және табиғатты аялаушы В.Н. Проскурин «Рухтардың әміршісі, Көкпен таласқан таулардың патшасы, қарапайым пенденің қолы жетпейтін шыңы – Қазақстандағы ең биік мәрмәр тастардан түзілген үш қырлы пирамида жайлы осындай пікір қалыптасқан» деп сүйсіне жазады. Валерий Хрищатый қазақстандық альпинизмде шың туралы мынандай аңыздың барын айтады: «Ол айналасына алқызыл отты сәуле шашқан алып қызғалдаққа ұқсайды. Күн сәулесі бұлттардан өткен кезде, оның қозғалысы шыңның мәрмәрлі қабырғасына түсіп, көз алдында батырдың қаны төгіліп жатқандай болады. Мұндай түсті әсер алғашқы адамдарды тау алдында бас июіне мәжбүр еткен». Тауға ұзақ уақыт бойы адам табаны тимеген күйінде келді. Ол мыңдаған саяхатшылардың: Орталық Тянь-Шань бойынша ендік немесе меридиональды бағытта өткен көпестер, дін таратушылары мен қажылыққа бара жатқандардың көңілін аудартқандығы сөзсіз. Кең таулы өлкеде орналасқан ол жердің ауасы қатал және ерекше болғандықтан, бірде көрініп, бірде көрінбейді, сондықтан суық әлемі (патшалығы) деп атайды.

ХХ ғ. шыңның қасиетті орынға айналуының басқа тарихы басталады. 1902 ж. Г. Мерцбахердің алғашқы экспедициясы да шыңды бағындыра алмайды. Шыңды алғаш 1931 ж. М. Погребецкий мен тағы екі альпинист бағындырады. Хан Тәңірінің баурайындағы кештердің бірінде жазылған жарқын әсерлі сипаттаманы келтірейік: «Кеш түсті. Таулардан түскен қоңыр көлеңкелер айналаны жапты. Күн шыңның құзар басын алтын түстендірді. Көкжиектің бойымен ол шетінен бұл шетіне дейін мұздықтар мен қар қырсауында ұлы Тянь-Шань қабырғасы тұрды. Олар батқан күнің әсерінен алтын-қызғылт сары және қызыл түске боялды, ал Хантәңірі қою көгілдір аспанға тірелген алып лағыл тастай жарқылдады. Бірақ күн көкжиектен төмен түсіп кетті, аспан қарайып, бояулар сөне бастады, қызыл сары түс біртіндеп алқызыл түске, одан күлгін түске ауысып бозара түсті, тек Хантәңірі ғана қара аспанда қан-қызыл оттан балқыған металдай лаулады. Таулар біртіндеп қарайып, ақыры қою ымыртқа оранды. Соңынан ақырындап Хантәңірі де сөне бастады».

1936 ж. алматылық альпинистер экспедициясы (Е. Колокольниковтің тобы) «рухтың әміршісін» бағындырады. Осыдан кейін түрлі бағыттармен ұлы шыңды бағындырушылар болды. 1962 ж. солардың бірі А.Н. Марьяшев болды. Гималайлық сегізмыңдықты 21 рет бағындырған Анатолий Букреев, Хан Тәңірі мүмкін өзінің бұрыс орналасқан қабырғалары мен геометриялық пирамидалы симметриясының арқасында әлемдегі ең сұлу шыңға айналды деген екен. Тау көптеген елдердің, әсіресе ТМД елдері альпинистерінің өздерінің күшін сынайтын сүйікті орнына айналған. Шыңға шығу рекорды шығу бағыттары мен мүмкіндіктері жағынан ерекшеленеді, олар түрлі спортшыларға тиесілі екендігін түрлі ақпарат көздері хабарлайды. Дегенмен қатаң да мінсіз тау жүз жылдан астам уақыт әлемнің жетекші альпинистерін қызықтырып келеді. Осылайша ұзақ ғасырлар бойы, жоқ дегенде орта ғасырдан бергі уақытта Хан Тәңірі жайлы ақпарат жиналып, атыаңыз бен қасиетті орынға айналды. Соңғы жүзжылдықта бұл нысанның қасиеті арта түсті. Бұл жерге атейст болып келген альпинистердің көпшілігі жоқ дегенде романтик болып қайтады. Экстремальды ортаның табиғи әсері Орталық Азиядағы осы ұлы да ғажайып табиғи ескерткіштің сұлу келбеті адамды сынақ барысында өзгертіп, «мәңгілік» жайлы ойлануға мәжбүрлейді.

Бүкіл әлемге аты әйгілі Қазақстанның бұл сұлу орны таңдаулы туризмге арналған. Ол жыл сайын дүние жүзінің жүздеген туристерін өзіне тартады.

Хан Тәңірінің ерекше қасиеттерін М. Мақатаев өзінің «Хан тәңірі» туралы өлеңінде былай деп жазған:

Шыңның мен танымаймын аласасын,

Төбе де аласамен таласасың.

Тянь-Шаньның шашақтаулы найзасындай

Қайсың Хан тәңірімен жанасасың?

Шыңның мен ұнатамын биіктігін,

Шырқай кеп шыңырау көктен сүйіпті

Күн. Түндігін түртіп тұрған көк аспанның,

Қанеки, Хан тәңірінен иықты кім?!...

Деректер

Погребецкий М.Т. В глубь Центрального Тянь-Шаня // К вершинам советской земли: сб., посвящ. 25-летию советского альпинизма. – М.: Географгиз, 1949. – 575 с. ‑ С. 361

Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. – Алма-Ата: Гл. ред. Казахской советской энциклопедии, 1985. – Т. 2. – 416 с.

Горбунов А. Хантенгри. Краткий энциклопедический словарь исторических топонимов Казахстана / Сост. И.В. Ерофеева. – Алматы: Каз. НИИ Культуры, 2014 – 528 с.

Проскурин В.Н. Хан-Тенгри – гора тысячелетий // РГО Клуб альпинистов «Санкт-Петербург» /Website

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Хан Тәңірі
Орналасқан жері Алматы облысы,

A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Trying to access array offset on value of type null

Filename: pages/heritages_page.php

Line Number: 101

Backtrace:

File: /var/www/archaeology.kz/application/views/pages/heritages_page.php
Line: 101
Function: _error_handler

File: /var/www/archaeology.kz/application/views/index.php
Line: 107
Function: include

File: /var/www/archaeology.kz/application/controllers/Main_page.php
Line: 265
Function: view

File: /var/www/archaeology.kz/index.php
Line: 316
Function: require_once

Мұраның авторлары
Мұраның дереккөздері Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.
Мұра түрі Киелі объектілер
Мұра типі Табиғат ескерткіші