Әулие ағаш

Әулие ағаш (Үлкен ағаш, Киелі ағаш, 700 жылдық тал). XIII ғ. Әулие ағаш Алматыдан шығысқа қарай 310 км жерде Панфилов ауданы, Көктал ауылы маңында орналасқан. Ал, 700 жылдық тал Алматы облысы Кербұлақ ауданында, Алматыдан 280 км, Талдықорғаннан 190 км жерде, «Алтынемел» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында орналасқан.

Панфилов ауданындағы «Әулие ағаштың» қазақ тіліндегі тағы бір мағынасы «қасиетті ағаш» деп беріледі. Аңыз бойынша Ұлы Жібек жолымен керуенді алып жүретін Байбосын деген көпес бірде ұзақ жолдан шаршап келіп түнеуге тоқтап, жерді асатаяғымен ұрып қалады. Кейін осы жерге тал өсіп шығады. Басқа да аңыз бойынша асатаяқ Меккеге бара жатқан Чамашруба деген әулиенікі болған деседі.

Ежелгі заманнан бері көптеген өркениеттер аясында ағаштар құдайлардың орныққан, күш беретін жанды заттар сияқты және сиқырлы энергиямен қаныққан тіршілік иелері ретінде құдайларға арналған құт болып саналған. Ежелгі Үндістан өркениетінде ағаштарға табынушылық кеңінен таралған, ал далалық өркениетте бұл көне анимизммен, ежелгі түріктердің тәңіршілдігімен байланыстырылған, олар бұлақтар мен үңгірлер жанында жалғыз тұрған ағаштарда ұжымдық дұғалар жасаған. Тәуап етушілер қасиетті ағаштардың жанында ғұрыптық шараларды орындайды: олар өмірлік қуат алу үшін ағаштың діңін құшақтайды және ағаштың бұтақтарына жасырын дұға жасап орамалдар байлайды. Әулие ағаш айналасында қарағаштар тоғайы орналасқан. Аңыз бойынша тері ауруларынан зардап шеккен адамдар жылдың жылы мезгілінде ағаштар тамырларының арасына жиналған судың көмегімен ауруларын емдейалған. Бұл судың керемет қасиеттері бар деп есептеген.

«700 жылдық тал». Ел арасында қасиетті деп есептелетін бұл ағаштың жасын кейбір мәліметтерде 700 жыл деп көрсетеді. Бұл үлкен ағашты бірнеше адам қол ұстасып қана құшақтай алады. Аңыз бойынша XIII ғ. бұл ағаштың астында дүниені дүр сілкіндірген Шыңғыс хан Орта Азия мен Қазақстанға жасаған жорықтары кезінде өз әскерімен демалған екен. Ағаш «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы аумағындағы Көкбастау шатқалында орналасқан. Саябақ Алматы облысында Іле өзенінің жағалауында 523053 га жерді алып жатыр. Ол 1996 ж. бері ескерткіштерді  қорғау мәртебесіне ие болып, содан бері туризм саласына қызмет етіп келеді.

Ежелгі ағаш қарағашты тоғайдың ішінде тұр, оның периметрі бойынша темір қоршауы бар. Жеті жүз жылдық қарағаштың үлкен көлемін айналдырып өлшегенде 6,5 м құрайды. Бұл ағашқа тас төселген жіңішке жол алып барады, келушілер үшін орындықтар қойылған, демалатын орындар бар. Оның маңында кішігірім мешіт пен шырақшының үйі орналасқан. Бұл ұлттық саябақ – республикамыздағы әртүрлі ландшафттар (таулар, жазық дала, өзен алқабы, тоғайлы ормандар, құм) орын алған жалғыз шөлді саябақ болып есептеледі. Саябақта шөлді жерде өмір сүретін тұяқты жануарлар – құландар мен қарақұйрықтар тіршілік етеді. «Алтынемел» саябағын таныстырып, жол көрсетіп жүретін адамдары бар туристік маршруттар қалыптасқан.

Нысанның киелілігі «осы қасиетті ағаштар жамандықтан құтқарады, өмірлік күш береді, баласыз әйелдерге ұрпақ береді, ауруларға шипа, жақсылық әкеледі» деп есептелуінде. Бұл Қазақстандағы ағаш культінің болғандығының мысалы болып «700 жылдық тал» мен «Әулие ағашқа» тәуап ету белгілерін көрсетеді.

Жергілікті маңызы бар табиғат ескерткіші болып табылады.

Деректер

Национальный парк «Алтын-Эмель». URL: https://www. smileplanet.ru/kazakhstan/natsionalnyy-park-altyn-emel/ Истратов О. Священное дерево в Жаркенте. Аулие Агаш Жаркент. URL:https://yvision.kz/post/119949

Мирошниченко А. Маленькая родина: Жаркент – восточные ворота. URL: www.voxpopuli.kz/main/ malenkaya-rodina-zharkent-vostochnye-vorota-13180. html

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Әулие ағаш
Орналасқан жері Алматы облысы, Панфилов ауданы
Мұраның дереккөздері Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.
Мұра түрі Киелі объектілер
Мұра типі Табиғат ескерткіші