
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Осакаров ауданы
- Кезеңі
- 799 б.з.д. – 299 б.з.д.
- Санаты
- Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Қорғау аймағы
- ✓
- Авторлар
- Кукушкин Игорь Алексеевич
Сипаттама
Жуантөбе қорымы тау етегінде Жуантөбе с. солтүстік-батысында 5,5 км, грейдердің батысында 1 км, Қызылтас с. батысына қарай 4 км жерде орналасқан.
Қорым оңтүстіктен солтүстікке қарай созылған 4 ірі қорғаннан тұрады.
Қорған 1 – тас-топырақтан үйілген, диаметрі 30 м, биіктігі 1 м.
Қорған 2 – тас-топырақтан үйілген, диаметрі 40 м, биіктігі 3 м. Орталық бөлігінде диаметрі 15 м, тереңдігі 1 м шұңқырша қазылған.
Қорған 3 - тас-топырақтан үйілген, диаметрі 40 м, биіктігі 3 м. Орталық бөлігінде диаметрі 14 м, тереңдігі 1 м шұңқырша қазылған.
Қорған 4 – тас-топырақтан үйілген, диаметрі 40 м, биіктігі 3 м. Орталық бөлігінде диаметрі 12 м, тереңдігі 1 м шұңқырша қазылған.
2009 жылы ҚарМУ қызметкері И.А.Кукушкин ашқан.
Әдебиет:
Кукушкин И.А., Тулеуов Т.С., Кукушкин А.И. Қарағанды облысы Осакаров ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды, 2013. – 136 б.