Өртеңжал IIIб қорымы

Өртеңжал IIIб қорымы

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы
Кезеңі
500 – 1000
Санаты
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Түрі
Қорым
Түрі
Археология ескерткіштері
Қорғау аймағы

Сипаттама

Өртеңжал ІІІб қорымы төбе басында тригопункттен оңтүстікке қарай 5 км, №16 сорғы станциясының солтүстік-шығысына қарай 3,2 км, №15 сорғы станциясынан солтүстік-солтүстік-батысқа қарай 4 км, Қарағанды-Павлодар автожолының оңтүстік-шығысында 6 км, Бөрілі карьерінен оңтүстік- шығысқа қарай 14 км жерде орналасқан.

Қорым тастан үйілген екі қорғаннан тұрады.

Қорған 1. Диаметрі 7 м, биіктігі 0,3 м.

Қорған 2. Диаметрі 5 м, биіктігі 0,3 м.

Ескерткішті 1991 жылы И.А.Кукушкиннің ҚарМУ экспедициясы ашқан.

Әдебиет:

Кукушкин И.А., Тулеуов Т.С., Кукушкин А.И. Қарағанды облысы Осакаров ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды, 2013. – 136 б.

Карта

Фотогалерея

Бөлісу