Борлы қорымы

Борлы қорымы

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы
Кезеңі
500 – 1000
Санаты
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Түрі
Қорым
Түрі
Археология ескерткіштері
Қорғау аймағы

Сипаттама

Жазықтықта жеке дара тұрған төбе басында №16 сорғы станциясынан батысқа қарай 1,8 км, Бөрілі карьерінен шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай 8 км, ЖЭС-тен оңтүстік-шығысқа қарай 300 м жерде орналасқан. Қорым он екі құрылыстан тұрады.

Құрылыс 1. Қорған. Топырақтан үйілген. Диаметрі 30 м, биіктігі 2 м. Орталық бөлігінде топырақтан бос жерлер көрінеді.

Құрылыс 2. Қоршау, төртбұрышты пішінді. Топырақтан үйілген, көлемі 5 х 4 м, биіктігі 0,4 м. Орталық бөлігінде топырақтан бос жерлер көрінеді.

Құрылыс 3. Қоршау, төртбұрышты пішінді. Топырақтан үйілген, көлемі 6 х 5 м, биіктігі 0,4 м. Орталық бөлігінде топырақтан бос жерлер көрінеді.

Құрылыс 4. Қоршау, төртбұрышты пішінді. Топырақтан үйілген, көлемі 5 х 5 м, биіктігі 0,4 м. Орталық бөлігінде топырақтан бос жерлер көрінеді.

Құрылыс 5. Қоршау, төртбұрышты пішінді. Топырақтан үйілген, көлемі 4,5 х 4,5 м, биіктігі 0,4 м. Орталық бөлігінде топырақтан бос жерлер көрінеді.

Құрылыс 6. Қоршау, төртбұрышты пішінді. Топырақтан үйілген, көлемі 5 х 5 м, биіктігі 0,3 м. Орталық бөлігінде топырақтан бос жерлер көрінеді.

Құрылыс 7. Қорған. Топырақтан үйілген, Диаметрі 6 м, биіктігі 0,5 м.

Құрылыс 8. Қорған. Топырақтан үйілген, Диаметрі 2,5 м, биіктігі 0,3 м.

Құрылыс 9. Қорған. Топырақтан үйілген, Диаметрі 2,5 м, биіктігі 0,3 м.

Құрылыс 10 Қорған. Топырақтан үйілген, Диаметрі 2,5 м, биіктігі 0,3 м.

Құрылыс 11. Қорған. Топырақтан үйілген, Диаметрі 4 м, биіктігі 0,4 м.

Құрылыс 12. Қорған. Топырақтан үйілген, Диаметрі 4 м, биіктігі 0,5 м.

1991 жылы ҚарМУ қызметкері И.А. Кукушкин ашқан.

Әдебиет:

Кукушкин И.А., Тулеуов Т.С., Кукушкин А.И. Қарағанды облысы Осакаров ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды, 2013. – 136 б.

Карта

Фотогалерея

Бөлісу