Өртеңжал IV қорымы

Өртеңжал IV қорымы

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы
Кезеңі
799 б.з.д. – 0
Санаты
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Түрі
Қорым
Түрі
Археология ескерткіштері
Қорғау аймағы

Сипаттама

Өртеңжал IV қорымы төбелер арасындағы жазықтықта №16 сорғы станциясынан солтүстік-шығысқа қарай 4,7 км, Қарағанды-Павлодар автожолынан оңтүстік-батысқа қарай 5 км, Бөрілі карьерінің оңтүстік- шығысында 15 км жерде орналасқан. Қорымды солтүстік-батысынан солтүстік-шығысына қарай ЖЭС кесіп өтеді.

Қорым тастан үйілген төрт қорғаннан тұрады.

Қорған 1. Диаметрі 18 м, биіктігі 1,5 м.

Қорған 2. Диаметрі 5 м, биіктігі 0,3 м. бұдан ұзындығы 50 м, шеттерінде тас үйілген екі доға тәріздес тас қаламасы шығады.

Қорған 3. Диаметрі 2 м, биіктігі 0,2 м.

Қорған 4. Диаметрі 6 м, биіктігі 0,3 м.

1991 жылы ҚарМУ қызметкері И.А. Кукушкин ашқан.

Әдебиет:

Кукушкин И.А., Тулеуов Т.С., Кукушкин А.И. Қарағанды облысы Осакаров ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды, 2013. – 136 б.


Карта

Фотогалерея

Бөлісу
Өртеңжал IV қорымы — Archaeology.kz