Қазығұрт тауы

Шымкент қаласынан оңтүстікке қарай 40 км жерде орналасқан. Қазығұрттың тау сілемі өзара аңғар арқылы жалғасқан екі жотадан тұрады.

Орталық Азия халықтарының дүниетанымында Қазығұрт тауы қасиетті орын болып саналады. В.И. Масальскийдің ХХ ғ. басындағы сипаттамасында тау Түркістандық Арарат деген атау алған. Басқа таулармен салыстырғанда аса биік емес болғанына қарамастан, Қазығұрт тауы – аты шулы аңызға бай. Солардың бірін ХІХ ғ. соңында Ә.А. Диваев ел аузынан жазып алып жариялаған. Аңыз бойынша Қазығұрт тауы өзінің дәрежесі жағынан айналадағы әлемнен жоғары тұрған. Бүкіл әлемді топансу басқан кезде су алмай арал болып қалған таудың басына Нұх пайғамбардың кемесі тоқтаған. Осы кезде тау басында әулие қарт Қазығұрт ата мекендеген. Осы уақыттан бастап тау Қазығұрт деп аталып кеткен.

Халықтық этимология Қазығұрт топонимінің пайда болуын Қазығұрт ата антропонимімен байланыстыруы күмән туғызбайды. Дегенмен Қазығұрт сөзінің тамыры ежелгі, исламға дейінгі дәуірге кетеді. Топоним туралы алғашқы атау ІХ ғ. ортасында ибн Хордадбек құрастырған жазбада кездеседі. Ол өз еңбегін жазуда едәуір ертеректегі VІІІ ғ. жататын материалдарды пайдаланған. Оның «Китаб ал-масалик ва-л-мамалик» – «Жолдар мен елдер кітабы» атты шығармасында Шаш пен Испиджаб арасындағы керуен бағыты жайлы баяндалады. Онда: «[аш-Шаштан темір қақпаға дейін 2 миль; [аш-Шаштан] Кубалға дейін 2 фарсах, сосын Гаркардқа дейін 6 фарсах, одан әрі шөлді жермен Исбиджабқа дейін 4 фарсах. аш-Шаштан [Исбиджабқа] дейін барлығы 13 фарсах» деп жазылған.

Осы шығарманы аударған С. Волин былай деп жазады: «Қолжазбадағы р.к.р.д., шамасы, Газгерд деп оқылу керек; ол, Абдулла- намада кездесетін... Сайрам маңындағы жер – Казгердпен теңестірілуі мүмкін».

Әлбетте, сөз Гар және Гурд (Гирд, Кард, Герд) деген екі сөзден тұрады. Бұл ретте Гар элементін түрлі сөз құрастыру үдерісінде қатысатын және субстрат ретінде түсіну керек. Ол тау деген түсінік беретін атаумен Еуразияның үлкен аймағына тараған. Салыстыратын болсақ: ежелгі иранша ‛gаri’ – тау, авесталық ‛garау’ – тау, үндіеуропалық параллельдер: – арабша ‛тау’ – ‛тік беткейлі оқшауланған төбе’, ‛жұрнақ’: грузинше ‛gora’ – ‛төбешік’, ‛төбе’; тибетше ‛гархи’ – ‛бекініс’.

Топонимнің екінші бөлігі ‛курт’ сөзі де Еуразия құрлығында кең тараған. Еуразиялық лексикалық параллельдерді зерттеген Г.Е. Корнилов түрік, славян және протославян тілдерінде өзара кірме сөздердің барын байқаған. Мысалы, түрікше: ‛курд’ – сөзбе-сөз ‛басты орда’, ‛бір ұя қасқыр, ‛қасқыр’, комише – ‛үй’, удмуртша – ‛ағаш’, ‛қыстақ’, ‛ауыл’; хантыша ‛корт’ (курт) – ‛баспана немесе қоныс’, сондай- ақ славяндық параллельде, мысалы, украинша ‛гурт’ – топ, компания, жиын, тобыр, табын’. Г.Е. Корниловтың айтуынша, протославяндық ‛гордъ’ литовша ‛гордос’ – ‛қоршау’ деп баламаланады, готша – ‛үй’, албанша ‛гортх’– ‛шарбақ’.

Бір қызығы, ‛гурт’ (гурд) топоформаты иран (батыс иран) тілінде ‛ауыл’, ‛тұрақ’ (‛стан’) деген мағынада кездеседі. IХ–ХIII ғ.ғ. Мауераннахрдың ирандық топонимиясын зерттеген А.Л. Хромов Соғды жерінде kird/ gird топоформатының пайда болуы бұл жерге VI–VII ғ.ғ. несториандық мағынадағы христиандықтың (орталығы Мерв болған) таралуымен байланысты деп түсіндіреді. Өйткені осы кезеңнің барлық атаулары (барлығы үшеу) христиандардың ауылдарының атауы ретінде аталып өтеді. Ол ‛gird’ топоформатындағы атаулар Закавказье мен Иранда кең тарағандығын көрсете келіп, осы топоформатты ортапарсылық ‛kart’ және ежелгі ирандық ‛krta’ атауларымен этимологиялық жағынан байланыстырады.

Қазығұрт топонимінің несториандық бағыттағы тамырын өрбіту өте қызықты, бұл ретте Ә. Диваев жариялаған топан су мен Нұх кемесі туралы інжілдік аңызды еске алу орынды. Сонымен қатар аңыздың едәуір ежелгі, христиандыққа дейінгі дәуірде пайда болуы мүмкіндігін теріске шығара алмаймыз. Қалай болғанда да, Джеймс Джордж Фрэзер өзінің еңбегінде адамзат өміріндегі осы ұлы апаттың уақыты мен географиялық таралу аймағын көрсетіп береді.

Дүниежүзілік топансу жайлы аңызбен байланысты айтылатын Қазығұрт тауы барлық діни концессияда адамзат болмысының пайдаболғанынан ақырзаманға дейінгі жаһандық қасиетті маңыздылығын әрқашан өзімен бірге алып келеді. Ал, сол қасиетті ғұрып (немесе таудың қасиетті орындарына рәсімдік сапар) шамасы несториандыққа дейін болған және олар оны әулиелі орын қатарына қосып алған, кейіннен мұсылмандар да қасиетті орынға айналдырғандығын Зәйнуддин Уасифи қалдырған мәліметтер растайды. Оның жазуы бойынша 1536 ж. өз әскерімен жорыққа шыққан Хазірет Убайдаллах хан Қазығұрттың баурайына арнайы тоқтап, Жаратқанға жалбарынып, сапарының сәтті болуын өтініп дұға оқыған.

Сонау ерте заманнан қалыптасқан Қазығұрттың киелі орындарына табыну дәстүрі мен салт-жоралғысы бүгінгі күнге дейін сақталған. Оның бөктерлері мен таудың басында бірнеше киелі орындар бар. Олар: «Ақбура», «Тамшы бастау», «Кеме қалған», «Қазығұрт ата», «Шілтер ата», «Әңгір ата», «Оспан ата» және т.б. Аталған барлық тәуап ету нысандары өте ғиззатты саналғандықтан, зиярат етушілер көп келеді.

Қазығұртты киелі тау санаған халқымыздың жадында мынандай жолдар сақталған:

Қазығұрттың басында кеме қалған,

Ол әулие болмаса неге қалған?...

Деректер

Бадаи ал-Вакаи // Материалы по истории казахских ханств ХV–ХVIII вв. – Алма-Ата: Наука, 1969. – С. 172–184.

Байтанаев Б.А. Вопросы локализации Гаркурда-Газгирда // Известия МОН РК, НАН РК. Сер. обществ. наук. – 2003. – № 1. – С. 126–137.

Волин С. Сведения арабских источников IХ–ХVI вв. о долине реки Талас и смежных районах // ТИИАЭ. – 1960. – Т. 8. – С. 72–92.

Диваев А.А. Легенда о Казыкуртовском ковчеге // Сборник материалов для статистики Сырдарьинской области. – Ташкент, 1896. – Т. 5. – С. 1–11.

Корнилов Г.Е. Евразийские лексические параллели. – Чебоксары, 1973. – Ч. 1. – 183 с.

Масальский В.И. Россия: Полное географическое описание нашего отечества. – СПб., 1913. – Т. 19. – 861 с.

Мурзаев Э.М. Словарь народных географических терминов. – М.: Картгеоцентр-Геодезиздат, 1999. – Изд. 2; перераб. и доп.: в 2-х томах. – Т. 1. – 340 с.

Фрэзер Дж. Дж. Фольклор в Ветхом Завете. – М.: Политиздат, 1989. – 542 с.

Хромов А.Л. О структурных особенностях иранской топонимии Мавераннахра в период IХ–ХIII вв. // Восточная филология. – Душанбе, 1974. – Вып. 3. – С. 3–25.

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Қазығұрт тауы
Орналасқан жері Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы
Мұраның авторлары
Мұраның дереккөздері Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.
Мұра түрі Киелі объектілер