Ишанбазар мешіті

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Аққойлы ауылында орналасқан. Мешіттің бірнеше атауы бар: Күмеш мешіті (өзеннің аты бойынша), Аққойлы (осы жерде тұратын қазақтың аққойлы руына байланысты), Ақмешіт, Ахун мешіті, Ишанбазар.

Мешіт Аққойлы ауылында, Арыс алқабының өзіндік орталығы болған төбеде орналасқан. Бұл жер қазан төңкерісіне дейін аймақтың діни және қоғамдық өмірінің қайнаған орталығы болған. Қала маңындағы монументалды мешіт құрылысы, сондай-ақ киелі табиғи ландшафтқа себепші бола алады.

Жергілікті аңыз бойынша осы жерде Сағындық және Егемберді ақындар өмір сүрген. Егемберді Бұхара қаласында отыз жыл оқып ишан лауазымын алады және мешіттің бірінші имамы болып, оның жанынан медресе ашады. Егембердінің ұлы Мади қари де Бұхарада рухани білім алады. Ол шамамен 1886 ж. мешіт құрылысын бастап, жұмысқа жетекшілік етеді. Іргетасын Ташкенттен келген екі шебер қалаған, сонымен қатар құрылыс жұмыстарына Жүсіп деген есімді ташкенттік сәулетші басшылық жасағандығы туралы араб тілінде мешіт интерьерінде жазылған. Мешіт жергілікті тұрғындардың көмегімен Мади мен оның туыстарының қаражатына салынған. Мешіт құрылысы шамамен 30 жылдай жүргізіледі. 1926 ж. мешіт жабылғаннан кейін, 40 жыл ішінде мешіт біртіндеп қирап, оның кірпіштері басқа құрылыс жұмыстарына қолданылады.

Бұл мешітте белгілі қазақ ақыны Нысанбайұлы Нұралы (1857–1930) оқыған. 1

981–1983 ж.ж. Қазақ КСР-і Мәдениет министрлігінің «Қазақ жобалау-қалпына келтіру» институтының экспедициясы сәулет ескерткіштерін төлқұжаттау кезінде ескерткіш алғаш рет зерттеледі. Ол Қазақстанның тарих және мәдениет ескерткіштері жинағына енгізілген (Г.М. Камалова). 1983 ж. архитектурасын өлшеп, іргесін анықтау үшін ғимараттың оңтүстік-шығыс және солтүстік-шығыс бұрыштарына археологиялық шурф салынады. 1987 ж. мешітті қалпына келтіру жобасы дайындалады («Қазақ жобалау-қалпына келтіру» институты). 1990 ж.ж. басында ішінара қалпына келтіріледі.

Бұл – Қазақстандағы қала маңындағы мешіттің сирек түрінің бірі намазгох (мусалла ал-ид – «мейрамда намаз оқуға арналған орын» немесе мусалла ал-идайн – «қос мейрамда намаз оқуға арналған орын»). Ол мұсылмандардың жылына екі рет келетін ірі мейрамдары күндері жамағаттың намаз оқуына арналған: ид аль-адха немесе ид аль-кабир, ид аль-курбан (арабша), құрбан мейрамы (түрікше) мен ид аль-фитр, ид ас-сагир (арабша), ораза мейрамы (түрікше). Намазгохтің міндеті – көп адам жиналатын орын ретінде қызмет ету. Оның идеясы – оларды Құдайға ортақ мінәжат етуге біріктіру.

Ишанбазар – ортасында үлкен көлемді күмбезі, ал негізгі фасадында күмбезді айваны бар 2-қатарлы, 5-аралықты мешіт. Оның порталы күмбезді айванның көлемі мен биіктігі бойынша болмашы ғана ерекшеленеді. Ишанбазар мешітінің архитектуралық-жоспарлау шешімі кеңістік және оған іргелес алаңмен тығыз байланысты.

Мешіт XIX ғ. қолданылған, өлшемі 27х14х7 см күйдірілген кірпіштен қаланса, ал күмбездері, аркалары және басқа да қиғаш келген бөліктері өлшемі 25х25х5 см болатын төртбұрышты кірпіштен тұрғызылған.

Тоғыз бөлмеден тұрады: михрабты үлкен намаз залы (қысқы мешіт), оған солтүстік және оңтүстік жағынан қос төртбұрышты бөлмелер жалғасқан. Михрабты залға бөлмелердің кең аркалармен қосылғандығы соншалықты – еркін кеңістікті құрап жатыр. Ғимараттың бұрышында имам және шәкірттерге арналған құжыра (тұрғын бөлмелер) орналасқан. Ишанбазар архитектуралық жағынан медресе емес. Бірақ культтік және қоғамдық-мәдени маңыздылығы сондай – оның типологиялық аясын өсіріп, көптеген адамдарды өзіне тартқан орталыққа айналған. Ол – мейрам күндеріндегі мешіт әрі марқұмдарды еске алу орны бола тұрып, рухани мектеп пен халық үйі қызметін де атқарды және монументалды архитектуралық құрылыс ретінде аймақ өмірін ұйымдастырудың бастаушысы.

Мінәжат етушілерге қараған шығысындағы көркемделген айван мешітті безендіріп тұр. Оның терең көлегейлі ұяшықтары сыртқы қабырғаларының саңылаусыз тегісбетіне кереғар жасалған. Бүкіл ғимараттың үстін және басты мінәжат залын көлемді келте күмбез толықтай жапқан. Ол аркалық және қалқанша желкеннен тұратын құрылымда салынған. Михрабты залға солтүстігі мен оңтүстігінен жалғасқан бөлмелердің төртбұрышты жоспарынан шағын сфероконусты күмбездеріне өтуі қабырғалардың өсі бойынша сүйір келген аркаларға сүйенген шағын қалқанша желкендердің көмегімен жүзеге асырылған. Қалқанша желкеншенің үстіндегі сүйірлі күмбездер қатары айванның өтпелі галереясын жауып тұруы әбден мүмкін.

Басты залдың батыс қабырғасына әдемі михраб жасалынған болса, қабырғаның өзі дәстүрлі өрнектер сарынындағы шешек атқан гүл шоқты вазалы картуш пен панноға бөлінген. Қабырғаны көлденеңі бойынша теңдей бөліп тұрған секілді көк түсті сегіз бұрышты жұлдызшалардан тұратын гирихті жіңішке лента аяқтаған. Үлкен панноның үстіне шағын эпиграфикалар жазылған. Эпиграфиялық зер бағдарламасы Құран аяттары мен хадистің үзінділерін қамтиды. Олардың кейбіреулерін оқып, қайта жаңартуға болады.

Республикалық маңызы бар сәулет ескерткіші. 1982 жылдан бастап мемлекет қорғауына алынған. Тәуап ету және діни туризм нысаны.

Деректер

Байтанаев Б.А., Ёлгин. Намазгох в Южном Казахстане (Мечеть Ишан-Базар) // Известия НАН РК: Сер. обществ. наук. – 2011. – № 3. – С. 139–151.

Камалова Г.М. Мечеть Ишан-Базар // Свод памятников истории и культуры Казахстана. – Алма-Ата: Гл. ред. «Қазақ энциклопедиясы», 1994. – Т. 1: ЮКО. – 368 с. ‑ С. 94.

Baitanayev B.А., Yolgin Yu.А. Islamic architecture on the territory of south Kazakhstan // Oriente Moderno: Nuova serie, anno XXVI (LXXXVII). – I. – 2007. Studies of Central Asia. – P. 36–52.

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Ишанбазар мешіті
Орналасқан жері Түркістан облысы, Ордабасы ауданы
Мұраның авторлары
Мұраның дереккөздері Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.
Мұра түрі Монументтік өнер құрылыстары
Мұраның санаты Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Мұра типі Кесене