Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Осакаров ауданы
- Кезеңі
- 799 б.з.д. – 0
- Санаты
- Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Қорғау аймағы
- ✓
- Авторлар
- Ломан Валерий Григорьевич
Сипаттама
Қаратоғай VI қорымы Тельман с. оңтүстік-батысында 4,8 км, Қутұмсық с. оңтүстік-шығысқа қарай 1,9 км жерде төбе беткейінде орналасқан.
2 қорғаннан тұрады.
Қорған 1. Тастан үйілген, диаметрі 6 м, биіктігі 0,3 м. Үйіндіден солтүстікке қарай батыстағы ұзындығы – 18 м, шығыстағы ұзындығы – 30 м доға тәріздес тастар қаланып қойылған. Тас тізбектерінің арасының алшақтығы 18 м. Шетінде дөңгелек пішінді тас үйінділері көзге шалынады, диаметрі 2 м, тас тізбектерінің ені 1,5 м.
Қорған 2. Солтүстік-шығыс бағытында сопақша келген, көлемі 1,5х2м,биіктігі 0,3 м, болжамды бағыты солтүстік-батысқа қараған қорған 2 орналасқан.
1995 жылы ҚарМУ қызметкері В.Г.Ломан ашқан.
Әдебиет:
Кукушкин И.А., Тулеуов Т.С., Кукушкин А.И. Қарағанды облысы Осакаров ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды, 2013. – 136 б.