
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Осакаров ауданы
- Кезеңі
- 799 б.з.д. – 299 б.з.д.
- Санаты
- Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Оба
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Кукушкин Игорь Алексеевич
Сипаттама
Үкілі тауының сол жақ жоғары беткейінде Құстұмсық с. оңтүстік-оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км, Тельман с. батысында 5,1 км, Қаракөл көлінен батысқа қарай 3,6 км жерде орналасқан. Қорған қоршау диаметрі 12 м, биіктігі 0,5 км ірі тастардан қаланған. Орталық бөлігінде диаметрі 5 м, тереңдігі 0,3 м қазылған шұңқырша бар.
2008 жылы ҚарМУ қызметкері И.А.Кукушкин ашқан.
Әдебиет:
Кукушкин И.А., Тулеуов Т.С., Кукушкин А.И. Қарағанды облысы Осакаров ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды, 2013. – 136 б.