Есет-Дәрібай мемориалдық кешені

1993 ж. Ескерткіш Шалқар қаласынан 72 км оңтүстік, оңтүстікбатыста, Ақтөбе облысының Байқадам ауылынан (Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы) 10 км батыс, оңтүстік-батыста орналасқан. Бейіт Шолақжиде деп аталатын жерде, Ұлы Борсыққұм құмдарының орталық бөлігінде орналасқан.

Ескерткіш ХІХ ғ. екінші жартысында салынған шекті руының әйгілі батыры Есет Көтібарұлының отбасылық бейіті болып табылады. ХІХ ғ. соңында мұнда Есет Көтібарұлы мен оның інісі Дәрібай жерленіп, өзіндік ерекшелігі бар кесенелер салынған. Содан бері Есет-Дәрібай бейіті деп аталып кеткен. Ескерткішті сәулетші шебер Қошық Еспенбетұлы тұрғызады. 1990 ж.ж. басында ескі кесенелердің орнына жаңа мемориалдық кешен бой көтереді.

Есет Көтебарұлы (Көтібарұлы) – ХІХ ғ. аты халыққа мәлім болған қазақ батырларының бірі (1803–1889 ж.ж.; басқа мәліметтер бойынша 1807–1888 ж.ж.), шекті руының қабақ тармағынан тараған Көтібар Бәсендеұлының үлкен ұлы. ХІХ ғ. 30 ж.ж. өзінде-ақ қазақтың ұлт-азаттық көтерілістерінің жетекшісінің бірі ретінде белгілі болған: 1838 ж. Жоламан батырмен бірлесіп патша әскерлерінің экспедициясына қарсы қарулы көтерілісті басқарады; 1847 ж. бастап Арал маңы мен Сырдария алқабы қазақтарының Қоқан билігі мен Хиуа хандығына қарсы күрестің жетекшілерінің бірі болады. Есет батыр ұзақ жылдар бойы патша отарлауына қарсы қарулы көтеріліске қатысып, 1855–1858 ж.ж. шекті, табын, адай руларынан құрылған 1500 жауынгерден тұратын жасақты басқарған уақыты көтерілістің шарықтау шегі болды. Есет батырға және бейбіт халыққа қарсы бірнеше жазалау экспедициялары жіберіледі. 1859 ж. ол Александр ІІші патшаға жіберілген қазақ депутациясының құрамында болады. Ол – өз руының көрнекті биі, шектіқабақты руының рубасы; 1869 ж. Ырғыз уезі бастығының көмекшісі болып тағайындалады. Батырдың алып денесі, бүлікшілдік рухы ресейлік замандастарын, қарсыластарын, саяхатшыларды таңғалдырады. Өз кезегінде зерттеуші К.К. фон-Шульц: «Батыр Есет Көтібаров – өз руында дала Шамилі – 20 жылдық күрестен кейін ғана, 1838–1858 ж.ж. біздің билікке бағынды» деп жазады. Есет батыр бейнесі қазақ халық эпосында («АйманШолпан») кездеседі.

Есет пен Дәрібай Көтібарұлы кесенесі алғаш рет 1944 ж. Қазақ КСР-і Архитектура істері басқармасының Ақтөбе бөлімшесінің бастамасымен (Т.К. Басеновтың жетекшілігімен) зерттеліп, оны қайта қалпына келтіру жұмыстарының жобасы жасалғанымен (авторлары: Т. Басенов, Г. Кан, С. Угрюмов), өкінішке орай ол жүзеге аспайды. 1979 ж. «Қазқайтажаңғырту» Республикалық арнаулы ғылыми-реставрациялық өндірістік шеберханасы (жетекшісі С. Әжіғали) зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Сол кездің өзінде, әсіресе Есет батыр кесенесі апатты жағдайда болғанымен, ескерткішке қажет консервациялық-реставрациялық жұмыстар жүргізілмейді. 1993 ж. Есет-Дәрібай бейіті жергілікті билік пен көпшіліктің бастамасымен абаттандырылып, ескі кесенелердің орнына силикатты кірпіштен жаңа ескерткіштер тұрғызылады.

Мемориалдық кешенінің ғылыми, тарихи-мәдени және қоғамдық маңыздылығы үлкен. Есет пен Дәрібай Көтібарұлының бастапқы (бүгінде бұзылып кеткен) кесенелерінің сипаттамаларын зерттеушілер алған, ол бойынша тарихиархитектуралық қатынасында қазақ халқының сәулет өнерінің өзіндік үлгісі ретінде өз құндылығын жоймаған. Оның үстіне қазіргі мемориалдық кешен қазақ халқының ұлтазаттық қозғалысы тарихында көрнекті тұлға қызметімен байланысты тарих және мәдениет ескерткіші ретінде ерекше маңыздылығын сақтап келеді. Есет-Дәрібай бейіті бұрыннан Шалқар және жақын аудандар тұрғындары арасында белгілі болғандықтан, мәдени туризм, тәуап ету мен Аралдың солтүстік маңының «киеліорындарыныңгеографиясындағы» нысан ретінде өзекті болып табылады.

Есет пен Дәрібай Көтібарұлының алғашқы ескерткіштері төрт күмбезді төртбұрышты жоспары бойынша көп камералы, архитектуралық типі бойынша жақын екі кесенеден тұрады: «қалқа қабырғалары бар» және «кірест үлгісінде пилондар орнатылған». Есіктері оңтүстікке қараған құрылыстардың жоспары бойынша көлемдері – 6,80х6,80 және 8,50х9,00 м; олар негізінен шикі және ішінара күйдірілген кірпіштен салынған. Кесенелер соғыстан кейінгі жылдары айтарлықтай қиратушылыққа ұшырағанымен, өзінің негізгі композициялық-жоспарлық белгілерін сақтап қалды. 1970 ж.ж. аяғындағы зерттеу жұмыстары кезінде салыстырмалы түрде Дәрібай кесенесі біршама жақсы сақталғаны және биіктігі 5,0 м жуық болғандығы анықталады.

Қазіргі кездегі мемориалдық кешен силикатты және күйдірілген кірпіштен тұрғызылған екі жаңа бірдей күмбезді кесенеден (көлемі – 7х7 м, биіктігі – 8 м), олардың аралығына салынған биік бақылау мұнарадан (биіктігі – 16 м) тұрады. Ішкі қабырғасы мен кесенелердің едені мәрмәр тақталармен қапталған. Есет пен Дәрібайдың қабір үсті матамен (масаты) жабылған аласа тікбұрышты «сағана» түрінде рәсімделген. Кешенің барлығы периметрі бойынша шойын қоршаумен қоршалған, оған шығыс жағындағы жалғыз аяқ жолмен кіруге болады. Мұның жанында шырақшының үйі орналасқан.

Есет пен Дәрібай Көтібарұлы кесенелеріне зиярат етушілер алыс-жақын аудандардан келеді.

Деректер

Аджигалиев С.И. Отчет о работе архитектурноискусствоведческой экспедиции в Западном Казахстане в 1979 г. // Архив НИПФ РГП «Казреставрация» Министерства культуры и спорта РК (бывш. Архив РСНРПМ «Казреставрация», б. инв. №).

Ажигали С.Е. У берегов Прикаспийской истории – Тарих тағылымы [2-я кн. из серии «Каспий қайраңы»]. Познават. издание. – Алматы: Джулдас и компания, 2000. – 328 с. (Соавт.: Ж. Адаев).

Ажигали С.Е. Памятники Северного Приаралья // История и культура Арало-Каспия: сб. статей.– Алматы, 2001. – Вып. 1. – С. 150–183.

Ажигали С.Е. Архитектура кочевников – феномен истории и культуры Евразии (памятники АралоКаспийского региона). – Алматы: НИЦ «Ғылым», 2002. – 654 с.

Ажигали С.Е., Бекназаров Р.А. Отчет Актюбинской комплексной этноархитектурной экспедиции 2005 г. (АктКЭАЭ–2005). Актобе – Алматы, 2005 (110 с.) // Архив Актюбинской обл. гос. инспекции по охране историко-культурного наследия. – 110 с. Есет күмбезі // Қазақ Совет энциклопедиясы. – Алматы, 1974. – 4-т. – 189 б.

Материалы обследования памятников Актюбинской обл. Управлением по делам архитектуры при Совете Министров КазССР в 1940-х гг. // Архив НИПФ РГП «Казреставрация» Министерства культуры и спорта РК (бывш. Архив РСНРПМ «Казреставрация», б. инв. №).

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Есет-Дәрібай мемориалдық кешені
Орналасқан жері Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы
Мұраның авторлары
Мұраның дереккөздері Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.
Мұра түрі Ансамбльдер мен кешендер
Мұра типі Кешен