Есет батыр Көкіұлы мемориалдық кешені.

Кешен ерте көшпенділер дәуірінен бастап қазақтардың қазіргі кездегі жерлеу салтымен аяқталатын ескерткіштерді қамтиды. Бестамақ ауылының шығыс жағында 2 км жерде орналасқан мемориалдық кешеніндегі Есет батыр Көкіұлы (1667–1749) кесенесі негізгі ғибадат ету орны болып есептеледі (Ақтөбе облысы, Алға ауданы).

Есет Көкіұлы ХVІІ ғ. екінші жартысы– ХVІІІ ғ. бірінші жартысында өмір сүрген, қазақ тарихында өзінің батырлығымен және ержүректігімен өшпес із қалдырған батыр. Шыққан тегі – Кіші жүз – Жетірудың ішіндегі тама руынан. ХVІІІ ғ. басында жоңғарлардың үздіксіз шабуылы мен ішкі өзара дау-дамайлар Қазақ хандығының әлсіреуіне алып келеді. Есет батыр Жәнібек және Бөкенбай батырлармен бірлесіп жоңғарлар жағынан төніп келе жатқан қауіптің алдын алу жолында халықты жігерлендіріп, ерекше табандылық көрсетеді. 1717–1718 ж.ж. Әбілқайыр мен Қайыптың басшылығымен Бөген, Шаян және Арыс өзендерінің жағалауында, Түркістан, Аягөз іргесінде қазақ жасағының жоңғарлармен шайқасында Есет батыр өзінің қолбасшылық қабілетімен көзге түседі. 1726 ж. Ордабасы жанында бүкіл қазақ жасағы құрылып, оны Әбілқайыр басқарады. 1727 ж. Бұланты өзенінің жағасында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» кейін алғаш рет ойрат әскеріне күйрете соққы беріледі. Шайқас болған жер халық жадында «Қалмақ қырылған» деген атаумен сақталып қалды. Екі жылдан кейін Балқаш көлі маңындағы Аңырақай жазығында қазақ пен ойрат күштерінің арасында шешуші шайқаста жау әскерлеріне күйрете соққы беріледі. Осы шайқаста Есет батыр Кіші жүз әскерін басқарады. Есет батырдың бұдан кейінгі өмірі Әбілқайыр ханның саяси қызметімен тығыз байланыста өрбиді. Бөкенбай және Жәнібек батырлармен бірге Есет батыр ханға сүйеу болып, ханның кеңесшісі және серіктесі болады. Ресей империясының Үкіметі 1743 ж. патша жарлығымен Есет батырға «Тархан» деген атақ береді.

Есет батыр Ақтөбе облысы Алға ауданының Бестамақ аулына жақын жерде жерленеді. 1992 ж. батырдың 325 жылдығы республика деңгейінде аталып өтіп, қайтадан ұлутас кірпішінен кесене тұрғызылып, ашық қызғылт түсті келген әкті-ұлутас тақталармен сырт жағы қапталады. Кесене бір камералы, жобасы төртбұрыш пішінді болып келген, дулыға тәріздес күмбезбен жабылған және Маңғыстау үлгісіндегі кесене-дүңгіршек стилінде орындалған. Сәулетші Т. Жанысбеков 1990-шы ж.ж. Батыс Қазақстандағы кесенелердің дәстүрлі стиліне кейбір жаңалықтар енгізеді, дәлірек айтсақ, кіреберіс ойығы батыс жаққа бағытталған кесененің текше дүңгіршегіне шығыс жағынан қазақ жауынгерінің мүсіні толық бойымен орнатылады, ал оңтүстік пен солтүстік жақта дулыға киген жауынгердің бет әлпетінің бейнесі беріледі.

Қазіргі «Есет батыр Көкіұлы» мемориалдық кешеніне кесенемен қатар, музей, шырақшы үйі кіреді. 2017 ж. батырдың туғанына 350 жыл толуына орай кешенде жеке кіретін триумфалды арка, зиярат етушілерге арналған жазғы жабық алаңқайлар салынады. Бестамақ аулындағы Ақтөбе – Алға тас жолы бойына батырға арнап ескерткіш қойылады.

Деректер

Ажигали С.Е. Архитектура кочевников – феномен истории и культуры Евразии (памятники Арало- Каспийского региона). – Алматы: НИЦ «Ғылым», 2002. – 654 с.

Ажигали С.Е. Выдающиеся памятники архитектуры Актюбинской области: Фотовыставка. Научно- информационное издание. – Алматы – Актобе, 2015. – 52 с.

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Есет батыр Көкіұлы мемориалдық кешені.
Орналасқан жері Ақтөбе облысы, Алға ауданы
Мұраның авторлары
Мұраның дереккөздері Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.
Мұра түрі Киелі объектілер
Мұра типі Кешен