Ащыайрық культтік-тұрғын үй кешені

Ескерткіш Ақтұмсық ауылынан 53 км оңтүстік-батыста, Солтүстік Үстірттегі (Доңызтау) Ащыайрық деп аталатын үлкен сайдың жоғарғы жағында орналасқан (Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы). Ны сан бірнеше ескерткіштер тобын қамтитын және біршама жақсы сақталған қазақтың ескі қонысынан тұрады.

Кешеннің пайда болуы ХІХ ғ. орта тұсына жатады және бұл Үстірттегі көшпелі қазақтардың басым бөлігінің (әсіресе Шөмішті-Табын рулары) жартылай көшпелі-жартылай отырықшы өмір салтына өтуіне, Арал-Каспий аймағында идеология ретінде ислам дінінің бекуіне, қазақ малшыларының балаларын сауаттылыққа үйрету қажеттілігіне байланысты. Көбіне культтік сипат алып жүрген қоныс аталған рудың қарақойлы ру тармағы қазақтарынан қалған (қорымдағы құлпытастардағы эпитафиялар). Ақпарат берушілердің мәліметтері бойынша «Ащыайрықтағы мешітті адай руының бір адамы тұрғызып, кейін осы жерге қоныстанған табындардың ишанына тапсырып кеткен» (М. Нұрмагамбетов, 1907 ж. туылған, Байғанин ауданының Бұлақтыкөл ауылы); келесі бір мәліметтер бойынша мешіт ишандары табынның жолый руы екібас тармағының өкілдері болған (Т. Серікбаев, 1937 ж. туылған, Алға ауданының Алға ауылы). Культтік-тұрғын үй кешені ХХ ғ. 20-шы ж.ж. аяғы – 30-шы ж.ж. басына дейін қызмет еткен. 1892 ж. ескерткіш басында геоморфолог С.Н. Никитиннің экспедициясы болып қоныстың фотосуреттерін түсіреді [«Казахи» басылымын қараңыз, 2013, 523 б.]. Кешенде тұрақты тұрғын үйдің түрі мен көшпелі тұрғын үйлері (киіз үй) бар культтік құрылыстар үйлесімділік тапқан.

Ащыайрық кешені – Солтүстік Үстірт аймағындағы қазақ халқының басқа да осыған ұқсас қоныстары сияқты ерекше тарихи ескерткіш нысаны, қазіргі Ақтөбе облысының оңтүстік аудандары мен оған іргелес аймақтарындағы (тіпті Әмудария өзенінің оң жағалауындағы саны жағынан аса көп қазақ диаспорасы қоныстанған Бесқала ауданына дейін) маңызды мәдени ескерткіш. Нысан 1990 ж.ж. басына дейін Шөмішті-Табын рулары өкілдерінің көп баратын, ішінара адай руларының өкілдері баратын орны болған. Алайда инфрақұрылымының өзгеруіне және Байғанин ауданының оңтүстік жартысындағы мал шаруашылығымен айналысатын халықтың қоныс аударуына, әрі кетуіне және ескерткіштердің аса қашықта болуына байланысты зиярат етушілер саны біршама азайып кетті. Әйтсе де осы өңірдің тумалары мен олардың ұрпақтары Доңызтау культтік-тұрғын үй кешеніне аракідік болса да барып тұрады. 2000 ж.ж. Ащыайрық кешенінің шығысына қарай Ақсай 1 (жоғарғы) кешені ауданында көпшілігі патшалық және кеңес үкіметі кезінде қуғын-сүргінге ұшыраған Солтүстік Үстірт өңірінің діни-ағартушы ишандарының құрметіне орай мынадай мәтін жазылған ескерткіш орнатылады: «Жолаушы! Жазықсыз жапа шеккен ишандардың аруағына арнап дұға оқыңыз! Ұрпақтары».

Сонымен қатар, Ащыайрық культтік-тұрғын үй кешені (Доңызтаудағы көптеген басқа да ескерткіштер сияқты) – аса көрнекті тарихи-мәдени ансамблі, қазақ халқының сәулет өнері мен құрылыс мәдениетінің төлтума ескерткіші. Бұл нысандар тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Еуразия даласының мәдениеті тарихында қайталанбас құбылыс болып табылады. Сонымен бірге, Солтүстік Үстірт культтік-тұрғын үй кешендерінің туризмді (соның ішінде шетелдік туристерге тартымды экстремалдық туризм түрлерін) дамыту үшін айрықша әлеуеті бар және киелі нысандарға жатады. Ащыайрық кешені – жергілікті маңызы бар сәулет және қала құрылысы ескерткіші мәртебесіне ие.

Ащыайрық культтік-тұрғын үй кешені біртіндеп солтүстік бағытта төмендейтін сай жағасында салынған ескерткіштердің бес тобынанан құралады. Сайдың шығыс жағында үлкен қорым және тұрғын үй мен шаруашылық құрылыстарымен жалғасқан мешіт бар (төменгі террасада). Қарама-қарсы беткейге, сонымен бірге тұрғын үй кешені (жеті ғимараттың қираған орны) және одан оңтүстікке қарай екі оқшау тұрған зират орналасқан. Ансамбль орталығына бастапқы өңдеуден өткен құмтас блоктардан және шикі кірпіштен тұрғызылған ғимараттармен қоршалған мешіт орналасқан. Мешіттің өзі шығыс және батыс жағынан жалғастырыла салынған екі жақтамалы құрылыстан тұрады. Бөлмелердің үсті қорапты күмбезбен жабылған. Кешенге жақын жердегі, әкімшілік-қызмет сипатында пайдаланылғаны анық, кесіліп өңделген блоктардан қаланған дулыға тәрізді күмбезі бар ғимарат ерекше көзге түседі. Жерлеуге қатысты діни ескерткіштер, оның ішінде негізінен күйдірілген кірпіштен салынған зират құрылыстары: екі бөлмелі күмбезді кесене, сонымен қатар бұрыштары сүйір төбелі, фасадтары көркем әшекейлі алып сағанатам үлкен қызығушылық туғызады. Сонымен қатар мұнда өңделген блоктар мен құмтас тақталармен тұрғызылған ерекше сағанатамдар мен дулыға тәрізді күмбезді кесенелер кездеседі. Кесілген, қашалған блоктардан салынған көптеген әртүрлі қоршаулар,оның ішінде темірден соғылған ескі қоршауы бар екі құлпытас көзге түседі.

 Деректер

Аджигалиев С.И. Памятники Донызтау (Северный Устюрт) // Изв. НАН РК. Сер. обществ. наук. – 1994. – № 1. – C. 49–64.

Ажигали С.Е. Архитектура кочевников – феномен истории и культуры Евразии (памятники Арало-Каспийского региона). – Алматы: НИЦ «Ғылым», 2002. – 654 с.

Ажигали С.Е. Выдающиеся памятники архитектуры Актюбинской области: Фотовыставка. Научно-информационное издание. – Алматы – Актобе, 2015. – 52 с.

Никитин С.Н. Отчеты экспедиции 1892 г. в Зауральские степи Уральской области и Усть-Урт. – СПб., 1893. – 115 с.+ карт.

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Ащыайрық культтік-тұрғын үй кешені
Орналасқан жері Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы
Мұраның авторлары
Мұраның дереккөздері Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.
Мұра түрі Ансамбльдер мен кешендер
Мұра типі Кешен