Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Осакаров ауданы
- Кезеңі
- 1699 б.з.д. – 1499 б.з.д.
- Санаты
- Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Қоныс
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Қорғау аймағы
- ✓
- Авторлар
- Чиндин Александр Юрьевич
Сипаттама
1988 жылы ҚарМУ қызметкері А.Ю.Чиндин андроновтық Крещеновка қонысын ашып зерттеу жұмысын жүргізеді, қоныс Есіл өзенінің оң жағалауының сатылы бедерінде Крещеновка к. оңтүстік-оңтүстік-шығысқа қарай 2 км, басында тригопункт орнатылған биік төбенің солтүстік – солтүстік-батысында 3 км жерде орналасқан.
Қазба жұмысын жүргізу барысында бағанаға ұқсас сопақша пішінді (4х9 м) бір тұрғынжай анықталады. Мәдени қабаттың қалыңдығы 1 м-ден асады. Жүргізілген стратиграфикалық, планиграфикалық бақылаулар, біртекті керамикалық және заттай материалдар ескерткіштің бір қабатты екенін көрсетеді.
Мұнда қоладан жасалған заттың сынығы, қайрақ тас, сақпан тас, тас кетпен, қой жүнінен есілген кендір ысқылағышы, сүйек-саяқтар мен сүйектен жасалған белдік әбзелдерінің сынықтары табылады.
Керамикалық материалдардан құмыралар, құмыра-бәңкілер мен бәңке пішінді ыдыстар көзге түседі. Ою-өрнекті, жылтыраған, зерленген жұқа құмыралар жиі кездеседі. Тұрғынжай федоров-нұра мәдениетінің ескерткіштерінің қатарына жатқызылады
Әдебиет:
- Кукушкин И.А., Тулеуов Т.С., Кукушкин А.И. Қарағанды облысы Осакаров ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды, 2013. – 136 б.
- Чиндин А.Ю. Археологические исследования на территории Карагандинской и Джезказганской областей // Маргулановские чтения: сборник материалов конференции – Алма-Ата, 1989. – С. 234-237.