
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Осакаров ауданы
- Кезеңі
- 500 – 1000
- Санаты
- Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Қорғау аймағы
- ✓
- Авторлар
- Кукушкин Игорь Алексеевич
Сипаттама
Есіл 2 қорымы төбе басында Есіл к. солтүстік шығысында 1 км, Крещеновка с. оңтүстік-батысына қарай 5,3 км, Есіл өзенінің оң жағалауынан батыс-солтүстік-батысында 0,3 км, ЖЭС-тен батысырақ 0,5 км жерде орналасқан. Қорым 4 объектіден тұрады.
1-қорған, тастан үйілген, диаметрі 8 м, биіктігі 0,1 м.
2-қорған, тастан үйілген, диаметрі 2 м, биіктігі 0,1 м.
3- қоршау, төртбұрыш пішінді, тастан қаланған, көлемі 6х6 м, биіктігі 0,2 м.
4-қорған, тастан үйілген, диаметрі 2 м, биіктігі 0,3 м.
2009 жылы ҚарМУ қызметкері И.А.Кукушкин ашқан.
Әдебиет:
Кукушкин И.А., Тулеуов Т.С., Кукушкин А.И. Қарағанды облысы Осакаров ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды, 2013. – 136 б.