Алмат тамы кесенесі және бейіті

Ескерткіш Ырғыз кентінен 22 км шығыс, оңтүстік-шығыста орналасқан, негізгі нысаны –монументалды мемориалдық құрылыс: Алмат Тобабергенұлы мен оның ұрпақтары жерленген кесене (Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы).

Қорым ХІХ ғ. 30 ж.ж. ата тектік бейіт ретінде Солтүстік Арал маңындағы белгілі қайраткер, шөмекей руының ішіндегі бозғыл-шабдар атасынан шыққан Алмат Тобабергенұлының (өмір сүрген жылдары: 1804–1892, не 1893 ж.ж.) отбасылық бейіті ретінде пайда болған. Алғаш бұл жерге оның әкесі Тобаберген Киікбайұлы (1766–1841 ж.ж.) жерленеді: шикі кірпіштен қаланған, құлпытасты, құлағалы тұрған қоршау. Алмат қоғамдық, мәдени ірі қайраткер, атқамінер азамат болған; жас кезінде Бұхара мен Ресей арасындағы сауда керуенінің делдалы ретінде белсенді қызмет етіп, орыс мәдениеті мен тіліне ерте араласады. П.И. Демезон, И.В. Виткевичтің экспедицияларына қатысып, суретші В.В. Верещагинмен, сонымен бірге сол уақыттағы қазақ арасынан да, орыс ортасынан да шыққан көптеген тарихи т.б. тұлғалармен таныс болады. Атасы мен арғы атасы (Киікбай, Әлібек) батырлар болған. Ырғыз қазақтарының үлкен тобының ру басшысы болған, 1868 ж. дейін 54-әкімшілік қашықтықтың басшысы, зауряд-хорунжый офицерлік шеніне ие болып, халық арасында сардар мәртебесін алады.

Өз заманының озық ойлы қайраткері ретінде Алмат Тобабергенұлы көшпелі қазақтарды жартылай және толық отырықшылық өмірге көшуге бағыттаудың белсенді жақтаушысы болады. Оның басшылығымен Ырғызда қыштан және ағаштан бірнеше үй құрылыстары мен қоныстар салынады. Иен мал иесі бола тұрып, өзінің сан алуан қызметінде қарапайым малшы шаруалардың мүддесін қорғап, халықтың сый-құрметіне бөленген. Қазақтың әйгілі батыры Есет Көтібарұлымен туыстық қатынаста (құда) болады. Жоғары білімді отбасының отағасы; Алматтың балаларының бірі Самұрат (1842– 1922 ж.ж.) ұзақ жылдар бойы әкімшіліктің көрнекті қайраткері болады. Алматтың ұрпақтары – Ырғыз халық театрының негізін қалаушылардың қатарында болған. Олардың көпшілігі 1920–1930 ж.ж. соңында қуғын-сүргінге ұшырады.

Нысан қазақтар көп қоныстанған Солтүстік Арал маңы мен Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы жергілікті тұрғындар арасында аса қасиетті орын болып саналады. 1994 ж. кесене қорған қоршаумен қоршалып, кесене алдына мемориалдық тақта орнатылып, онда ХІХ ғ. соңынан бастап жерленген адамдардың (барлығы 20 адам) аттары жазылады, Алмат Тобабергенұлының портреті мен өмір сүрген жылдары жазылған естелік белгісі бар құлпытас қойылады.

Алмат Тобабергенұлының бейітіндегі ескерткіш өзінің көзі тірісінде халық сәулетшісі Жығаның 1886–1988 ж.ж. салған көп бөлмелі бірегей кесенесінен тұрады. Құрылыс өзінің шынайы композициялық-жоспарлық шешімімен және әшекейімен аса ерекшеленіп, ХІХ ғ. қазақ сәулеткерлік өнерінің қайталанбас үлгісіне айналған. Жергілікті маңызы бар сәулет ескерткішіне жатады.

Кесене төңірегінде пайда болған шағын ата-тектік бейіттерді, құлпытастары бар қабырғалары шөккен бірнеше қоршауларды қамтиды. Негізгі ескерткіш – Алмат тамы: жоспары бойынша тікбұрышты (12,70х12,10 м) қабырғаларының екі жағы күйдірілген қышпен қапталған, шикі кірпіштен өрілген жеті бөлмелі ғимарат. Жоспары бойынша дөңгелек келген орталық залдан аркалы ойықтар арқылы зороастрийлік дәстүрді еске салатын (кезекті мәйітті жерлеу үшін алдыңғы жерленген өліктің сүйектерін бөлменің бір бұрышына жинап, босаған орынға жаңа мәйітті қойған) ежелгі салт жоралғы бойынша жерлеуге арналған сағаналы іргелес бес бөлмеге өтеді.

Барлық бөлмелер күмбезбен жабылған, тіпті орталық және солтүстік-шығыс бөлмелердің аралығын кішірейту үшін аркалар мен өтпе тоғыстарды пайдаланған. Бұл бөлмелердің барлығында мәйіттерді жерлеуге арналған лақаттар бар. Орталық залдың фризіне араларына ою-өрнектер бастырылған ғаныштық тақталардан тұратын белдеулік орнатылып, сәнді белдеумен әшекейленген. Кесененің сырты да өте әсем безендірілген, оны оңтүстік-батыс фасадында ішінара сақталған жекелеген қаптамалары (қабырға бойының қалақ арқылы үш бөлікке, белдеуге бөлінуі) дәлелдейді. Жалпы алғанда сәулетші бірегей мемориалдық құрылыстың композициялық-жоспарлық және қызметтік ерекшеліктерін ұтымды ұштастырып, қайталанбас ескерткіш жасай білген. Сонымен қатар кесенеде Алматтың ұлдары – Қосмұрат, Пірмақан, Төремұрат, Мақмұрат және т.б. ұрпақтары – жерленген.

Ескерткіш ұзақ жылдардан бері апатты жағдайда тұр және мемлекеттік деңгейде қорғау-қалпына келтіру және сақтау жұмыстарын жүргізуді және туристік маршруттарға қосуды қажет етеді.

Деректер

Аджигалиев С. Новое в изучении памятников Западного Казахстана // Памятники истории и культуры Казахстана. – Алма-Ата, 1984. – С. 63–67.

Аджигалиев С.И. Неизвестная школа казахских зодчих Северного Приаралья // Маргулановские чтения: сб. матер. конф. – Алма-Ата, 1989. – С. 299–303.

Ажигали С.Е. Архитектура кочевников – феномен истории и культуры Евразии (памятники Арало-Каспийского региона). – Алматы: НИЦ «Ғылым», 2002. – 654 с.

Ажигали С.Е. Выдающиеся памятники архитектуры Актюбинской области: Фотовыставка. Научно- информационное издание. – Алматы–Актобе, 2015. – 52 с.

Әжіғалиев С. Алмат тамы // Ақтөбе. Энциклопедия. – Ақтөбе, 2001. – 266–267-бб.

Әжіғалиев С. Алмат тамы // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. – Алматы, 1998. – 1-т. – 277 б.

Дайрабай Т., Сарбасов О. Алмат сардар. – Алматы, 2003. – 154 б.

Записки о Бухарском ханстве (отчеты П.И. Демезона и И.В. Виткевича). – М.: ГРВЛ «Наука», 1983 (с. 10, 28, 29, 34, 127).

Оразымбетов С. Алаштын Алматы мен Самыраты // Ақтобе, 1996, № 66.

Ақпарат
Сипаттама
Фото
Мұра атауы Алмат тамы кесенесі және бейіті
Орналасқан жері Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы
Мұраның авторлары
Мұраның дереккөздері Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.
Мұра түрі Киелі объектілер
Мұра типі Кесене