Абат-Байтақ қорымы

Ескерткіш Талдысай ауылынан оңтүстік, оңтүстік-батыста 13,5 км жерде, Ұлы Қобда өзенінің сол жағалауында, өзен арнасынан 3 км жерде орналасқан (Ақтөбе облысы, Қобда ауданы).

Кешеннің атауы Абат-Байтақ кесенесімен байланысты. Ол – ортағасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші, аймақта сақталып қалған конусты «шатырлы» күмбезі бар күйдірілген кірпіштен салынған кесенелердің бірі. Ескерткіш туралы алғаш рет П.И. Рычковтың «Орынбор топографиясында» айтылады. Онда 1750 ж. Қарасу өзенінің Үлкен Қобдаға құятын жерінен подпоручик инженер А. Ригельман «пирамидалар тәрізді салынған едәуір тас құрылыстарды...» тауып, олардың суретін салған. XIX ғ. соңында оны Д. Беркімбаев, сондай-ақ Я.Я. Полфёров (негізінен аңыздар бойынша) қысқаша суреттеп жазады. ХХ ғ. басында Жозефа Кастаньенің «Қырғыз даласы мен Орынбор аймағының көне жәдігерлері» атты еңбегінде алғаш рет «Байтақ кесенесінің» графикалық жазбасы (немесе фотосуреті) жарық көреді. Бұл көптеген жылдар бойы бірегей құрылысты бағалаудың жалғыз көзі болды. Осы үлкен қорым туралы ешқандай ақпарат болған жоқ. Соғыстан кейін архитекторлар М.М. Меңдіқұлов, Г.А. Пугаченкова және тағы басқалар Абат-Байтақ кесенесіне назар аударып, оны Көккесене және Кесене ескерткіштерімен байланыстырып моңғолдар уақытына (XIII ғ.) жатқызады. Ұзақ уақыт бойы мамандар «Байтақ кесенесін» жойылып кеткен (сақталмаған) деп санаған. Шындығында, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің экспедициясы (жетекшісі С. Әжіғали) жұмысының негізінде 1979–1980 ж.ж. бірегей ескерткіш пен қорым қайтадан ашылып, кешенді зерттеулер жүргізіледі. 2004–2006 ж.ж. кесенеде археологиялық қазба жұмыстары және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жасалады.

Халық аңыздары бойынша Абат батыр кесенесі ХV ғ. өмір сүрген әйгілі дала философы-утопист Асан Қайғының ұлының кесенесі деп есептелген [негізгі нұсқаны 1980 ж. Ш. Байтілеуов жазып алған (Шәйкім-ақсақал), 1916 ж. туылған, Қобда ауданы Талдысай ауылы]. Бұл жерде, Бесқопа жерінде әкесінің тапсырмасы бойынша жаңа жайылымдық жерлер іздеп жүрген кезінде Абат қайғылы жағдайда, желмая-түйеден құлап қайтыс болған. Кесене қысқа мерзімде айналадағы дала тұрғындары арқасында салынған (демек, атаудың екінші бөлігі – байтақ: кең, ұшы-қиыры жоқ, бұл жерде – бүкіл халықтық деген мағынада берілген). Аңыздың ескерткішке жанама байланысы бар, өйткені далада мұндай орасан күрделі құрылыстар негізінен хан, патшалардың қабірлері үстіне тұрғызылған. Атап айтқанда, кесене ішіндегі қазба жұмыстары кезінде негізінен ерлердің жерлеу орындарының бірінде «шоқпар» немесе «асатаяқ» сияқты заттар табылған, яғни бұл жерленгендердің жоғары мәртебесін көрсетеді. (Сонымен қатар, кесененің атрибуциясы туралы мәселелер қазіргі уақытқа дейін шешімін таппай келеді).

Ескерткіш XIV ғ. соңы–XV ғ. басына жататын монументалды күмбездерге негізделген көлденеңінен 600 м дейінгі алаңы бар үлкен далалық мемориалдық кешен болып есептеледі. ХVІІІ–ХХ ғ. басында кешеннің батыс, солтүстік және оңтүстік жақтарына «үйтам» (кейде «Қыз әулие» деп аталатын) түрі бойынша ерте ескерткіштерге ұқсатылып саздан салынған кесенелер мен керемет ойылып өрнектелген 200- ден аса құлпытастар ансамблі бар қазақтың үлкен қорымы пайда болған. Кешенге Кіші жүз руларының: табын (тарақты), кете, ожырай, алшын, байбақты, шекті және т.б. өкілдері жерленген, үлкен мәдени-идеологиялық мәртебесі бар («жергілікті пантеон» белгілері бар) руаралық үлкен қорым ретінде қалыптасқан. Дәстүрлі құлпытастардың (қоршаулар мен молаларды қоса алғанда) жалпы саны шамамен 650-700-дей, алайда мұнда жерленгендердің саны бұдан да көп.

Негізгі ескерткішке орталық бөлігі (бастапқы биіктігі 16 м жуық) жоспары бойынша тікбұрышты негізден (9,52 х 9,80 м), сәл көлбеу қабырғаларынан, 11 қырлы барабан үстіне тұрғызылған конусты күмбезден тұратын сәулетті порталды-күмбезді Абат-Байтақ кесенесі жатады. Ғимараттың порталды бөлігіне жүргізілген қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша пештагі оңтүстік қабырға сызығынан 3,0 м сыртқа шығып тұр. Оның ішкі көрінісі төртбұрышты жоспарда, ішкі қабырғасының төбежабындысына өзіндік бірізділікпен өткен: 8 қырлы, 16 қырлы және сфероконус түріндегі құрылымдық күмбез.

Бөлменің батыс және шығыс қабырғаларында аркалы ойықтар орналасқан. Ғимараттың қабырғаларында таңба тәріздес белгілер сақталған. Кесененің өрнекті бөлігі негізінен сыртқы барабанның қырларында, бірінен екіншісіне сатыланып өткен бітеу ойықтар арқылы орындалған. Ескерткіш негізінен төртбұрыш, сондай-ақ тікбұрыш (аркалар күмбезінде) пішіндегі (24х24х6; 24х12х6 см) күйдірілген кірпіштен қаланған; сонымен қатар ұқсас өлшемдегі шикі кірпіштер қолданылған. Бұдан басқа, қаптама қабатынан жасыл-қоңыр түсті боялған кірпіштер де кездеседі. Бұл ғимарат Қазақстан мен Орта Азия аймағындағы екі жабындылы (күмбезді), сыртқысы конус немесе пирамида түріндегі, яғни «шатырлы кесене» деп аталатын порталды-күмбезді кесенелердің ерекше түріне жатады. Ол XII–XIII ғ. басындағы шатырлы жабылған хорезмдік кесенелер (Иль-Арслан, Текеш) мен XV–XVI ғ.ғ. Көккесене және Кесене сияқты порталды-күмбезді шатырлы ескерткіштер арасындағы аралық орынды алады және Еуразия мен Қазақстанның далалық аймағындағы мемориалды сәулет ескерткіштерінің көрнекті үлгісі болып табылады.

Қашалған стела-құлпытастардан тұратын көрнекті ансамблінің бар болуы Абат-Байтақ қорымының ерекше бірегейлігі көрсетеді. Ең алдымен, құлпытастар ХІХ ғ. ортасында тастардың өте нәзік бөлшектерін ептілікпен өңдеген қазақ тас қашаушыларының «көркем» мектебінің жоғарғы үлгісімен ерекшеленеді. Олардың көлемдік-сәндік элементтері көбінесе ағашты ою дәстүрі деңгейінде шешім тапқан. Ерекше ескерткіштердің үлкен бір тобы құрама элементтерінде (көп сатылы құлпытастар) көлемдік-геометриялық шешім байқалатын көлемді стеланы сипаттайтын түрге жатады. Көне стелалардың түрлері: мысалы, мола үйіндісінің батысына көмілген және тасқа айналған ағаш сияқты құлпытастар өзінің қарапайымдылығымен ерекшеленіп, ерекше қызығушылық туғызады. Абат-Байтақ қорымындағы бірегей құлпытастарды жасауда Арал-Каспийдің солтүстігіндегі асқан шебер-тас қашаушылар көп еңбектенген, олардың ішінде араб графикасы бойынша құлыптастағы жазумен (эпиграфия) танымал болғаны жалғыз Мықтыбай тасшы ғана.

Абат-Байтақ қорымы тарихи-мәдени және сәулет ескерткіші ретінде бірегей құбылыс болып табылады және «Қазақ даласының жауһары» деп аталуы кездейсоқтық емес. Бүгінде ол мәдени туризмнің, қазіргі тәуап етудің маңызды нысанына айналған. Мемориалдық кешен Арал-Каспий аймағының солтүстігіндегі «киелі орындар географиясының» ең маңызды нысандарының бірі деп санауға тұрарлық, себебі оның ұлттық және халықаралық деңгейдегі туристік маршруттарға қосылуының болашағы зор. Қорым – республикалық маңызы бар сәулет ескерткіші мәртебесіне ие.

Деректер

 Аджигалиев С. Абат-Байтак – выдающийся комплекс памятников народного зодчества // Изв. АН КазССР. Сер. филол. – 1983. – № 2. – С. 56–63.

Аджигалиев С.И. Генезис традиционной погребально- культовой архитектуры Западного Казахстана (на основе исследования малых форм). – Алматы: Ғылым, 1994. – 260 с.

Ажигали С.Е. Архитектура кочевников – феномен истории и культуры Евразии (памятники Арало-Каспийского региона). – Алматы: НИЦ «Ғылым», 2002. – 654 с.

Ажигали С.Е. Выдающиеся памятники архитектуры Актюбинской области: Фотовыставка. Научно-информационное издание. – Алматы – Актобе, 2015. – 52 с.

Археологическая карта Казахстана: Реестр / Сост. Е.И. Агеева, К.А. Акишев и др. – Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1960. – 449 с. с илл. и карт.

Әжіғали С.Е., Тұрғанбаева Л.Р. Абат-Байтақ – Қазақ даласының інжу-маржаны / Абат-Байтак – жемчужина Казахской степи. – Алматы: Taimas printhouse, 2004. – 32 б. (на трех яз.)

Беркимбаев Д. Древние развалины и курганы в Киргиз-ской степи // Тургайская газета, 1895, № 38.

Кастанье И.А. Древности Киргизской степи и Оренбургского края // ТОУАК. – 1910. – Вып. 22. – 332 с.

Массон М.Е., Пугаченкова Г.А. Гумбез Манаса. – М.: Стройиздат, 1950. – 144 с.

Мендикулов М.М. Памятники архитектуры Казахстана с коническими или пирамидальными куполами // Архитектура республик Средней Азии. – М.: Гос. изд-во архитектуры и градостроительства, 1951. – С. 223–240.

Полфёров Я.Я. Среди киргизских могил // Тургайская газета, 1896, № 6.

Топография Оренбургская, т. е. обстоятельное описание Оренбургской губернии, сочиненное коллежским советником Императорской Академии наук корреспондентом Петром Рычковым. – СПб.: Имп. АН, 1762. Ч. I. – 331 с

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Абат-Байтақ қорымы
Орналасқан жері Ақтөбе облысы, Қобда ауданы
Мұраның авторлары
Мұраның дереккөздері Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.
Мұра түрі Археология ескерткіштері
Мұраның санаты Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Мұра типі Қорым