Науан Хазірет (Наурызбай Таласов) мешіті

Мешіт Ақмола облысы Көкшетау қаласында орналасқан. Наурызбай Таласов – Солтүстік Қазақстан өңірінің атақты қоғам қайраткері, ағартушы және дінтанушысы. Халыққа танымал тұлға Науан Хазірет есімімен байланысты екі мешіт бар. Оның біреуі – Көкшетау қаласының тарихи көркі ретінде М. Әуелбеков көшесі 91- үйде орналасқан. Мешітте 20 жылдан астам әкімшілік қызмет атқарған, әрі ақпарат беруші Қайролла Жүнісовтің мәліметі бойынша ХІХ ғ. соңында салынған ғимарат 1920 ж.ж. Кеңес Үкіметі барлық діни орындарды жабу туралы шешім қабылдағанға дейін рухани орталық ретінде қызмет атқарып келген. Ұлы Отан соғысы жылдарында онда әскери бөлім орналасады, одан кейін Көкшетау облысының тарихи- өлкетану мұражайы, 1970 ж.ж. ортасына дейін Көкшетаудағы республикалық көркем-сурет дирекциясының көрме залы қызметін атқарады. 1989 ж. Көкшетау облыстық атқару комитетінің рұқсаты бойынша мешіт қаланың мұсылмандарына қайта беріледі. 1990 ж.ж. басында «Қазақ жобалау-қалпына келтіру» институтының қызметкерлері мешітте жөндеу жұмыстарын жүргізіп, мұнарасын қалпына келтіріліп, осы жерде имам болған Науан Хазіретке ескерткіш ретінде оның есімі беріледі.

2015 ж. Көкшетау қаласында 1200 адамға арналған үлкен орталық мешіттің салтанатты ашылуы болады. Жаңа мешітті Науан Хазірет атымен атап, бұрынғы ескі мешітке Жақия қажының аты беріледі. «Науан Хазірет» жаңа мешіті М. Горкий көшесі 6/1-үйде орналасқан.

Наурызбай Таласов 1843 ж. Көкшетаудың ішкі өңірінде Мезгіл болыстығына қарасты Жылкелді ауылында дүниеге келеді. Ауыл мектебін тәмәмдаған соң, Петропавл қаласындағы медреседе оқуын жалғастырады. Медресені жақсы оқып бітіргеннен кейін, Бұхарадағы рухани оқу орнына ұсыныс жасалып, әлем мұсылмандарының ірі орталығы болып табылатын Бағдад қаласында тәжірибе алмасады. Наурызбай Таласов көне түрік, өзбек, араб, парсы тілдерін жетік меңгерген. Шығыс әдебиеті мен мәдениетін, философиясын тереңнен танып білген. К.К. Әбуов атап көрсеткендей Наурызбай Таласов Бұхарада рухани оқу орнында оқытушы болып қалдырылады. Алайда Көкшетау уезі мұсылмандарының қоғамы оны отанына оралуына өтініш жасап, Бұхараға құрамы үш адамнан тұратын арнайы делегация жібереді. Отанына оралысымен 1886 ж. Ақмола облысы Көкшетау қаласы мешітінің имамы болып бекітіледі.

Наурызбай Таласов (Науан Хазірет) қазақ халқының рухани ағарту саласына бар күш-жігерін салып, діни жоралғыларды өткізуді бір жолға қойып, көрші уездегі мұсылмандармен тығыз қарым-қатынас орнатады. Оның қызметінің арқасында мұсылмандықты жолға қою негізінде мешіт жанынан медресе-интернат ашылады. Медреседе оқушылар мұсылмандық біліммен қатар араб және орыс тілдерін, шығыс тілдері мен әдебиетін, Абай Құнанбаев өлеңдерін оқып, Ақан сері мен Біржан салдың әндерін орындаған. Науан Хазіретке шәкірті әрі жақын серіктесі кейіннен атақты қоғам қайраткері І-ІІ Мемлекеттік Дума депутаты болған Шәймерден Қосшығұлов көмектеседі. Наурызбай Таласов Ресей империясының Қазақстанға саяси үстемдігін орнатқан уақытында да қызмет атқарады. Патша үкіметі ауылдық мұсылман мектептері мен қалалық мектеп-интернаттарда діни сабақтар жүргізуге шектеулер қояды. Мұғалімдер мен оқушыларға орыс тілін оқыту міндеттеледі, қазақ тілінде оқуға тыйым салына бастайды. Алайда патша үкіметі жүргізген орыстандыру және күштеп христиандандыру саясаты Қазақстанның солтүстік аймағындағыжергілікті халықтар діншілдігінің арта түсуіне алып келеді. Осы жағдайда Науан Хазірет ұлттық салт-дәстүрлерді сақтап қалу мақсатында халықты бірігуге шақырып, тіл мен дінге қол салған отаршыларға қарсы шыққан халықтың ортасында болып үкімет саясатына деген наразылығын білдіреді. Науан Хазірет әділдігімен, шешендігімен, ақылгөй даналығымен халықтың сый-құрметіне ие бола білген. Дау-дамай, келіспеушіліктер туа қалса, Наурызбайға жүгініп, халық арасында «Науан Хазірет айтып еді» деген ұлағатты сөздер тарайды.

Осындай үлкен беделге ие болуынан қорыққан патша үкіметі 1903 ж. Көкшетау уезі басшысының бұйрығымен медресе мен интернатта тінту жүргізіп 300-ге жуық тыйым салынған кітаптар мен қолжазбаларды, баспа құрылғысын (гектограф) тәркілейді. Шығыс ғұлама философтары Фирдауси, Науаи, Низамидің және т.б. еңбектері табылады. Тінту қорытындысы жайлы Ақмола облысы әскери губернаторы далалық өлке генерал-губернатарына мәлім етеді. Үкімет медресені жабуға шешім қабылдап, Наурызбай Таласов пен оның көмекшісі Шәймерден Қосшығұловты абақтыға отырғызады. Науан Хазіреттің атқарған қызметі заңға қайшы деп танылып, оны Ш. Қосшығұловпен бірге Шығыс Сібір мен Иркутск облысына жер аударуға үкім шығарады. Науан Хазірет үш жылға, ал Ш. Қосшығұлов бес жылға айдауға кетеді. Тек осы іске Әлихан Бөкейханов пен Мәмбетәлі Сердалиннің араласуының арқасында 1905 ж. олар айдаудан босатылып, отандарына оралады.

Наурызбай Таласов (Науан Хазірет) 73 жасында қайтыс болып, Көкшетау қаласының Қопа өзенінің жағасындағы мұсылмандар зиратына жерленеді.

Науан Хазірет Қазақстанның қоғамдық және рухани өміріне ерекше із қалдырады. Оның басты мақсаты қазақ халқының ағарту ісін табанды, өнегелі өрістету мен өз халқына қызмет етуге бағытталған. Қазақ қоғамына ең алдымен адамгершілік, этикалық құндылықтарды өрістетуге тырысады. Науан Хазіреттің Абай Құнанбаевпен байланыс орнатқандығы жайлы құжаттық айғақтар сақталған. Қазақ даласының өзіндік ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалу үшін беделді және атақты адамдарын тартып, ынталандырады.

Қазақ халқы Науан Хазірет есіміне үлкен құрметпен қарайды. Осыған байланысты Көкшетау қаласында орналасқан екі мешіт тек Солтүстік Қазақстан өңіріне ғана танымал емес, сонымен бірге олар басқа шеткері аймақтарда да ерекше киелілік маңызға ие.

Көкшетау қаласындағы Науан Хазірет тарихи мешіті (қазіргі Жақия қажы мешіті) ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басындағы Солтүстік Қазақстанның татар мешіттері нышанын сипаттайды. Ғимарат кең ғибадатхана және мұнаралардан тұрады. Қабырғалары бөренелерден жасалған, жұқа тақтайшамен қапталған. Шатырдың шығыс шетінде күмбезі, астындағы төртбұрыш үстінде сегізбұрышты екі қабатты мұнара, батыс шетінде алтықырлы барабанды жазық күмбезше орналасқан. Терезелерінің жоғарғы және төменгі жақтаулары жапсырма ою-өрнектермен безендірілген.

Науан Хазірет жаңа мешітінің биіктігі 25 метрлік төрт мұнарасы Әзербайжан елінен сатып алынған «ағлай» тасымен көтерілген. Ғимаратта неке қию рәсімін өткізетін орын, Құран оқитын жер, мешіт қызметкерлеріне арналған бөлмелер, кітапхана және 350 орындық асхана бар.

 Деректер

Абуев К.К. Науан Хазрет – ученый, просветител, борец против колониальной политики царизма // История борьбы за независимость в Серверном Казахстане. Материалы международной научно-теоретической конференции. – Алматы, 2011. – С. 230-243.

Осипова Ж. Науан Хазрет: религиозная и просветительская деятельность // Қазақстан мұрағаттары. – 2010. – №4 (16). – С. 11-113.

ЦГА РК Ф. 64. Оп. 1. Д. 938.

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Науан Хазірет (Наурызбай Таласов) мешіті
Орналасқан жері Ақмола облысы, Көкшетау қаласы
Мұраның авторлары
Мұраның дереккөздері Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.
Мұра түрі Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері
Мұра типі Мешіт