
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Осакаров ауданы
- Кезеңі
- 500 – 1000
- Санаты
- Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Чиндин Александр Юрьевич
Сипаттама
Қорым төбе басында Қарағайлы кентінен оңтүстік-шығыста 5 км, Бұйра төбе қ. солтүстік-шығысына қарай 2 км, Қарғалы өзенінен солтүстік-батысқа қарай 1 км жерде орналасқан.
Қорым 2 қорғаннан тұрады.
Қорған 1 – тастан үйілген. Диаметрі 6 м, биіктігі 0,4 м.
Қорған 2 – тастан үйілген. Диаметрі 4 м, биіктігі 0,2 м.
Ескерткішті 1981 жылы А.Ю.Чиндиннің басшылығымен ҚарМУ-дің археологиялық экспедициясының барлау отряды ашқан
Әдебиет:
Кукушкин И.А., Тулеуов Т.С., Кукушкин А.И. Қарағанды облысы Осакаров ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды, 2013. – 136 б.