Литвинский қорымы

Литвинский қорымы

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы
Кезеңі
1700 б.з.д. – 800 б.з.д.
Санаты
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Түрі
Қорым
Түрі
Археология ескерткіштері

Сипаттама

Қарғалы өзенінің бұрынғы арнасының бойында, Есіл к. батыс-солүстік-батысында 3 км, ЖЭС-тің солтүстік-солтүстік шығысында 2 км, Қарғалы өзенінің солтүстік-шығысына қарай 1,5 км жерде орналасқан. Қазіргі уақытта онда жер үдемелі түрде жыртылуда. Қорым бес топырақтан үйілген қорғаннан тұрады, олар да бүгінгі күні жыртылып, іс жүзінде қоршаған ортамен кірігіп кеткен. Қорғандардың төбесінде тек жыртылған жерде жақсы көрінетін күңгірт дөңгелек түсті дақдар көзге шалынады. Қорымның аумағы көптеген керамика бұйымдарының қалдығы мен жануарлардың шашылған сүйектеріне, оның ішінде күйдірілген сүйектеріне толы.

2005 ж. ҚарМУ қызметкері И.А.Кукушкин ашқан.

Әдебиет:

Кукушкин И.А., Тулеуов Т.С., Кукушкин А.И. Қарағанды облысы Осакаров ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды, 2013. – 136 б.


Карта

Фотогалерея

Бөлісу