Балқадиша мазары

Мазар Ақмола облысы Зеренді ауданы Кеңөткел ауылынан солтүстік-батысқа қарай 0,5 км жерде, кішігірім төбе басында орналасқан.

Мазар Қошқарбай өзенінің сол жағалауында қалың ағаш өсіп тұрған, жалпы аумағы 3,2 га жерді алып жатқан қазақ зиратының орталық тұсында тұр. Соңғы уақыттарға дейін Балқадиша бейітінің шағын ғана қоршауы болған, тек қана 2005 жылы өлшемдері 2,3*3,5 м болатын, архитектуралық тұрғада төрт құлақ түрінде рәсімделген, төртбұрышты пішіндегі құрылыс тұрғызылған. 

Мазардың солтүстік-батыс бөлігінде, оның сыртқы жағында көктас орнатылған. Көктаста Балқадишаның руы, туған жылы мен қайтыс болған уақыты көрсетілген. Сондай-ақ, Ақан Серінің «Балқадиша» атты ән шумағынан екі жол жазылған.

Балқадиша 1883 жылы Кеңөткел ауылында дүниеге келген. Оның әкесі ‒ Ыбырай адал және өз уақытында Көкшетау жерінде үлкен абыройға ие адам болған. Анасы ‒ Жылқыш, Балқадишаның жас өспірім кезінде қайтыс болған. 21 жасқа толған шағында Балқадиша өзінен алты жасқа үлкен Манасбайдың баласы Сүйлейменге тұрмысқа шыққан. Екеуі 40 жыл отасып, екі үл және үш қыз тәрбиелеп, өсірген.

Қазақ даласындағы Балқадишаның кең танымалдылығы Ақан Серінің әнімен байланысты. Аңызға сәйкес бір уақыттарда Жыланды етегінде орналасқан бала тууға байланысты Мұса Монтай ауылында шілдехана тойы болған. Бұл тойға аты аңызға айналған атақты Ақан Сері қатысқан. Ақан Сері ол уақыттарда егде тартып, Құлагерінен айырылғанына байланысты күйзелісте жүрген. Ел арасында Ақан Серінің ақыл-есінен ауытқуы бар деген қауесет болған. Осындай кездерде Сері өзін адамдармен араласуын азайтып, қоғам алдында көп көріне бермеген. Осының барлығы Ақан Сері туралы адамдар арасында жағымсыз пікір қалдырып, шілдехана тойы кезінде Сері жанына нәзік жандылардан ешқайсы жолағысы келмеген. Сұлулығы мен ішкі жан дүниесінің кеңдігін бойына сыйдырған Балқадиша осы бір келеңсіз жайтты аңғарып, көпшілікті таңдай қақтырып, Ақан Серінің жанына барып отырады. Бұл уақыттарда Балқадиша Сүлейменге атастырылып қойған шағы. Кешқұрым шілдехана тойына Сүлейменнің жеңгелері Балқадишаны алып кетуге келеді. Ақан Сері орын алған ыңғайсыз көріністің мән-жайын түсініп, Балқадишаға үстел басынан тұруға өз лұқсатын береді. Балқадишаның кербездігі, ақылдығы мен тәрбиелігі Ақан Серінің шығармашылығына арқау болып, «Балқадиша» атты әнін шығарады. Бұл ән Арқа даласында тез тарап, Балқадиша аты аңызға айналады.

Балқадиша 1950 жылы 27 сәуірде 67 жасында дүниеден озады. Балқадиша әйел жанының сұлулығы мен данагөйлігінің үлгісіне айналған. 2015 жылы Зеренді ауылында Балқадишаға арнап зәулім ескерткіш орнатады. 

Балқадиша мазары қазіргі таңда зиярат ету орнына айналған.

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Мұра атауы Балқадиша мазары
Орналасқан жері Ақмола облысы, Зеренді ауданы
Мұраның дереккөздері Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.
Мұра түрі Киелі объектілер
Мұраның санаты Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Мұра типі Мазар