
Ақпарат
- Орналасуы
- Түркістан облысы, Созақ ауданы
- Кезеңі
- 1701 – 1900
- Түрі
- Кесене
- Түрі
- Монументтік өнер құрылыстары
- Авторлар
- Тоқтабай Ахмет Уалханұлы
Дереккөздер
- Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.
Сипаттама
Әскери жорықтарда мыңдаған, он мыңдаған сарбаздарға қатар-қатар жүздеген қазан асылады. Қазандағы етті және басқа тамақтарды рет-ретімен бөліп беріп тұратын адамды Қазаншы деп атайды. Қазіргі тілмен айтсақ, бас аспаз немесе жауынгерлерді азық- түлікпен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы. Сонымен қатар Қазаншылар үлкен тойлар да, астарда, Наурыз мейрамында асылған тамақтарды халыққа дұрыстап бөліп берумен айналысады. Қазаншы – қоғамдық жиындар мен қонақ күтуде әр үйдегі қонақтардың құрметіне қарай малдың сыйлы мүшелерін табаққа іріктеп бөле алатын, жөн-жосықты, жол-жоралғыларды жақсы білетін егде кісі.
Кесене ауыл аумағында орналасқан. Өлшемі 34х16х10 см болып келетін кірпіштен қаланып, сырты балшықпен сыланған. Ба тыс жағында кейіннен тұрғызылған саз кірпіштен салынған қоршау – сағана бар. Төрт қабырғасына бекітілген биік конус түріндегі күмбезі бар орталық күмбезді кесене. Күмбездің орта шенінде жарық түсетін дөңгелек саңылауы бар. Кіреберісі түскей жағында орналасқан. Төрт қабырғасынан күмбезге өтер тұсы арқалық өтпетоғыстар (тромп) арқылы жүзеге асырылған. Кесененің ортасындағы қабір үсті ескерткіші саз кірпіштен тұрғызылған.
Облыстық маңызы бар сәулет ескерткіші.
Дерек
Герасимов Г.Г. Памятники архитектуры Каратау // «Известия АН Казахской ССР». Сер. архит. – 1958. – № 80. – С. 78-79.