Әбділ Әзіз баб кесенесі

Республикалық маңызы бар сәулет ескерткіші. 1982 ж. бастап мемлекет қорғауына алынған. Мінәжат ету мен діни туризм нысаны. Сайрамның солтүстік бөлігінде, ортағасырлық Сайрам (Испиджаб) қаласының бас көшелерінің бірінде, сырты қоршалған зират ішінде орналасқан. Негізгі фасады Жүсіп Сайрами көшесіне қараған. Сайрам тарихы бойынша жазбаша деректерде бұл орынды қаланың төңірегіне жатқызады. Қазіргі уақытта бұл Сайрамның орталығына айналған.

Кесене Оңтүстік Қазақстан аумағында мұсылмандықты алғашқы уағызшыларының бірі Әбділ Әзіз бабтың қабірі үстінде тұрғызылған (Абд ал-Азиз). Халқымыз сондай-ақ күмбезді бәле әкелуден, жала жабудан сақтайтын қасиеті үшін оны «Беля-Гердан» – «Бәлені аластатушы» деп те атайды. Әбділ Әзіздің өмірбаяны Сайрамның өзіндік тарихи кезеңі болып табылатын XVII ғ. соңы – XVIII ғ. басында жазылған «Мадинат- әл-Байда мен Испиджаб әулиелерi хақындағы трактаты» шығармасында келтіріледі. Деректер бойынша Әбділ Әзіз Мұхаммед Пайғамбардың үзеңгілес буындарынан кейінгі екінші, ең жақсы ұрпақтар және олардан діни білімді мұраланғандарға жататын тақуа мұсылмандар – таби'индар (таби'ундар) қатарына жатқызылады. Ол қасиетті исламды орнықтыру кезінде кәпірлерге қарсы қасиетті соғыста азапты өлім құшады. Әбділ Әзіз ауызша аңыздарда Қожа Ахмет Яссауиге дейін шамамен 300 жыл бұрын өмір сүрген сияқты, ал кейбір кітапқұмарлар Қожа Ахмедтің шежіресін тіпті Әбділ Әзізден бастайды. Ауызша қайталамаға қарағанда, «...әулиелері хақындағы трактат» Әбділ Әзіз бабтың бейнесін айқын және толық көрсетеді. Ортағасырлық агиографиялардағы бір типтес эпитеттер (лайықты, мінсіз, адал, ұлы, білімді, сенімді және т.б.) оның тарихи шындыққа қатынасы алыстау бірнеше келбетін көрсетеді. Ол Мұхаммед пайғамбардың алғашқы ізбасарларының бірі араб қолбасшысы Ысқақ бабтың ту ұстаушысы (аламдар) болған. Шығармада: «Сонымен қатар, оны Ташкент қаласында Аламдар-Баба деп атайды және [ол] атақты», – деп айтылады. Мұнда авторсайрамдық Әбділ Әзіз бабты Ташкенттен шыққан «ту ұстаушысымен» теңестіргенде қателеседі (бірнеше рет көшіріп жазу нәтижесінде?), ал ташкенттік Аламандар басқа қолбасшының ту ұстаушысы – исламдағы алғашқы имамдардың бірі Әбубәкір Мұхаммед Қафал Шаши (976/977 ж. өмірден қайтқан) болған.

1920 ж.ж. бірінші жартысында П.П. Иванов және М.Е. Массонның Сайрамға жасаған экспедициялық сапарлары ескерткіштің тарихнамалық дәстүрінің бастауы болды. Оны 1947 ж. Қазақ КСР-і Ғылым академиясының Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының архитекторлары зерттейді (В.В. Константинова, Г.Г. Герасимов). 1963 ж. Шымкент облыстық музейінің тапсырмасы бойынша егжей-тегжейлі өлшемдері алынады (Т. Поднебесная). 1983 ж. кесенені қалпына келтіруге қатысты жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау кезінде бұл өлшемдер нақтыланып, толықтырылады (Қазақ КСР-і Мәдениет министрлігінің «Қазақ жобалау- қалпына келтіру» институты). 1980 ж.ж. екінші жартысы – 2000 ж.ж. басылымдарда ескерткішті тарихи-сәулеттік талдау жұмыстары көрініс табады (Б.Ә. Байтанаев, Ю.А. Ёлгин, Н.Н. Мұхамедиева).

Әбділ Әзіз баб кесенесі ұзақ және күрделі даму сатысынан өтіп, геометриялық құрылымдарға бағынған әртүрлі уақыттың бөлік композициясын бойына айқын біріктірген. Құрылыстың қай кезеңге жататыны әлі де болжамдық сипатта. Әбділ Әзіз бабтың қабірінің үстіндегі алғашқы мемориалдық құрылыс туралы мәліметтер жоқ. Мүмкін, бастапқыда ашық аспан астында жерленген. Бәлкім, мазар XII ғ. дейін пайда болған, себебі ескерткіш қарахандар кезеңінің мәдени қабатында орналасқан. Құрылыстың құрылымы осы дәуірде қалыптасқан сопылық салт жоралармен байланысты. П.П. Иванов Сайрам тарихы («Рисалия») бойынша деректерге сілтеме жасай отырып, XIV ғ. Әбділ Әзіз қабірі үстіндегі кесене қираған кезінде Әмір Темірдің қолбасшысы Наурыз Барақхан кірер есігі оңтүстікке қараған, белгілі жаңа ғимаратты салдырады деп жазады. Уақыт өте келе ол бұзылады, 1860 ж.ж. аяғында бүгінгі күнге дейін сақталған ғимарат салынады. Дегенмен, ескерткіш эволюциясында бірыңғай көрініс жоқ. М.Е. Массон Барақхан салдырған кесененің құрылыс іздерін қарастырмағандықтан, біршама ерте құрылыс туралы ештеңе айтпайды, дегенмен ескерткіштен XVI–XVI ғ.ғ. жататын түрлі түсті керамикалық бұйымдар сынықтарының табылуы, үшінші құрылыс кезеңі болды деп шамалауға мүмкіндік береді.

Әбділ Әзіз баб кесенесі – порталды- күмбезді құрылыс. Ол қатар бойымен созылған үш бөлмеден тұрады, оның ортасында тұрғаны монументалды порталмен (пештакпен) және биік цилиндрлі барабан үстіндегі сфероконустық күмбезбен ерекшеленеді. Орталық залдың батыс қабырғасында михраб нишасының орналасуына қарағанда кейінгі кезеңде зияратхана ретінде қызмет етуі мүмкін. Екі жағындағы бөлмелер (көрхана) залмен аркалы саңылаулар арқылы өзара байланысқан. Әбділ Әзіз баб күмбезінің оңтүстігіне, қарама-қарсы Әулие атаның әкесі Сейид Қожа хан атаның жерлеу орны орналасқан. Орталық және оның бүйіріне жалғасқан бөлмелердің негізгі өсі өзара перпендикуляр. Барлық көлемі бірігіп үлкен көлденең өсті құрайды.

Төртбұрышты залдардың жоспарынан күмбездерінің негізіне өту үшін ежелгі аркалық желкенше (тромп) түрі қолданылған. Орталық көлемнің күмбезі сегіз қырлы бөлігіне тірелген биік цилиндрлі барабан үстіне тұрғызылған. Кесененің бүйір бөліктерінде сегіз қырлы өтпе жоқ, олардың күмбездері тікелей қабырғаға жалғасқан. Орталық күмбездің өзіндік құрылымы, сипаты бойынша құралған қисық қалау тәсілі Ташкенттегі Намазгах алқалы мешітінің күмбезіне (1845–1867 ж.ж.) ұқсас.

Ғимарат (көлемі 14x6,9 м, биіктігі 11 м) күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Қабырға қаландысына бұзылып кеткен XIV–XVII ғ.ғ. жататын ғимараттың төртбұрышты кірпіштері қолданылған.

Кесененің көлемдік-кеңістіктік композициясы жинақы әрі мәнерлі. Бүйірлерінің көлемі күмбездерімен бірге тым төмен, олардың тегіс қабырғалары орталық бөліктің монументалдық маңыздылығын арттырып, олармен бірге әдемі келбетін құрап тұр. Оң жақ бүйір бөлменің қапталындағы қабырғаның сыртына салт жораларға мойынсұнумен байланысты культтік маңыздылығы бар ағаш торлы (панжара) тесік орналасқан айқышты қабырғаға сүйірлі ниша жасалынған.

Интерьері сыланған және еденіне кірпіш төселген. Сыртқы қабырғалары қаланды күйінде қалдырылып, безендірілмеген, тек порталының бұрыштарындағы дөңгеленген бағаналары жекелеген гипстік сәндік бөлшектер құмыра тәрізді вазада және портал аркасының архивольты ширатылып есілген түрінде өрнектелген.

Деректер

Байтанаев Б.А., Ёлгин Ю.А. Культовая архитектура Южного Казахстана: Архитектурно-археологические исследования памятников позднего ислама. – Алматы, 2013. – 302 с. Беркинбаев Е., Мирхалдаров М. Святых в Сайраме не счесть…. – Алматы: Өнер, 2000. – 128 с.

Ёлгин Ю.А. Мавзолей Абдель-Азиз-Баб в Сайраме: (Историко-геометрические этюды) // Казахстан и Евразия сквозь века: История, археология, культурное наследие: сб. научн. трудов, посвящ. 70-летию со дня рождения академика НАН РК К.М. Байпакова. – Алматы, 2010. – С. 366–373.

Иванов П.П. Сайрам: Историко-археологический очерк // Сборник Туркестанского Восточного Института в честь проф. А.Э. Шмидта. – Ташкент, 1923. – С. 16– 59.

Лавров В.А. Градостроительная культура Средней Азии: (с древнейших времён до второй половины XX века). – М.: Гос. изд-во градостроительства и архитектуры, 1950. – 178 с.

Массон М.Е. Старый Сайрам // Известия Средазкомстариса. – Ташкент, 1928. – Вып. 3. – С. 23–42.

Мухамедиева Н.Н. Мавзолей Абдель-Азиз-Баб // Свод памятников истории и культуры Казахстана. – Алма- Ата: Гл. ред. «Қазақ энциклопедиясы», 1994. – Т. 1. ЮКО. – 368 с. ‑ С. 204.

Памятники древней архитектуры Сайрама: Обмерные чертежи. Чимкент, 1963 // Архивный фонд Южно- Казахстанского областного историко-краеведческого музея, без инв. №. Тулибаева Ж.М. Трактат о святых Мадиат ал-Байда и Испиджабе // Вестник КазНУ им. Аль-Фараби: Сер. историч. – 2003. – № 3 (30). – С. 8–16.

Baitanayev B.А., Yolgin Yu.А. Islamic architecture on the territory of south Kazakhstan // Oriente Moderno: Nuovaserie, anno XXVI (LXXXVII). – I. ‑ 2007. Studies of Central Asia. − P. 36–52.

Devin DeWeese. “Sacred History for a Central Asian Town: Saints, Shrines, and Legends of Origin in Histories of Sayram, 18th – 19th Centuries,” Figures mythiques des mondesmusulmans, ed. by D. Aigle. – Aix-en-Provence, France: Edisud, 2000. – P. 245–295.

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Әбділ Әзіз баб кесенесі
Орналасқан жері Түркістан облысы, Сайрам ауданы
Мұраның авторлары
Мұраның дереккөздері Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.
Мұра түрі Монументтік өнер құрылыстары
Мұраның санаты Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Мұра типі Кесене