
Ақпарат
- Орналасуы
- Түркістан облысы, Отырар ауданы
- Кезеңі
- 1101 – 2000
- Санаты
- Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Кесене
- Түрі
- Монументтік өнер құрылыстары
- Авторлар
- Ёлгин Юрий Андреевич
Дереккөздер
- Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.
Сипаттама
Арыстан баб кесене-мешітінің тарихнамалық дәстүрін революцияға дейінгі (И.Т. Пославский, А. Черкасов, И. Аристов, А. Кларе, А.А. Калинн, Ә.А. Диваев, К.Г. Залеман, И.А. Кастанье және т.б.), кеңестік (В.В. Бартольд, А.А. Семёнов, М.Е. Массон, В.В. Константинова, М.М. Меңдіқұлов, К.А. Ақышев, В.Л. Воронина, О. Досжанов, М. Сембин, Г.А. Исабаев, Б.Т. Тұяқбаева, Г.М. Камалова, Ю.А. Ёлгин, М.Б. Ходжаев (Қожа), Р.М. Мустафина, және т.б.) және посткеңестік (М.Б. Қожа, Ю.А. Ёлгин, А.К. Муминов, С.Ш. Акылбек, Н. Нұртазина және т.б.) деп кезеңдерге бөлуге болады. Арыстан бабтың агиографиясына шетелдік исламтанушылар белгілі бір дәрежеде үлес қосқан (М.Ф. Кёпрюлю, Дж. С. Тримингэм, Девин ДиУис және т.б.).
Арыстан баб ұзақ және күрделі даму сатысынан өткен. Оны мынадай түрде көрсетуге болады: XII ғ. салынған бірінші ғимарат қираған; XIV ғ. Әмір Темірдің бұйрығы бойынша тағы бір кесене салынады; 1860–1870 ж.ж. кесене толықтай қайта жаңартылады, бұл көрханның шығыс бөлігі; содан кейін 1909 ж. құрылысы қайта жүргізіледі. Бұл тізбектің тағы бір бөлігі – XVIII ғ. тән. Күрделі құрылысының соңғысы 1971 ж. жатады.
Ескерткіштің Отырар қаласына жақын болғандығы мен Қожа Ахмет Ясауидың ұстазы әрі рухани тәлімгері болған Арыстан бабтың (Арслан баб) әйгілілігінің арқасында көпшілікке мәлім болады. Арыстан баб кесенесіне алдымен келіп-кету – Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне мінәжат ету үшін (зийара) барудың міндетті кезеңдерінің бірі.
Арыстан баб культі бұл – Отырар- Түркістан тарихи-мәдени ауданындағы аңыздар мен хикаяларға бейімделген араб-түрік-ирандық мифологиялық көріністің жинақталуынан шыққан. Нәтижесінде Арыстан баб Оңтүстік Қазақстан қазақтарының арасында исламныңажырамас ұлттық кейіпкеріне айналған. Ескерткіштің киелі тарихы осы аңыздар мен хикаялардың негізінде қалыптасқан. Олардың бастауы – табиғат күштері (Арыстанды желі) мен су көздерінің ежелгі культі (Арыстан су, Арыстан арық атауларын алып жүрген жылғалар мен каналдар және т.б.). Культтің исламдануы Арыстан баб агиографиясын қалыптастыруға алып келеді. Ол өзіне құрандағы адита халқы туралы оңтүстік араб аңыздарының сипатын қамтыған, онда ол ұзын бойлы батыр (Арыстан баб құлпытасының ұзындығы 24 м) және жүздеген жыл өмір сүрген (А. Черкасов жазып алған аңыз бойынша, Арыстан баб 300, тіпті 600 жыл өмір сүрген, батыр болған, сондай-ақ бағбан және Пайғамбарға бау-бақша өсіруді үйреткен) деп айтылады.
Арыстан баб культінің одан әрі дамуы қайсаниттер имамының ұрпақтары Мұхаммед ибн әл-Ханафиге (700 ж. қайтыс болған) байланысты. Оның есіміне қайсанитік-шииттік баб («қақпа») лауазымы қосылады. X–XI ғ.ғ. хадистанушылар кезеңінде ол Мұхаммед Пайғамбардың 340 жастағы серігі – Әбу Жаффар Мұхаммад ибн Насур ар-Румиге айналады. Әбу Хафс ән-Насафидің (1142 ж. қайтыс болған) мәліметтері бойынша Фарабта ол тікелей Пайғамбардан 14 хадисті жіберген.
Арыстан баб культінің қалыптасуындағы сопылық кезеңінде ол Пайғамбардың басқа серігі – Салман әл- Фарсиге (637 ж. қайтыс болған) ауыстырылады. Ұзақ өмір сүруші Пайғамбардан аманат етіп алған мұрасын құрма (нахла, хурма) түрінде Әулие Қожа Ахмед Ясауиге рухани білімі мен алғысының белгісі ретінде береді. Ол – Түркістан қожалары шежіресінде оның аға замандасы, жақын туысы (әкесі жағынан ағайыны). Аңызда, сондай-ақ оның өмірі мен қызметі Фараб (Отырар) маңында өткендігі, ол жерде мубайидтердің рухани басшысы болғандығы баяндалады. Қожа Ахмет Ясауи 23 жасқа келген кезде, оның «Диуан-и Хикмет» көшірмесінің бірінде Арыстан баб қайтыс болып, Отырар төңірегіндегі Кабут-Йарик жерінде жерленеді.
Арыстан баб кесенесін көбіне кешен деп атайды, дегенмен архитектуралық тұрғыдан олай болып табылмайды. Оны кешен деп қызметтік тұрғысынан қарастыруға болады. Оның басты бөліктері – ғибадат ету салтымен және әулиеге арнап дұға жасаумен байланысты. Ғимарат (негізгі көлемі 35x12 м, биіктігі 12 м, алебастр ерітіндісімен қыш кірпіштен тұрғызылған) фасады бойынша созылып жатыр. Ол «шығыс– батыс» өс бойынша анфилада болып орналасқан, жоспары бойынша төртбұрышты келген екі бөлмелі қабірханадан (көрхана) тұрады. Оның біріншісіне Арыстан бабтың қалыптан тыс үлкен құлпытасы, екіншісіне – оның шәкірттері мен ізбасарлары Хермет Әзір, Қарға баб, Лашын бабтың кішігірім құлпытастары орналасқан. Екі бөлме де көлемі мен пішіні бойынша бірдей сфероконусты күмбезбен жабылған. Қабірхананың бастапқы есігі XIV–XV ғ.ғ. құрылыстардан сақталған, өрнектелген екі ағаш бағанадан тұратын айван түрінде безендірілген екен. Бұл ғимарат қирап кеткендіктен, 1860–1870 ж.ж. қайта салынған. Айванада тұрған ежелгі бағаналар (қазіргі уақытта Ғылым ордасы Археология музейінде сақталған) кесенеден 1909 ж. жалғастырыла салынған мешіттің ішіне кіргізіледі. Төртбұрышты жоспарда келген мешіт кең намаз оқу залы мен шығыс жағындағы есіктің екі жағындағы қызметтік бөлмелерден тұрады. Байланыстырушы бөлім рөлін сүйір келген күмбезбен жабылған биік ұзын дәліз атқарып тұр. Фасадында ол контрофорсты сүйір аркамен бөлінген. Порталды бөлме өзіндік вестибюль рөлін атқарады, одан қабірхана мен мешітке есік кетеді.
Мұнара-гүлдесте (гульдаста), солтүстігіндегі басты фасадты қапталдап тұрған мұнара дәстүрлі түрде осылай аталады.
Көрхананың бұрышындағы сол жақтағы мұнараның жоғарғы жағындағы бітеу фонары мақсатына сай ешқашан қызмет етпеген. Мешіттің бұрышындағы оң жақтағы мұнараның үстіне ағаштан жасалған баспалдақ алып барады. Оның ашық фонары мен шатырға шығар есігі бар.
Жоспар композициясынан үш негізгі өсі көрінеді: 1) күмбез тәрізді дәліз өсі; 2) оған перпендикуляр көрхананың бойлық өсі, ол дәлізді екіге бөледі; 3) мешіттің басты есігі өсі, ол дәлізден басталады, сондай-ақ оның өсіне перпендикуляр, бірақ оңтүстікке қарай көрхананың бойлық өсіне қатысты жылжиды.
Көрхана бөлмесінің төртбұрышты жоспарынан күмбез негізіне өтудің құрылымдық схемасы – аркалы желкеннің (тромптар) дәстүрлі ярусы аралық қалқанша желкенмен өткен. Көрхананың екі бөлмесінің қабырғаларына қисық құрылымдағы арка жасалынған. Жел- кендер аркасының жарты шеңберлі пішіні бар (орыс-еврей сәулет өнерінің әсері). 1971 ж. мешіт бұзылып, қайта салынады. Іргетасының периметрі бойынша қабырғалары қыш кірпіштен тұрғызылады. Сонымен бірге батыс қабырғасындағы михраб нишасының апсидальды шыққан бұрынғы қыры жарты дөңгеленген кескінге ие болады. Басты фасады бастапқыда құрылысқа қатыссыз қыш кірпіштен көтерілген. Мешіттің намаз оқу залы жоғары қарай жуандаған оймышты 6 ағаш бағанаға сүйенген ағаш арқалықтардың ортасына көтерілген тақтай күмбезбен жабылған.
Ескерткіш құрылысының аяқталу кезеңіндегі басты фасад 1860–1870 ж.ж. салынған көрхана мен 1909 ж. мешіт архитектуралық жағынан 1911 ж. біріктірілуі мүмкін. Ол өзінің фасад қабырғасынан, оны қапталдап тұрған мұнаралардан және көлденең жүргізілген фризден тұрады. Композициясының орталығы пішінінің қарапайымдылығы және өрнектік бөлшектерімен ерекшеленетін порталды есік болып табылады. Фасадтың симметриясын көрхананың үстіндегі екі күмбез бұзып тұр. Жалпы алғанда композициясы бірегей және мәнерлі. Сәулеттік шешімінде алуан түрлі көркемдік бірліктерді – мұсылмандық мұнарадан ежелгі орыстардың дулыға тәрізді кокошникке (бас киім) дейін пайдаланылған ордерлік архитектураның заңдарын шектемей еркін орындалған. Мәнерлілігін фасад композициясында олардың рөлінің мәнін осы элементтердің ретімен орналасуы қамтамасыз етеді. Басты фасадтағы ірі архитектуралық элементтер мен ұсақ сәндік бөлшектері құрылымдық кірпіш қалау техникасымен орындалған. Порталды арка басты фасадтағы сүйірлі дәліздің бүйір жақтарын жиектеп тұр. Оның үлкен үңірейген бөлігі бай кірпіштік өрнектерін жеңілдетсе, ал басты фасадтағы есік-терезе ойықтары қарапайым әрі елеусіз көрінеді. Аркасының архивольты (дәлірек айтқанда, оның жақтауы) қырынан қойылған үш кірпіштен қаланған тікбұрышты «қайрақ» түрінде безендірілген. Бұл «русттар» тігінен орналасқан. Олардың арасына шамамен екі кірпіштей өлшемде жасалынған саңылау жарық пен көлеңкені қосымша алмастырып тұр. Өзіндік өрнегі бар кіші мұнаралар арка табаны деңгейінде орналасқан. Олар арканың динамикалық ауыртпалығын былайша шектеп тұр. Жергілікті архитектуралық дәстүрдің рухында – жарты дөңгеленген күмбезбен аяқталған, өрнектелген шағын мұнара-гүлдестелер түрінде шешілген. Олардың жіңішке діңіне кішкентай үлгідегі кірпіштен қаланған енсіз терең емес нишалар жасалынған. Мұнараның бұғаттары да осындай кірпіштермен жасалған. «Сухарик» секілді бұғаттар мұнараларды қырлы негізінен бөліп тұр. Бұл ерекше «пинакльдер» арка бөлігін безендіріп тұрған бүйіртірекке (контрфорс) орнатылған. Бүйіртіректер – бұл көлденеңінен болатын кергіні өзіне алатын, салмақ түсетін қабырғаны күшейтуге тартылған тік қабырға. Олар жоғары қарай бірқалыпты қиғаштықта көтерілген. Бүйіртіректердің беткі жағы ортасында бедерлі дөңгелек гүлөрнегі бар тікбұрышты жалпақ тік нишалармен орындалған.
Қайта өрлеу туындысы ретінде (бастапқыда бұл шіркеудің фронтоны) есептелетін портал аркасының үстіне орнатылған мұның архитектуралық элементі бар. Ол порталдың хикметті және біртума сұлбасын қалыптастырса, тік сызықты көрінісі, биік күмбездері және мұнараларының қарапайым мәнерлігі оның елеусіз қалмауына мүмкіндік бермейді. Арка үстіндегі бұл сәнделген қабырғаның тегіс кірпіштік қаландысы ордерлік элементті қамтиды. Фронтонның ұшы үшбұрышты, жарты шеңберлі немесе садақша емес, дулыға секілді болып аяқталады. Бұл бөлшек «орыс» стилінен енген.
Фасады көлденең жасалған фриз бойынша бөлініп, фасад қабырғасының жоғарғы жағын тұтас жолақтап жиектеген. Ол өте қарапайым, бірақ мәнерлі элемент – филёнкадан тұрады. Олар қабырға бетінің қатынасы бойынша тереңдетілген бөлігіне көлденеңінен тікбұрыштар орналасқан түрінде және оның ішіне бұрыштары дөңгеленген бедерлі, көлемі бойынша кіші тікбұрыштар жайғасқан күйінде орындалған. Қабырғадан фриз кішкентай кірпіштер қаланған «сухарикті» бұғат арқылы бөлінеді.
1327 х.ж. (1909 ж.) мерзім мен «Ұста Қалмырза бен Мүсәпір Түркістани» қолтаңбасы көрсетілген құрылыс жазуы өрнекті картуштің бірінде сақталған.
Республикалық маңызы бар сәулет ескерткіші. 1982 ж. мемлекет қорғауына алынған. Зиярат ету және діни туризм нысаны. Келушілерді қабылдауға арналған әр түрлі қызмет түрлерін қамтыған, шамамен 17 га алаңда орналасқан діни-этнографиялық кешен болып табылады.
Деректер
Акылбек С.Ш. Мавзолей Арыстан-баб в свете новых данных // Известия НАН РК. Сер. обществ. наук. − 2009. – № 1. – С. 87–92.
Аш. М. Арслан-Баб // Ислам на территории бывшей Российской империи: Энциклопедический словарь. – М.: Восточная литер. РАН, 2001. – С. 40–41.
Байтанаев Б.А., Ёлгин Ю.А. Культовая архитектура Южного Казахстана: Архитектурно-археологические исследования памятников позднего ислама. – Алматы, 2013. – 302 с. Воронина В.Л. Колонны из Отрара // Древности Казахстана. – Алма-Ата: Наука, 1975. – С. 70–75.
Достанов О. «Әулиелі» дерлер туралы шындық. – Алматы: Қазақстан, 1967. – 80 б.
Ёлгин Ю.А. Об архитектуре мавзолея-мечети Арыстанбаб // Известия НАН РК. Сер. обществ. и гуманит. наук. – 2012. – № 3. – С. 147–162.
Исабаев Г.А. Трансформация «кирпичного» стиля и модерна в некоторых памятниках мемориально- культового зодчества Южного Казахстана // Известия АН КазССР. Сер. обществ. наук. – 1990. – № 4. – С. 40–45.
Камалова Г.М., Туякбаева Б.Т. Мавзолей Арыстан-баб // Свод памятников истории и культуры Казахстана. ‑ Алма-Ата: Гл. ред. «Казак энциклопедиясы», 1994. – Т. 1: ЮКО. – 368 с. ‑ С. 133.
Кастанье И.А. Древности Киргизской степи и Оренбургского края. – Оренбург: Т-во Каримов, Хусаинов и К, 1910. – 327 с. (ТОУАК, вып. XXII).
Кожа М.Б., Акымбек С.Ш. Мазолей-мечеть Арыстанбаба // Свод памятников истории и культуры Южно- Казахстанской области: Отрарский район. – Алматы: Баур, 2007. – 424 с. ‑ С. 319–323.
Қожаев М. Арыстанбаб және оның кесенесі. – Шымкент: Жібек жолы, 1996 – 49 б.
Константинова В.В. Некоторые архитектурные памятники по среднему течению реки Сыр-Дарьи // Известия АН КазССР. Сер. архитект. – 1950. – № 80. – Вып. 2. – С. 19–40.
Массон М.Е. Мавзолей Ходжа Ахмеда Ясави. − Ташкент: Типолит. № 2 Узполиграфтреста, 1930. – 22 с.
Мустафина Р.М. Представления, культы, обряды у казахов. – Алма-Ата: Казак университетi, 1992. – 176 с.
Пославский И.Т. Развалины города Отрара // ПТКЛА. – 1898. – [Вып.] III. – С. 236–238.
Сембин М. Арыстан бап // Білім және еңбек. – 1987. – № 2. – 41–43 б.
Тримингэм Дж.С. Суфийские ордены в исламе. – М.: Наука, ГРВЛ, 1989. – 326 с. Черкасов А. Поездка на развалины Отрара // ПТКЛА. – 1905. – [Вып.] VIII. – С. 71–72.