Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Осакаров ауданы
- Кезеңі
- 1699 б.з.д. – 1000 б.з.д.
- Санаты
- Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Қоныс
- Түрі
- Археология ескерткіштері
Сипаттама
Қарғалы өзенінің бұрынғы арнасының байырғы сатылық бедерінде, Есіл с. батыс-солтүстік-батысында 3 км, ЖЭС-тің солтүстік-солтүстік шығысында 2 км, Қарғалы өзенінен солтүстік-шығысқа қарай 1,5 км жерде орналасқан. Бүгінгі күні үдемелі түрде бүліншілікке ұшырауда. Қоныс диаметрі 6 м-ден 11 м-ге дейін бес тұрғын алаңынан тұрады, онда қазіргі уақытта жыл сайын жер жырту жұмыстары жүргізіледі және іс жүзінде жергілікті жер бедерлерімен кірігіп кеткен. Тұрақ орындары жыртылған жердің өзінде де жақсы көзге көрінетін дөңгелек дақтар түрінде беріледі. Қоныстың аумағы андроновтық керамика бұйымдарының қалдықтары мен жануарлардың шашылған сүйектеріне, оның ішінде күйдірілген сүйектеріне толы.
2017 жылы қоныс зерттелді. Материал керамикалық кешен түрінде алынды, ол өз кезегінде қола дәуіріндегі Нұра-Федоров және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің екі мәдени хронологиялық көкжиегіне жатады. Сондай-ақ, зерттеу барысында жануарлардың көптеген шашыраңқы сүйектері, тас пест, кремней жасалған жебенің ұшы, қола тесу және т.б. табылды [2].
Қонысты 2005 жылы ҚарМУ қызметкері И.А.Кукушкин ашқан.
Әдебиет:
- Кукушкин И.А., Тулеуов Т.С., Кукушкин А.И. Қарағанды облысы Осакаров ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды, 2013. – 136 б.
- Кукушкин А.И., Дмитриев Е.А., Шохатаев О.С. Елибаев Т.А. Результаты аварийных исследований на поселении бронзового века Литвинское I (Осакаровский район, Карагандинская область) // «Отандық тарихтың және археологияның өзекті мәселелері» атты академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультеті археология, этнология және отан тарихы кафедрасының профессоры, Орталық Қазақстанның алдыңғы қатарлы археологы Жауымбаев Сағындық Убайулының 70 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2017. — 54-56 бб.