Батпақ 7 тұрағы

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы
Кезеңі
600000 б.з.д. – 12000 б.з.д.
Санаты
Алдын-ала есепке алу тізімі
Түрі
Тұрақ
Түрі
Археология ескерткіштері

Сипаттама

Ежелгі тас ғасыры дәуірі – адам мен оның шаруашылығының қалыптасуымен, сонымен бірге өндіргіш күштер деңгейінің төмендігімен сипатталады. Бастапқы шаруашылық әрекеттері табиғаттың дайын өнімдерін пайдалану, жабайы дақылдарды, жеміс-жидектер жинау мен жабайы аңдарды аулаумен ғана шектеледі. Адамдардың қарым-қатынасы ұжым мүшелерінңң экономикалық тұрғыдағы теңдігі мен табиғи жыныстық, жас ерекшеліктеріне қарай құрылады [1, 44-45 б.].

Қазақстанның аумағында ежелгі палеолит дәуірінің көптеген ескерткіштері бой көтеген. Салыстырмалы түрде олардың біркелкі орналасуы Қазақстан аумағындағы аудандардың көпшілігінің – оңтүстіктегі Қаратау жоталарынан солтүстіктегі Есіл өзенінің жоғарғы ағысына дейін және батысындағы Сарысудың орта ағысынан шығыстағы Ертістің жоғарғы ағысына дейінгі жерлердің игерілгенін көрсетеді [1].

1985-1988 жылдары Целиноград археологиялық экспедициясы Қарағанды-Осакаров автожолының шығысында 1 км, Батпақ к. солтүстікке қарай 2,3 км, Батпақ өзенінің жоғарғы сол жақ жағалауы – Есіл өзенінің сол жақ саласы болып табылатын терең жыраның тік жарлы қабырғасының төменгі қалың қабаты – Батпақ 7 тұрағына ірі қазба жұмысын жүргізеді [2]. Тұрақтан жоғарғы-палеолит дәуірінің еңбек құралдары мен мамонттар фаунасы табылады. Мұнда ескерткіш үшін тиісті мәдени-хронологиялық ұстаным болып табылатын Батпақтың барлық кесінділерінің стратиграфиясы анықталады. Басқа палеолитті ескерткіштерден бір айырмашылығы жоғары палеолиттік пішіндегі тастан жасалған бұйымдар фауна қалдықтарымен бірге сол қалпында табылған. Төменгі қабатында төменгі плейстоценге жатуы тиісті ащель дәуірінің артефактілері кездескен (қол рубилосы, ірі дискі, жаңқалар).

Жоғарғы жағынан ортапалеолит кезеңінің тас индустриясының құралдары алынған, олар мустье 1 (типтік өткір леваллуа, ірі өңдегіш құралы мен клектонды қазбалар) және мустье 2 (алаңдық нуклеустер мен тасбақа пішіндес жаңқалар) болып бөлінеді. Жоғарғы қабатынан жоғары палеолиттің артефактілері мен ірі сүткоректі мамонттың, түкті мүйізтұмсықтың, солтүстік бұғысының және басқа да жоғары палеолиттік фаунасы кешенінің тіршілік иелерінің қалдықтары табылған [3].

Ескерткішті 1960 жылы М.Н. Клапчук ашқан.

Әдебиет:

  1. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К. Археология Казахстана. – Алматы, 2006. – 436 с.
  2. Кукушкин И.А., Тулеуов Т.С., Кукушкин А.И. Қарағанды облысы Осакаров ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды, 2013. – 136 б.
  3. Волошин В.С. Исследования в Батпаке (Центральный Казахстан) // Обозрение результатов полевых и лабораторных исследований археологов, этнографов и антропологов Сибири и Дальнего Востока в 1993 г. – Новосибирск, 1995. – С. 263-267.


Карта

Бөлісу