Озерное қонысы

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы
Кезеңі
1699 б.з.д. – 1000 б.з.д.
Санаты
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Түрі
Қоныс
Түрі
Археология ескерткіштері

Сипаттама

Есіл өзенінің тік жарлы оң жағалауында, Есіл с. (Литвинский) батысында 11 км, Озерное с. солтүстік-шығысында 3,5 км, Осакаров к. солтүстігіне қарай 15 км, тригопункттен оңтүстікке қарай 1,2 км жерде орналасқан.

Қоныстың тұрғын алаңының көлемі 160х40 м, Есіл өзенінің оң жақ байырғы сатылы бедерінде орналасқан, тұрғынжай орындары табылмаған. Мұндағы қазба жұмыстары нәтижесінде қола дәуірінің керамикалық бұйымдары мен саздан жасалған тас келсап табылған.

1981 жылы А.Ю.Чиндиннің басшылығымен ҚарМУ-дің археологиялық экспедициясының барлау отряды ашқан.

Озерное қонысы. Тас келсап.

Әдебиет:

Кукушкин И.А., Тулеуов Т.С., Кукушкин А.И. Қарағанды облысы Осакаров ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды, 2013. – 136 б.

Карта

Бөлісу