Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Осакаров ауданы
- Кезеңі
- 799 б.з.д. – 0
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Кукушкин Игорь Алексеевич
Сипаттама
Сабырқопа қорымы Садовое с. шығысына 19 км, Николаев к. оңтүстік- шығысқа қарай 6,8 км, Топан с. оңтүстікке 8,4 км, тоғаннан оңтүстік-шығысқа қарай 0,8 км жазық жерде орналасқан. Қорым «мұртты» қорған кешенінен және екі қорғаннан тұрады.
1. «Мұртты қорған» кешені – қорған диаметрі 10 м, биіктігі 0,3 м тастан үйілген. Қорғанның шығыс жағында тас қорғаншалармен аяқталатын доға тәрізді пішінде 2 тас қалама бар, «мұртының» ұзындығы 130 м..
2. Қорған – тастан үйілген, диаметрі 11 м, биіктігі 0,2 м.
3. Қорған – тастан үйілген, диаметрі 8 м, биіктігі 0,2 м.
2009 жылы ҚарМУ қызметкері И.А.Кукушкин ашқан.
Әдебиет:
Кукушкин И.А., Тулеуов Т.С., Кукушкин А.И. Қарағанды облысы Осакаров ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды, 2013. – 136 б.