Кенетай I қорымы

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы
Кезеңі
799 б.з.д. – 500
Санаты
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Түрі
Қорым
Түрі
Археология ескерткіштері

Сипаттама

Қорым Кенетай өзенінен солтүстікке қарай 0,5 км, Садовое с. солтүстік-шығысында 5 км, Сұңқар к. оңтүстік-батысына қарай 10 км тегіс жазықтықта орналасқан.

Қорым 4 қорғаннан (оның ішінде "мұрты" бар бір қорған кешені) және 3 тас қаламадан тұрады.

Қорған 1 – тастан үйілген, диаметрі 10 м, биіктігі 0,2 м. Оның шығыс бағытында екі доға тәріздес тас қалама диаметрі 5 м, биіктігі 0,1 м тас қорғандармен аяқталады. Тас «мұрттарының» ұзындығы 65 м, оңтүстік жағындағы тас қатары диаметрі 4 м тас қоршаулармен қоршалған (2 сурет).

Қорған-серік – диаметрі 5 м, биіктігі 0,1 м, бірінші қорғанның шығысына қарай 7 м. орналасқан.

Қорған 2 – бірінші қорғаннан солтүстікке қарай 45 м жерде орнаалсқан, диаметрі 4 м, биіктігі 0,1 м.

Қорған 3 – екінші қорғаннан 5 м солтүстікке қарай орналасқан. Диаметрі 5 м, биіктігі 0,2 м. Оның шығыс бағытында ұзындығы 125 м ірі тастар алшақ қойылған доға тәріздес жалғыз қалама орналасқан.

Ескерткішті 1978 жылы В.В.Евдокимовтің басшылығымен ҚарМУ-дің археологиялық экспедициясының барлау тобы ашқан.

Карта

Бөлісу