Сауысқандық петроглифтері

Ерте қола дәуірі ( б.з.д. XXIII ғ. бастап) – кейінгі орта ғасыр. Кешен Қызылорда облысы Шиелі ауданы Еңбекші ауылынан 50-60 км жерде, Үлкен Қаратау жотасының батыс сілемінде орналасқан. 2016 ж. Бүкіләлемдік мұралар тізіміне (Tentative List) енген.

2003–2004 ж.ж. Үлкен Қаратау жотасының солтүстік-батыс бөлігіндегі Бала Сауысқандық тауында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде С. Мургабаев Сауысқандық өзенінің жағалауынан көптеген петроглифтер шоғырын анықтайды. 2005– 2006 ж.ж. осы жаңалық туралы жарияланған қысқаша мәліметте мақала авторлары (Мургабаев С., Самашев З.) осы аймақта жартас суреттерінің бес ірі тобы анықталғаны жайлы хабарлайды. З. Самашев Сауысқандықты Қазақстан петроглифтерін зерттеу тарихындағы келешегі бар, қызықты нысан деп айтқан. 2007–2009 ж.ж. Сауыскандық петроглифтерін зерттеуге И.Н. Швец пен М.В. Бедельбаева қосылады. Олар 2-4 метрге жететін ірі өлшемдері мен басқа да белгілеріне қарай кейбір жекелеген ірі бейнелердің мерзімделуі тас дәуіріне (неолит–энеолит) дейін барады деген болжам жасайды. Мәселені шешуге жеткілікті негіз болғанына қарамастан, З. Самашевтің петроглифтердің көпшілік бөлігі шығысқа қарай қоныс аударған үнді-еуропа тілді тайпаларға қатысты деген пікірімен келіседі. Қалай болғанда да бұл мәселе қазірге пікірталас түрінде қалады және нақты ғылымдар дамуының жаңа кезеңінде зерттеулерді жалғастыруды қажет етеді.

Сауысқанды өзенінің оң жағалауындағы 7 км созылған бірнеше мың петроглифтердің (құжат дайындауда 7 топқа бөлінді) керемет туындылар екендігінде дау жоқ. Ауданы, саны және бейнелердің түрлері жағынан ең ірісі – ІІІ-топ. Петроглифтердің көпшілік бөлігіне бейнелердің натуралдық нақышы тән – бейнелер өмірден алынған және тануға болады. Антроморфты және зооморфты бейнелер негізінен сикретизм мен «жасанудан» қол үзген. Осыған ұқсас атрибуттар археологиялықматериалдармен сәйкес келеді. Бұлардан басқа шоқпар ұстағандар көп мөлшерде, «қолдарында дабылдатқыштары бар ғұрыптық би билегендер тобы» (?), жас босанған әйел, «қасиетті неке» көрінісі, арба мен күйме бейнелері тіркелді. Сауысқандық петрогифтерінің негізгі құрамы Қазақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Алтай және Сібір тасқа салған суреттерімен стилдік және иконографиялық және мерзімделу жағынан ұқсас.

Суреттердің негізгі бөлігін қола ғасыры бейнелері құрайды. Олар ыңғайлы, қатты тотыққан тас беттеріне қашалған және көп фигуралы композициялар жиі кездеседі. Құйрықты аң киімі мен ерекше баскиімдегі адам бейнесі кең тараған. Кең таралған жабайы бұқалар-турлар, екі немесе төрт дөңгелекті арбалар, үстінде киімі бар антропоморфты персонаждар б.з.д. ІІ мыңжылдықтың алғашқы жартысымен мерзімделеді. Сауысқандық петроглифтері сюжеттерінде Қаратау мен іргелес аудандарды мекендейтін жан-жануарлардың бейнелері басым. Ондағы тасқа салынған суреттердің арасынан антропоморфты бейнелерді, арбалар, аңшылық сюжеттерін, күнге байланысты таңбаларды, «күн басты» тіршілік иелерін, бұғы, жылқы және басқа да аң, құс бейнелерін кездестіруге болады.

Суреттердің ерекше бір тобын жалды жылқылардың бейнелері құрайды. Оларды стилдік жағынан сейминдік ескерткіштер тобымен ұқсастыруға болады. Кейінгі қоладәуірі, әсіресе ерте темір дәуіріне өтпелі кезеңде Қазақстан петрогифтерінде құс тұмсықты ерекше бұғылар бейнесі пайда болады. Ол өз кезегінде осындай бейнелеу дәстүрінің орталық-азиялық даладан батысқа қарай қоныс аударғанын куәландырады.

Сауысқандықта көне түркі дәуірінде, жаңа және осы заманда қашалған суреттер де кездеседі. Олар едәуір ерте дәуірге жататын петрогифтер топтарымен пара-пар осы керемет ескерткіштің мұралары құрамына кіреді.

Жартасқа салынған өнер туындыларының ірі ескерткіштеріне қатысты ғылыми еңбектерде оларды киелі орындар ретінде қарастыру басымдық алады. Яғни ашық аспан астындағы ғибадатхана, дұрысында бұл туралы мәселе біршама сақтықпен айтылады, өйткені мұндай тұжырым жазба деректер немесе куәгерлердің айтуы бойынша емес, басым жағдайда көп кездесетін бейнелердің интерпретциясы негізінде туындайды. Батыс әлемінің жағдайында бейнелерді және әулиелі, киелі орындарды қастерлеу дәстүрі орта ғасыр кезінде тоқтаған. Орталық Азия жағдайында жартастағы суреттерді, киелі орындарды қастерлеу дәстүрі осы күнге дейін жалғасып келеді. Жалпы сәулеткерлік құрылыстар пайда болғаннан бастап берілген параметрлер бойынша арнайы жобаланған құрылыстар киелі орын санала бастады. Дегенмен алғашқы туындыларды бағалау, оны культтік деп тану дәл осындай киелі нысандардан байқалады. Олай болса, Орталық Азияда көне ғибадатханаларды кие тұтыну дәстүрі осы күнге дейін жалғасып келеді.

Деректер

Мургабаев С. Каратаудын тастагы суреттері (Шиелі, Жанакорган аудандарынын материалдары бойынша) // К.А. Яссауи атындагы Халыкаралык казак-турік университетінін Хабаршысы. Когамдык гылымдар сериясы. – 2005. – № 5. – 120–126-бб.

Мургабаев С.С. Үлкен Қаратау жартас суреттеріндегі «ойсыл қара» стилі // «Қадырбаев оқулары-2010» II Халықаралық ғылыми конф. матер. – Ақтөбе, 2010. – 58–63-бб.

Мургабаев С.С. Проблемы хронологии и культурных связей петроглифов Каратау // Научное обозрение Саяно-Алтая. – Абакан: ХакНИИЯЛИ, 2013. – № 1 (5). – С. 52–65.

Мұрғабаев С.С. Үлкен Қаратау жартас суреттерін мерзімдеу мәселелері // Известия НАН РК. – 2011. – № 3 (282). – 26–36-бб.

Мургабаев С., Елеуов М., Самашев З. Петроглифы Большого Каратау // Вестник КазГУ. Сер. истор. – 2006. – № 3 (42). – С. 68–73.

Самашев З., Байтлеу Д.А., Кариев Е., Мургабаев С. Исследование археологического комплекса Баганалы в Шиелинском районе Кызылординской области // Археологические исследования степной Евразии: сб. научн. ст., посвящ. 70-летию В.В. Евдокимова. – Караганда: Изд-во Сарыаркинского университета, 2013. – С. 71–88.

Самашев З., Мургабаев С., Елеуов М. Петроглифы Сауыскандыка. – Астана: Филиал Института археологии им. А.Х. Маргулана, 2014. – 374 с.

Самашев З. Наскальные изображения Казахстана // Кадырбаевские чтения: матер. Междунар. научн. конф. – Актобе, 2007. – С. 165–168.

Самашев З. Петроглифы Казахстана. – Алматы: Өнер, 2006. – 200 с.

Швец И.Н., Самашев З., Мургабаев С., Бедельбаева М.В. Петроглифы местонахождения Саускандык: к проблеме культурных контактов древнего населения Евразии // VII Исторические чтения памяти М.П. Грязнова. – Омск: Изд-во ОмГУ, 2008. – С. 342–347.

Murgabaev S. Some Questions Regarding the Rock Art of Kazahstan // Nomads and Networks. The Ancient Art and Culture of Kazakhstan. – New York: Princeton University Press, 2012. – P. 63–75.

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Сауысқандық петроглифтері
Орналасқан жері Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
Мұраның авторлары
Мұраның дереккөздері Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.
Мұра түрі Археология ескерткіштері
Мұраның санаты Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Мұра типі Петроглиф