Қарасиыр жазығы

Қарасиыр жазығы

Қостанай облысы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қостанай облысы
Кезеңі
1701 – 1800
Түрі
Қорым
Түрі
Археология ескерткіштері

Дереккөздер

  • Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.

Сипаттама

ХVIII ғ. батырлар жерленген орын. Қостанай облысы Қамысты ауданының оңтүстігіндегі Құндызды-Талдыкөл мен Орқаш-Қарасу ауылы аралығында орналасып, Ақтөбе облысы шекарасына дейін созылып жатыр.

Бұл жер Отан тарихында «Ақтабан-шұбырынды» атты ұлы зұлмат жылдардағы оқиғалармен тығыз байланысты. Ел аузындағы тарихи әңгімелердің желісі бойынша, 1723 ж. жоңғарлардың шапқыншылығынан қашқан қазақтардың бір бөлігі Оңтүстік Орал аумағы мен қазіргі Торғай жерінің оңтүстік және солтүстік аймақтарына қоныстанады. Осы жерге жиналған көптеген қазақтар жаудың басқыншылық әрекеттеріне қарсы тойтарыс беруге шешім шығарады.

Ошақты тайпасының өкілдері Сауырық батыр мен жағалбайлы тайпасынан Тайлақ батыр халықты бірігуге, қолдарына қару алып жауда қалған ата-бабамыздың жерлерін азат ету үшін күреске шығуға шақырады. Екі жаужүрек батыр қол бастап, 50‑60 шақырымда жатқан жер – Қарасиыр жазығында жауға алғаш рет күйрете соққы береді. Бұл жоңғарларға қарсы соғыста жеткен жеңістердің алғашқысы еді.

Сауырық және Тайлақ батырлар сонымен қатар Бұланты өзені бойындағы және Аңырақай шайқасындағы тарихи оқиғаларға қатысады.

Қарасиыр жазығында ерлікпен қаза тапқан батырлар мен сұлтандар жерленген жер – Қаратөбе пантеоны болған деген аңыз бар. Сонау 1960–1970 ж.ж. Қаратөбе пантеоны басында көк тастан жасалған 50-ге жуық құлпытас бар еді. Бүгінде олардың бірі де сақталмаған.

Деректер

Лица Камыстинского района. URL: http://www.allib.org/ node/273

Орманов Қ. Ел мен жер және тұлғалар тарихы. – Алматы: Білім, 2014. – 368 с.

Фотогалерея

Бөлісу