Жабағы батыр кесенесі

Жабағы батыр кесенесі

Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы
Кезеңі
1722 – 1800
Түрі
Кесене
Түрі
Монументтік өнер құрылыстары

Дереккөздер

  • Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017. – 1-шығарылым. – 904 б.

Сипаттама

Ескерткіш Аят өзенінің жағасында, Журавлевка ауылының маңында орналасқан (Қостанай облысы, Таран ауданы).

Жабағы батыр аты аңызға айналған Қобыландының ұрпағы. 1722 ж. қалмақтармен шайқаста қаза табады. Батыр шежіресі Жолжақсының ағасы Жоланшыдан басталады. Халық арасында аты аңызға айналған батыр туралы аңыз әңгімелер бар. Солардың бірі, қалмақтың үлкен әскерінің ойсырай жеңіліс табуы дәл Жабағы ауылы маңында болады. Саны көп жаумен айқаса жүрсе де, қарусыз Жабағы батыр жауын жеңіліске ұшыратады. Астындағы аты өліп, жаяу жүріп күрескенмен батыр ақыр соңында ауыр жарақат алады. Жарақатының жазылмайтынын білген батыр, қасына жауынгерлерін шақырып: «Жаудың мүрделері борсып, жерімізді уламас үшін, терең ор қазып, оларды сол жерге көміңдер. Мен өлгеннен кейін, осы ордың үстіне үлкен тастардан қорған тұрғызып, оның үстіне мені жерлеңдер. Өлгенде де жауларымның кеудесінен басып жатайын», – деп аманат айтып кеткен екен. Жабағы батыр аманаты орындалып, шынымен де көлемі жағынан үлкен қорған тұрғызылады. Алтайдан Ембі жеріне дейінгі далалы аймақта мұндай қорғандар көптеп кездеседі. Батыр бейіті күзет мұнарасына ұқсайды. Қазір бабамыздың зиратын Аят өзенінің бойында орналасқан қырдан табуға болады.

Аят өзені бойында орналасқан Жабағы батыр бейіті қасиетті жер болып есептеледі. Жабағы батыр бейітіне жақын жерде, жыраның жанында емдік қасиеті бар бұлақ ағып жатыр. Осы жерге зиярат етушілер келіп, батырдың аруағына арнап құран оқып, бұлақ суынан ем алып қайтады. Сол кісінің басына дұға қылмай өткен жолаушылардың жолы болмайды деген түсінік қалыптасқан. 2002 ж. батыр ұрпақтары Жабағы батыр рухына арнап ескерткіш белгі қойған.

Деректер

Байменова Б.Ж., Киселевич Е.А. Жабагы батыр – историческая личность Тарановского района // Вестник КГПИ. – 2015. – № 3. – С. 41–46.

Наурызбаев Қ. Обада Жабагы батыра, погибшая Калмыкия // Алаш айнасы, 2010, 20 ноября, № 202 (428).

Карта

Фотогалерея

Бөлісу