Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Осакаров ауданы
- Кезеңі
- 1699 б.з.д. – 1000 б.з.д.
- Санаты
- Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Қоныс
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Евдокимов Валерий Валентинович
Сипаттама
Андронов кезеңінің қола дәуірі өзендердің тік жарлы жағалауларының бедерлі алқаптарында және қос су ағысының қосылған жерінде пайда болған сүйір бұрышты алаңдарда орналасқан қоныстармен беріледі. Тұрғынжайлық бұйымдар сирек ұшырасады. Тұрғынжай құрылыстарының планиграфиясын бұзылған Есіл қонысы бойынша анықтауға мүмкіндік туады, мұндағы егістік жерде топырағының өте күңгірттігімен ерекшеленген дөңгелектеніп келген бес тұрғынжай орындары анық көзге көрінеді. Стратиграфикалық бақылау негізінен су шайған жағалаулардың қималарында жүргізіледі.
Ал барынша нақты мәліметтер қосқабатты Кенетай қонысын зерттеу барысында алынады, мұнда андроновтық төменгі мәдени қабатын кейінгі кезеңдегі тұрғынжайлардың екі қазаншұңқыры кесіп өтеді.
1978 жылы В.В.Евдокимовтың басшылығымен ҚарМУ археологиялық экспедициясының отряды Кенетай қонысына археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Аталған қоныс Кенетай өзенінің оң жағалауында Садовое елді мекенінен солтүстік-шығысқа қарай 200 м, Кенетай өзенінің көпірнің солтүстік-шығысында 130 м жерде орналасқан. 1978-1979 жылдары қосқабатты қоныста екі тұрғынжай зерттеледі. Төменгі мәдени қабатта сүйектен, тастан және қоладан жасалған бұйымдар табылады. Сүйектен жасалған түймелер, тас келсап, тастан қырланып өңделген шоқпар, сүйектен жасалған кермелер, кенқырнағыш, қоладан қапталған қола жебе ұштары табылады. Керамикалық бұйымдардан нұра-федоров мәдениетіне сәйкес геометриялық ою-өрнектер салынған ыдыстар көпте кездеседі.
Бұзылмаған күйінде сақталған андроновтық тұрғынжай алаңдарында қазаншұңқырлар бұрыштары мен тікбұрышты пішінді құрылыс қалдықтары табылады.
Әдебиеттер:
- Евдокимов В.В. Поселение эпохи бронзы Усть-Кенетай // Вопросы археологии и этнографии Центрального Казахстана: сборник научных трудов – Караганда, 1982. – С. 3-20.
- Кукушкин И.А., Тулеуов Т.С., Кукушкин А.И. Қарағанды облысы Осакаров ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды, 2013. – 136 б.