Аққошқар 6 қорымы

Аққошқар 6 қорымы

Қарағанды облысы, Нұра ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Нұра ауданы
Кезеңі
799 б.з.д. – 299 б.з.д.
Санаты
Алдын-ала есепке алу тізімі
Түрі
Қорым
Түрі
Археология ескерткіштері
Қорғау аймағы

Сипаттама

Аққошқар өзенінен оңтүстік-шығысқа қарай 3,3 км, Қыпшақ көлінен оңтүстікке қарай 8,5 км жерде, Қарақойын қыстағынан солтүстік-шығысқа қарай 3,3 км жерде, қырат басында орналасқан.

Қорым 2 тасты қорғаннан тұрады. Қорған 1 биіктігі 1,5 м, диаметрі 14 м. Қорған үйіндісінің ортасының солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс бөлігі шамалы ішіне қарай түскен. Қорған 2 биіктігі 1м, диаметрі 12 м. Төбесінде оба бар.

Ескерткішті 2009 жылы И.А. Кукушкиннің басшылығымен ҚарМУ жанындағы Сарыарқа археологиялық институтының іздестіру жасағы ашты.

Әдебиет:

Кукушкин И.А. , Шашенов Д.Т., Кукушкин А.И., Елибаев Т.А., Дмитриев Е.А. – Қарағанды облысы Нұра ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды / 2016. – 140 б.


Карта

Фотогалерея

Бөлісу