
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Нұра ауданы
- Кезеңі
- 799 б.з.д. – 299 б.з.д.
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Қорғау аймағы
- ✓
- Авторлар
- Кукушкин Игорь Алексеевич
Сипаттама
Шайылған тоғаннан оңтүстікке қарай 60 м, Қыпшақ көлінен оңтүстік-батысқа қарай 12 км, Қарақойын қыстағынан солтүстік-батысқа қарай 14 км жерде, шоқының төбесінде орналасқан. Қорым тас үйіндісі бар 3 қорғаннан тұрады. Қорған 1 диаметрі 10 м, биіктігі 0,5 м,төбесінде оба салынған. Қорған 2 диаметрі 8 м, биіктігі 0,3 м. Қорған 3 диаметрі 5 м, биіктігі 0,2 м.
Ескерткішті 2010 жылы И.А. Кукушкиннің басшылығымен ҚарМУ жанындағы Сарыарқа археологиялық институтының іздестіру жасағы ашты.
Әдебиет:
Кукушкин И.А. , Шашенов Д.Т., Кукушкин А.И., Елибаев Т.А., Дмитриев Е.А. – Қарағанды облысы Нұра ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды / 2016. – 140 б.