Солтүстік Балқаш маңын зерттеу жұмыстарында көп жылдар бойы еңбек еткен А.Г. Медоев. Бұл аудан солтүстікте – Сары-Арқа Бас су бөлінісінен, батыста Мойынты өзенінің өңірін, шығысында – Аягөз өзенінің өңірін, оңтүстікте Балқаш көліне дейінгі жерлерді алып жатыр. Зерттеу жұмыстары барысында мəдениеттің бастапқы көптеген түрлері ашылды, бұл геологтар мен палеолиттанушы топтар бірлестігі нəтижесінде қол жеткізген жеңіс. Тарих ғылымдарының профессоры П.И. Борисковтың пікірінше Солтүстік Балқаш аймағында табылған заттар археология саласында баға жетпес бұйымдар. Екінші зерттеу кезеңі 1961 жылдың шілде-қыркүйек айларында Солтүстік Балқаш, Солтүстік- Батыс Балқаш маңында жəне Шыңғыс тау жоталарында зерттеу жүргізді. Басты жұмыс Солтүстік Балқаштың орталық бөлігінде жүргізілді.
Дереккөздер
- Уразбаева М.С. Солтүстік Балқаш маңындағы ежелгі тас дәуірінің зерттелуі // Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ Археология жəне этнология кафедрасының 40 жылдығына арналған «ІІІ Оразбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция материалдарының жинағы. Жинаққа Қазақстан археологиясы мен этнологиясының бүгінгі күнгі өзекті мəселелеріне арналған зерттеулер енген. Материалдар жинағы археологтарға, этнологтарға, тарихшыларға жəне қалың көпшілікке арналған / Жауапты ред. Ə.Т.Төлеубаев. – Алматы: Қазақ университеті, 2011. – 343 б.


