Шу өңірінің 1938-1940 ж. зерттелуі

А.Н. Бернштам басқарған Жетісу археологиялық экспедициясының 1938-1940 жылдары аралығында жүргізілген зерттеу жұмыстарының негізгі нысаны Шу өңірінің көне ескерткіштерінің тарихи – топографиясын зерттеу және елді-мекендерге қазба жұмыстарын жүргізу болды. Ғылыми зерттеу нәтижесінде Кіші Ақбешім, Үлкен Ақбешім, Бурана және Қызыл қала (Красная Речка) қалаларының тарихи-топографиялық құрылымы анықталды. Экспедиция құрамы 1939 ж. Шу өңірін Кіші және Үлкен Кемин аумағына дейін зерттеді. 1940 ж. жүргізілген жұмыстың екінші жартысы 1939 ж. Сарыға қаласына жүргізілген І, IV, V қазбалары жалғастырылып, жаңа қазбалар басталды. Қазба жұмыстарының нәтижесінде түрік қағанаты кезеңінің мәдени қабаты, сонымен қатар, қарлұқ (VІІІ-Х ғғ.) және қарахан (Х-ХІІ ғғ.) кезеңдерінің де мәдени қабаты анықталған. Ақбешім қаласындағы қидан ауданы аталған аумаққа қазба жұмыстары жүргізілді және буддалық монастырь (ХІ-ХІІ ғғ.) мен часовня (ХІ-ХІІ ғғ.) қазып көрсетілген мерзімдермен кезеңдесе, кейінгі еңбектерінде ІХ ғ.мерзімдеген. Осы жылы атқарылған істердің бірі – Қысымшы қаласының шахристан бөлігіне екі кесік салынды. Қазба барысында алынған мәліметтер (түргеш кезеңінің тиындары) бойынша VІІІ ғ. дейін өмір сүргені туралы болжам жасалды.

Бөлісу

Дереккөздер

  • Бернштам А.Н. Шу өңірінің 1938-1940ж. зерттелуі // Отандық археология жəне этнология: зерттеулер, жаңалықтар, талдаулар» атты «V Оразбаев оқулары» республикалық ғылыми-тəжірибелік конференция материалдары. 26-27 сəуір 2013 ж. / құраст.: А.Б. Қалыш, Р.С. Жуматаев, М. Шагирбаев: жауапты ред. А.Б. Қалыш. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 526 б.
Авторлар:Бернштам Александр Натанович

Экспедиция