Қарабас ескерткішінде 2014 жылы мамыр айында экспедиция отряды тұрақты жұмыс жасады. Археологиялық қазба жұмысымен бірге ескерткіштің топографиялық түсірілімі жасалынып, бекініске қызмет жасап тұрған бірнеше үйлердің орны анықталды. Қазба оңтүстік-батыс бұрышындағы құрылысқа көлемі 10х8 м етіп салынды. Бекіністің жоспары төртбұрышты, шығыс қабырғасының ұзындығы 130 м, батысы 105 м,солтүстігі мен оңтүстігі 40 м тең. Қабырғасының қалыңдығы 2-2,5 м, биіктігі 1,5-2 м. Жеті бекіністі мұнаралары сақталған.
Бөлменің ішкі бөлігінде 30-40 см тереңдегеннен кейін бірнеше жерлеу шұңқырларының іздері анықталды. Мəйіттердің жерлеу бағыты оңтүстік-батысқа, яғни құбылаға қаратылған. Мұсылманша жерленген мəйіттер шамамен XVIII ғасырдың аяғы мен XIX мерзімделеді. Мерзімдері б.з.д. ІІІ-ІІ ғғ. Қарабас қала бекінісінен табылған заттар бойынша (керамика, темір жебе ұшы,алтын жапсырма) шамамен б.з.д. ІV-ІІ ғғ. мерзімдеуге болады.
Дереккөздер
- Құрманқұлов Ж.К., Тəжекеев Ə.Ə., Утубаев Ж.Р. Қарабас қала-бекінісіндегі 2014 жылғы археологиялық қазба жұмыстары // «Кадырбаевские чтения -2014». Материалы IV Международной научной конференции. – Астана «Мега принт»; 2014. - 456 с.


