Палеолиттік Майбұлақ түрағы туралы жаңа мәліметтер

Палеолиттік Майбұлақ түрағы туралы жаңа мәліметтер

2009 жылдың мамыр айында, Қазақстанның тас ғасыры ескерткілггерін зерттеу эксиедициясы Алматы облысының Үйғыр, Райымбек аудандарындағы палеолит және неолит кезеңдерінің ескерткііитеріне барлау, зерттеу жумыстарын жүргізді. Алайда, барлау жұмыстары эзірге ешқандай оң нэтижелер көрсетпеді, атап өтуге тұрарлықтары голоцен кезеңінің жекелей орналасқан тұрақтары ғана.

Сонымен қатар, тас ғасыры ескерткіштерін табу барысында Алматы облысының Райымбек, Ұйғыр, Талғар жэне Жамбыл аудандарында барлау жұмы стары жүргізілді. Тас ғасырының жоғарғы қабаты тас құралдары табылған тас ғасыры кезеңінің жаңа орындары ашылды. Құралдар арасында пластиналар, қырғыштар, өндіріс қалдықтары басым болып келеді. Үңгіртас үңгірінде жэне жақын маңындағы аудандарда жүргізілген барлау жүмыстары да ешқандай нэтижелер көрсетпеді.

Негізгі жұмыстар Жетісу жерінде алғаш табылған кейінгі палеолиттік Майбұлақ тұрағында жүргізілді.

Майбүлақ тұрағы Алматы облысында, Алматыдан батысқа қарай 44 шақырым жерде, Қарғалы ауылының оңтүстік - батысында, Іле Алатауының солтүсгік қыратында, Майбұлақ озенінің оң жағалауында, осы езенмен аттас шатқалдың кіре берісінде орналасқан.

Қазіргі уақытта Майбұлақ тұрағы жеке адамдардың құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде бұзылған. Ескерткіштің оңтүстігіндегі жар бөлігі ғана сақталған. Өткен жылдардағы зерттеу жұмыстары кезінде тұрақ орнында қосымша геоморфологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Өзінің техникалық қасиеттілігінің томендігіне қарамастан, Майбұлақ өзеніндегі порфириті шикі затпен жұмыс істеу жұмыстарының көптігі оларды үқыпсыз жэне шамадан тыс қолданғанын көрсетеді. Алдында жасалған тұрақты зерттеу жүмыстарына сүйене келе, біз адамдардың мустье дэуірінің соцы, жоғарғы палеолиттің басында тұрақтанған деген болжам келтіре аламыз. Сграі играфиялық нақтыланған тұрақ шым қабаты (0.25м), гумысталған құм жэне сары балшықтан тұратын қабат (0.25-0.6м), ашық -сары құм мсн сары балшықтан тұратын тез ажырайтын құрылымы бар қабат (О.б-2.5м), кей жерлерінің құрылымы тығыз ашық -сары құм мен сары балшық қабатынан карбанатты тұзы бар қабаттардан (2.5-8.15м) тұрады. Зерттеулер нэтижесінде 3 мэдени қабат анықталды.

Алынған I мәдени қабат олжасы (0.7-2.1м) 76 данадан тұрады. Қабат голоцен уақытымен мерзімделеді.

II мэдени қабат (3.5-4.8м) қолданылмаған палеолит дэуіріндегі мэдени қабат болған. Мұнда көптеген жұмыс алаңдарында таспен қаланған ошақ ориы табылды. Барлығы 930 дана тас құралдар жиналған. III мэдени қабат 5,2 м басталып 6,6 м дейінгі аралыққа жетеді. Қабат бұйымдарының коллекциясы 1029 данадан тұрады. Бұл қабатта 16 ошақ іздері мен таспен қоршалған 2 үлкен ошақ, сонымен қатар белгісіз жануардың жілік сүйектері табылған. Шикізат материалына Майбұлақ өзенінің бойынан алынған (барлық бұйымдардың 82%) қара-қоңыр, кара, сұр жэне қызыл түсті порфириттер, сонымен қатар басқа жерлерден экелінуі мүмкін жасыл, қара және қызыл кремень жыныстары (18%) қолданылған.

Майбұлақ гұрағының индустриясы техникалық мінездемесінің төмендегідей ерекшеліктері бар. Өзек тасты алғашқы жаңқалауда леваллуа техникасының ерекше орын алғаны байқалады. Мұнда дайындамалар, пішін, сонымен қатар гыңғылықты өңделген ядрища мен соғу алаңы дайындауда ұқсас стратегиясымен анықталған жаңқаларға бірнеше аршылған леваллуалдық өзектастар бар. Екі өзектаста протопризмалық өңдеуге өту белгілері бар ерекшеліктер байқалады. Тұрақгағы индустрия ішінде ерекше орынды иризмалық техника алады (7 дана нуклеус, 3 дана пренуклеус). Бұл топтың нуклеустары көптеген топтарға бөлінеді. Үлкен пластиналарға арналған макронуклеустар, орта өлшемдегі пластиналарға арналған аса үлкен емес призмалық нуклеустар, микропластиналарға арналған призмалық өзектастар. Артефактілердің басым бөлігі жаңқалар, техникалык қалдықтар, сынықтар, сындырындылардан тұрады. Қүралдардың ішінде ертепалеолит түріндегі бұйымдар аз мөлшерде кездеседі. Қолда бар даналар типологиялық тұрғыда мустьер дәуіріне жатып, сериялық нақты жүйе құрамай, ертепалеолиттік кезецнің төменгі бөлігінен шықпай, табылған барлық коллекциялардың бөлігі болып саналады. Мұнда жаңқалар мен пластиналардағы жаңқалар (4 дана), біржақты қырғыштар, пышақ кіреді. Шығыңқы қүралдардың призмалық пластиналарда дайындалған ұштықтар. Морфологиялық тұрғыда эр алуан топ болып қырғыштар құрайды, басқа топ ішіндегі периметрі бойынша ретуші бар соңғы, домалақталған лезвиясы бар, екіжақты қырғыштар бар. Майбұлақ индустриясында кескіштер (жаңағы кескіштер) көп. Тұрақ мекендеушілерінде тас бүйымдарды бифасты өңдеу кең тарамаған. III мэдени горизонтта жаңағы нуклеустарды микропластиналық техникасымен оңдеу байқалады. Микропластиналарды қыстырғыш ретінде қолдану тіркелмеген. Дайындамалар ең эуелі қырлары желінген микроүшкір жэне микротескіштерді алуға пайдаланылған. Аңғардағы шикізат көзі адамды қызықтырған себепті, біз Қастек сайында барлау жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Бұл жердей ертеректе жер бетінде жагқан тас қүралдар орта жэне ұсақ өлшемдегі жартылай бірінші жэне екінші өндірістік сынықгар мен қалдықтар кездескен тас дәуірінің Қастек табылым орны анықталған болатын. Нуклеус тэріздес сынықтар - 20 дана. Олардың йнінде желвактың қабығы барлар да кездеседі. Сынықтар жартылай бірінші жэне екінші үлкен жэне кіші артефактылармен бейнеленеді. Алғашқы жаңқалардың қалдықтарын сараптай келе ескеретін бір жайт, сынықтардың басым бөлігі жаңқалар мен техникалық сынықтар, қирандылардың қалдықтары көп кездеседі. Бірнеше дана пластиналар бар. Жаңқалау техникалық призма түріндегі пластина алу үрдісі кең қолданылмаған. Алдын ала болжам бойынша, тас құралдар типология негізінде кейінгі палеолиттің соңғы кезіне жатады. Төмендегідей алдын ала қорытындылар бойынша, Майбұлақ, Қастек тұрақтарының индустриясын зерттеу, бұл ескерткіштер Сібір, Алтай, Орта Азиядағы кейінгі палеолиттік ескерткіштермен ұқсастығы байқалады.

Биылғы жылғы жұмыстар мақсатына нысанды кұландылардан тазарту, сонымен катар абсолюттік мерзімдеуін нақтылауға арналған жаңа ақпарат алу үшіп тың қазба салу кірді. Қазба нысанның орта тұсына салынды. Көлемі 20 ніаршы метрден астам аумақты қамтыды. Ең терең тұсы 8 м жетті. Шығыс қабырғасы кесіндісінің стратиграфиясы - ақшыл-сары саздақ, кей жерлерде корбанатты қабаты бар тығыздау келген ақшыл-сары саздақ.

Батыс бөлігінің жоғарғы тұстары құрылыс жұмыстарының эсерімен бұзылғанмен, бұл жерден 3 мэдени қабат анықталды.

1 мэдени қабаттың 37 бұйымнан тұратын тас құралдар коллекциясы табылды. Коллекция құрамында- микро пластиналарға арналған призма тэріздес жэне призмалық нуклеустар, жаңқалар, пластиналар, нуклеус тэріздес сынықтар, қырғыштар жэне микропластиналар. Горизонт төңірегінде кей жерлерінен көмір қалдықтары табылды.

2 мэдени горизонт коллекциялары қозғалмаған күйде табылып, 41 дана құрайды. Леваллуа қүралдардан көптеген қырғыштар - кейінгі, бүйірлі, дөңгеленген, қырлы, тісті жэне ойылған құралдар, өңделген пластиналар, шойбалғалар бөлініп алынған. Берілген горизонттағы жасалған заттардың жасалу ерекшелігі 3,5 - 3,7 м.м. тереңдіктегі ошақтар мен ошақ орындары.

3 мэдени горизонттың (109 дана) артефактілер арасында - леваллуалық көп бөлікті нуклеустар, пластиналар бар. Құралдар жиынтығына қырғыштар, малта тастардан жэне бифастардан жасалған заттар, пластиналар, өңделген жаңқалар кіреді. Горизонттың негізігі айырмашылығы - сүйектердің айналасында тастан жасалған өнімдердін, табылуы мен сонымен қатар өңделмеген порфириттік тастар мен ірі ойылған малта тастардың шығуы.

ІИикізат материалдары артефактілерді дайындауда негізгі жоғары сапалылығымен ерекшеленеді. Бұл порфириттер қою қоңыр, қара, сүр, жасыл жэне қызыл түсті Майбүлак өзенінің арнасынан табылған, сонымен бірге басқа жерлердегі түрақтардан да жасыл, қызыл, жоғары сапалы қара шақпақ тасты өңдеуден өткізгені байқалды. Алғашқы жартастардан көп мөлшерде пластиналар, нуклеустер, шойбалғалар табылып, олардың барлығынан тұрақтың маңайында алғашқы жэне екінші құралдардың тесіліп жасалуын аңғаруға болады.

Құнарлы мэдени қабаттарға, сонымен қатар, сүйектер мен шеберханалар тұрақтың алғашқы адамдарға көптеген уақыт қызмет еткенін көрсетеді.

Ертеректе алынған, алғаш рет Жетісу палеолит! үшін, Майбүлақ тұрағы бойынша абсолютті дата сериялары: 34970+665 жас, (төменгі дата) жэне 24330+190 жас (жоғарғы дата), бұл болашақта тек Қастек шатқалының артефактарының мэдени-тарихи сэйкестігін емес, бұған коса бүкіл Жетісу өңірін анықтауға көмектеседі.

Майбұлақ тұрағы, Жетісу өңіріндегі тас дэуірінің жалғыз стратифицирленген ескерткіші болып табылады, жэне оның материалдары Қазақстанның Ежелгі тарихының қорына айтарлықтай үлес қосады.

 


Бөлісу

Дереккөздер

  • Мемлекеттік «Мәдени мүра» багдарламасы бойынша 2009 жылғы Археологиялық зерттеулер жайлы есеп . - Алматы, 2009. Казақ және орыс тілдерінде.
Авторлар:Таймагамбетов Жакен Кожахметович

Экспедиция